Қыр 27, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 42

Бүгін имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның ерекшеліктерін Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеидің сөздері негізінде таныстырамыз.

 

Иран Ислам революциясының  жетекшісі аятолла Хаменеи Алла елшісінің пәк ұрпағының бірі имам Мұса Джафар (ғ.с.) туралы: «Хиджри жыл санағы бойынша 148-183 ж.ж аралығында, яғни хазірет Аби әл-Хасан Мұса бен Джафардың 35 жылдық имаматы кезеңі пәк имамның өмірбаянының ең маңызды кезеңі болды. 35 жылдық күрес, абақтыға қамалу, сан рет қудалану, қауіп-қатерлі ортада өмір сүру, қиындықпен көптеген дос жинау, басшылардың илаһи ахкамға қысым көрсетуі мұның барлығы Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның өміріндегі маңызды ерекшеліктеріне жатады»,- деді.Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, имам Саджад (ғ.с.)-ның кезеңінен кейін имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның    кезеңі ең қиын уақыт болды. Діни жетекші имам Казем (ғ.с.)-ның кезеңінде Бани Аббасидің  Мансур, Харун, Маһди және Хади халифалары билік басында болды. Жаңа жеңістердің арқасында исламдық жерлер кеңейіп, соғыстан түскен мүліктер Аббаси үкіметін күшейтті. Басқа жақтан кейбір наным-сенімдер мен ой-пікірлер кеңінен таралып, басқалар керісінше жойылып, халық қайшылықтардан шаршаған болатын. Наным-сенімдердің қайшылықтары халықтың исламдық және саяси қырағылығына теріс әсерін тигізді. Билік басындағылар мұндай кеңістікті пайдаланып, биліктерін күшейтті. Имам Казем (ғ.с.)-ның кезіндегі исламдық қоғамның ластығы исламдық негіздерді таратушылардың өмірін қиындатты. Аятолла Хаменеи: «Сол кезеңде өлең мен өнер, фикх пен хадис, тіпті сопылар билік басында қызметте болып, олар тек алтын мен билікті ғана қабылдайтын. Бұл кезде халифат органдарына қарсы шынайы қоқан-лоққы болмады. Пайғамбар әулетінің шақыруы олар үшін маңызды емес еді. Бұл кезеңде пайғамбар әулетінің күресі мен ой-пікірлерін тек имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-сынды тұлғалардың талпыныстары сақтап жалғастырды. Имам Казем (ғ.с.) өмір сүрген кезеңде Аббаси халифаларының саясаты пайғамбар әулетінің жақтастарын азаптап, өлтіру болды. Аббаси әулетінің Мансур халифасы Бани Хашем әулетінің көбін, тіпті өз жақындарын  өлтіріп, мәйіттерін белгісіз жерде қалдырған. Бұл мекен Мансур өлгеннен кейін табылды. Аятолла Хаменеи бұл кезең мен имам Қазем (ғ.с.)-ның зұлымдық таралған жағдайда имаматқа ие болғаны туралы: «Мұса бен Джафардың халифаты бір жігіт имам Садық (ғ.с.) дүниеден озғаннан кейін кімнен жол сұрауға болатынын түсінгісі келіп, имам Казем (ғ.с.) тапқан кезде Мұса бен Джафар егер, мені көріп, сөйлесіп, менімен қарым-қатынас орнатқаныңды білсе, сені өлтіреді, сондықтан абай бол деп ескерткен жағдайда өтті»,- деді. Алла елшісінің ұрпағынан шыққан имамдар исламды қорғау саласында үлкен жұмыстар іске асырғанымен, пәк имамдар, соның ішінде имам Казем (ғ.с.)-ның кезеңі туралы қалыптасқан тарихтың жоқтығы өкінішті мәселе. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Мұса Казем (ғ.с.)-ның 35 жылдық имаматы кезіндегі өмірі туралы мәліметтер ешкімнің ықтиярында жоқ. Тек бөлек-бөлек үзінділер кездеседі. Алайда олардан да көп нәрсені түсінуге болады. Олардың бірі имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның 35 жылдық имаматы кезеңінде билік басында төрт халифа болған. Бұл төрт халифаның әрбіреуі имамға қысым көрсетіп, сан рет қудалап, абақтыға қамаған»,- деп өкініш білдірді.  Ислам революциясының жетекшісі имам Мұса (ғ.с.)-ның Аббаси халифаларының әртүрлі қудалауларын хазіретке көрсетілген саяси қысым деп санап, әртүрлі қысымдар мен бақылауларға қарамастан, халықты Исламның негіздері және ой-пікірлерімен таныстырып, дұрыс жолға нұсқады. Харун әр-Рашидтің үкіметі исламдық қоғамды  билеп, ешбір кедергімен кезікпегенімен, имам Мұса бен Джафардың (ғ.с.)-ның халықтың арасындағы әсерінің таралуын Харун өзі үшін қатер деп сезді. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Харун саясаткер басшы болды. Ол  Мединеге барып, баршаның ауызынан түспейтін имам Казем (ғ.с.)-ды жақыннан көріп, оның достарының кім екенін білу үшін қажылықты сылтауратып, Меккеге барады. Ол имамнан қорқу керек пе, әлде қорықпау керек пе және қандай адам екенін білгісі келді. Харун имаммен бірнеше рет кездесіп, оған қарсы және күрескер адамды оқшаулауға қажет барлық нәрсені іске асырды. Яғни, қорқыту мен алдау жолдарын қолданғанымен  нәтижеге жетпеді»,- деді. Аятолла Хаменеи пәк имамдардың олардың ішінде имам Казем (ғ.с.)-ның өмірін зерттеп, имам Мұса бен Джафардың өмірін рухани әрі   шарықтаулар мен құлдырауларға толы деп таныстырып: «Осы кезде біз имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның өміріне шолу жасап, жәбір көрген бір ер адам Мединеде өмір сүрді. Үкімет қызметкерлері оны Бағдат немесе Куфеге қоныс аудартып, Басреде абақтыға қамап, содан соң уландырды. Ол дүниеден озды. Бары осы, бірақ олай болмады. Имамның өмірі  ұзаққа созылған күрес болды. Имамның күресін исламдық жерлердің әртүрлі аймақтарындағы адамдар қолдады. Исламдық жерлердің әртүрлі бөлімдерінде имаммен қарым-қатынас орнататын сенімді адамдары болды. Бірақ бұл қарым-қатынастар имам Мұса Казем (ғ.с.)-ға әшкере түрде қарулы күрес жүргізуге мүмкіндік бермеді»,- деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында имам Казем (ғ.с.)-ның ерекшеліктеріне тоқталып: «Мұса бен Джафардың билік үшін қатері имамның кең білімге ие, тақуа және адал үлкен басшы болуына байланысты болды. Барлық адамдар оны осылай таныды. Ислам әлемінің жер-жерінде оның көптеген достары мен жақтастары болды. Имам ешбір биліктен қорықпайтын батыл болды. Сондықтан ол Харунның билігінің алдында айтқысы келген сөзін айтатын.  Имам күрескер, Аллаға тәуекел еткен, ислам әлемнің жер-жерінде көптеген достары бар, исламдық үкімет пен исламдық жүйені билеуге лайық адам болды. Бұл Харун үкіметі үшін ең үлкен қатер еді»,- деді. Харун шындықты талап ететін тұлғаның алдында өзінің әлсіз екенін көрген кезде имамды ұзақ уақытқа абақтыға қамады. Ол абақтыда имам Казем (ғ.с.)-ға қысым көрсетіп, оны бағындырып, онымен келісімге келе аламын деп үміттенді. Абақтыда имамның қарауылшысы Санди бен Шахак өте қатыгез және Бани Аббаси үкіметіне шынайы беріліп қызмет ететін адам еді. Санди бен Шахак имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ды өз үйінің астында  өте ауыр жағдайда қамауда ұстады. Аятолла Хаменеи: «Абақтыда хазіреттің қасына сан рет келіп, қорқытып, бағыну талап етілді.  Бірақ имам Казем (ғ.с.) Жаратушыға және Оның мейірімділігіне сүйеніп, билік басындағыларға қарсы тұрып, Құран мен Исламды осы кезге дейін қалатындай қорғады»,- деді.