Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мектебі 1
Әрқашан имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің негізгі мақсаты не болды деген сұрақ туындайды. Имам Хусейн (ғ.с.) қозғалысының негізгі себебі үкіметке ие болу ма, әлде исламдық қоғамда өзгеріс жасау болды ма? Халық Исламның ұлық пайғамбары әулетінің талан-таражға түсіп, тұтқындалуына куә болмас үшін Имам Хусейн (ғ.с.) өз мақсаттарына бейбіт жолмен жете алмады ма?
Алланың соңғы пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.): «Хусейн (ғ.с.) – дұрыс жолға нұсқайтын шырақ және құтқаратын кеме»,- деген болған. Имамның өмір сүру тәсілі мен мінез-құлқын шынайы үлгі тұтудың арқасында жеке адам мен қоғамның бақытының қамтамасыз етілетіндігіне күмән тумайды. Шиіттермен бірге сүннит хадисшілері де айтатын дұрыс хадистердің бірінен: «Имам Хусейн (ғ.с.) бала кезінде күндердің бірінде атасы ұлы пайғамбардың қасына келгенде оны көрген хазіреттің: «Қош келдің, Хусейн! Аспандар мен жердің көркі»,- деді»,- деп оқимыз. Исламның ұлық пайғамбарының қасында отырған сахабаларының және уаһи хабарларды жазушылардың бірі Убай бен Кааб: «Уа, Алланың елшісі! Өзіңнен басқа аспандар мен жердің көркі болатын адам бар ма?»- деп сұрағанда пайғамбар: «Мені пайғамбар етіп таңдаған Алламен ант етемін! Хусейннің аспандардағы орны жердегі орнынан жоғары! Сондықтан «Хусейн дұрыс жолға нұсқайтын шырақ және құтқаратын кеме» деп айтылған»,- деп жауап берді.
Имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерекшелігі туралы айта алатын бірінші әрі ең маңызды мәселе имамның Аллаға шынайы құлшылық етуі болды. Біріншіден, ол «Абдолла», яғни Алланың шынайы пендесі болды. Оның бүкіл өмірі мен іс-әрекеттері және сөздерінің ғибадат болғаны анық еді. Ол Алланың ризалығынан басқа еш нәрсе туралы ойламай, оның тыныштығы мен әрекеті тек Алла жолында болды. Ол Муавиенің билігі кезінде жылдар бойы сабыры және қырағылығымен дінді қорғап, Язидке қарсы көтерілген кезде Алланың ризалығын сезіп, өзі мен өзінің ең жақын адамдарының жанын қиюдан бас тартпай: «Жаратушы! Сені жоғалтқан адам не табады? Әлде сені табу үшін бір нәрсесін жоғалтады ма?»- деген сұрақ қойды. «Аба Абдолла» деген күниесі хазіретке ғибадаттарын шын махаббатымен орындап, өз қанымен дінді кемелдендіргені үшін берілген. «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерекшеліктері» атты кітапта: «Хусейннің символы – ғибадат. Алланың хабарын жеткізу үшін пәк басшылардың барлығы Аллаға ақ ниет және шынайы ғашықтықпен ғибадат еткен. Алайда Хусейннің ғибадаты мен құлшылығы ерекше болды. Оның болмысының нұры анасы Фатима (ғ.с.)-ның құрсағында пайда болып, нұрлы басы найзалардың ұшына көтерілген сәтіне дейін әрқашан және барлық жерлер мен жағдайларда Аллаға құлшылық етіп, Оны мадақтаумен айналысып, Алланың кітабін қырағат ететіні естілетін»,- деп жазылған. Имам Хусейн (ғ.с.) 25 рет жаяу қажылыққа барған. Тәулігіне мың рәкәт намаз оқитын. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның намаз оқуы мен Аллаға құлшылық ету махаббатының тереңдңдігі сондай, ол Ашура күні қарсаңындағы түнде дұшпанның сарбаздары оның шатырларына шабуыл жасамақ болмақ жағдайда да Аллаға құлшылық ету үшін түнгі мерзімді мұрсатқа сұрап, оны таң атқанша Жаратушысымен сырласумен өткізді. Кербала көтерілісінде де имам Хусейн (ғ.с.) көптеген қиындықтар және уайым-қайғылармен бетпе-бет келгенімен сабыр сақтап, хазіреттің Аллаға ризалық білдіруі артып: «Уа, Алла Өзіңнің ризалығыңа ризамын»,- деді.
Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейін басталған бұрмаланушылықта уақыт өте келе арта түсті. Османның халифаты кезінен Шамның билігін өз қолына алған Амави басшысы хиджри қамаридің 41-ші жылы ресми түрде исламдық қоғамның халифатын өз міндетіне алды. Исламның ұлық пайғамбарының ең үлкен дұшпаны Абу Софиянның ұлы Муавие билік басына келісімен исламдық құндылықтар қатты өзгертіліп, Ислам дінінен атынан басқа еш нәрсе қалмады. Оның өзіне Муавие өліп, билікке Язид келісімен күмәнға алынды. Өйткені Язид бір сәтте барлық нәрсені теріске шығарып: «Еш нәрсе аспаннан түскен жоқ, ешқандай уаһи жіберілген жоқ»,- деп мәлімдеді. Язид өз билігін күшейту үшін қалай болғанда да имам Хусейн (ғ.с.)-нан бият алғысы келді. Бият, яғни шынайы халифа, яғни пайғамбардың бұйрықтарын орындауға дайын және Алланың бұйрықтарын орындауға жанкештілік білдіру болып табылады. Язид сынды басшыға бият ету, тіпті қатердің алдын алу үшін орындалғанымен, Язидтің бұзақылығын заңдастыру болатын. Бұл бият жазықсыз халықты қыру, исламның абыройы мен ғиззатын кетіруді қолдау болатын. Әрине мұндай биятты имам Хусейн (ғ.с.) қабылдамайды. Сондықтан Язид пайғамбардың орнына отырып, өзін мұсылмандардың діни және саяси басшысы және ислам әлемін басқарушы деп таныстырды. Имам оған бият етуден бас тартты. Шын мәнінде хазірет үшін Язидтің үкіметіне қарсы тұрып, оның үкіметін заңсыз деп жариялаудан басқа шара қалмады. Исламның ұлық пайғамбарының әулетінен шығып, өз атасының мұрагері болған имам Хусейн (ғ.с.) араб әлемінің әйгілі ақыны Фараздақпен кездескен кезде: «Олар (язидшілер) рақымды Аллаға құлшылық етпейді, әшкере түрде бұзақылық жасап, шекпен шекараны бұзып, шарап ішіп, кедейлердің мүлкін тартып алады. Мен дін мен ғиззат, шариғат және Алланың жолындағы жиһад үшін көтерілетін адамдардың ең лайықтысымын»,- деген. Сол себепті имам Язидке қарсы шықты. Бұл табандылық пен қарсыласу ақыл және қырағылықпен бірге болды. Имам Хусейн (ғ.с.) өз көтерілісінің әсерін арттыру үшін тарих бойында әрқашан залымдардың жүзін жиіркеніш тудыратындай және ұмытылмайтындай етті. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі өзі және жанұясының шәһид болуымен мәңгілікке қалды.
Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы өздерін тәрбиелеген, пәк, Алланың жолындағы жанкешті ұлы тұлғаларды еске салады. Олар әрқашан тарихта жоғары мақсаттар мен жоғары құндылықтарға ие, имандылық пен ахлақ, жомарттылық пен батылдық тұрғысынан үлгі болды.
Олардың бірі – Мүслім бен Ақил. Алла жолында жанын қиған бұл сарбаздың есімі ержүректілік пен жомарттықты еске салады. Мүслім бен Ақилдың Куфедегі ерлігі Ашура қозғалысының бастамасы, Мүслімнің өзі Кербала көтерілісінің елшісі және мәңгілік Ашура оқиғасы сарбаздарының бірі болды. Хиджри күнтізбесі бойынша 60-шы жылы имам Хусейн (ғ.с.)-ды Куфе мен Басре халқынан оларға Язидтің зұлымдықтарына қарсы тұруға көмектесу үшін шақырған көптеген өтініштер келді. Бұл хаттардың саны бірнеше мыңға жетті. Имам Куфенің жағдайын нақты бағалап, халықпен бият ету үшін өз өкілі ретінде Мүслім бен Ақилды Куфеге жіберді. Мүслім саяси хабардар әрі тақуа адам еді. Имам оған: «Егер халық маған бият етсе, мен де келемін»,- деді. Мүслім бен Ақил Меккеден Куфеге қарай жолға шықты. Куфе оқиғаларға толы, әртүрлі ұстанымдарға ие болғанымен сырт көзге тыныш көрінді. Бірақ бұл дауылдың алдындағы тыныштық еді. Халық Мүслім бен Ақилды қарсы алып, ол Мұхтардың үйіне кетті. Халық топ-тобымен келіп, онымен кездесіп, бият етті. Бұл қуаныш көпке созылмады. Язид Куфедегі өз билігін сақтап қалып, Мүслім бен Ақилды тұтқындап, өлтіру үшін Убайдолла бен Зиядты Басре басшысы міндетінен босатумен тұспа-тұс Куфенің басшысы етіп сайлады. Ибн Зияд халықтың арасында үрей тудырып, барлық адамдар Мүслімнен алыстады. Мүсілім жасырын түрде Куфенің ақсақалы Хани бен Урвенің үйіне кетті. Хани кезінде пайғамбарды көрген және пайғамбар әулетін құрметтейтін адам еді. Ибн Зияд Мүслім бен Ақилді паналатқандарды қудалап, Мүслім туралы хабар берген адамға сый беретінін жариялады. Куфенің барлық есігі Мүслім бен Ақилдың алдынан жабылды. Әркім өз басының саулығы мен тыныштығы туралы ойлады. Бірнеше күн панасыз қалған Мүслімді Туэ деген әйел үйіне кіргізеді. Оның ұлы Ибн Зиядтың жақтастарының бірі болған. Түнде үйіне келген кезде анасының іс-қимылынан үйіндегі қонақтың Мүслім бен Ақил екенін түсінеді. Туэнің ұлы мұны хабарлап, түн ортасында Ибн Зиядтың нөкерлері бұл үйге басып кіреді. Мүслім бен Ақил жалғыз өзі қылышын алып, Ибн Зиядтың сарбаздарына қарсы тұрады. Бірақ оған найза қадалып, ол жерге құлап, тұтқынға түсті. Оны құтқарамын дегендердің өздері де қамауға түсті. Мүслім бен Ақилді үкімет орталығына жеткізді Осылайша, тарихтағы ерліктің келесі бір беті жазылды. Мүслім бен Ақил өлер алдында шәһидтердің жоғары дәрежесіне жақындауы туралы: «Мен бүгін шәһидтіктің дәмін татамын, бірақ ризамын, өйткені мен Алла мен Құран жолында өлемін...»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) адал серігінің шәһид болуы туралы хабарды естіген кезде көзі жасқа толып: «Уа, Алла бізді және біздің жақтастарымызды жоғары дәрежеге жеткізіп, өз рақымдылығыңа бөле. Сен Құдыреттісің!»- деді. Алла мен оның періштелері мен пәк аазматтарына және Мүслім бен Ақилдың рухына сәлем! Олардың жолын, яғни хақ пен азаттықтық жолын жалғастырушыларға сәлем!