Ұлы тұлғаның алдында 43
Аятолла Хаменеи имам Мұса Казем (ғ.с.)-ның перзенті имам Реза (ғ.с.)-ның жиһады туралы: «Бұл тұлға қиын жағдайда мұсылмандардың қоғамында хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның өмірлік ұстанымы мен Құран тағылымдарын, Исламның негіздерін таратып, жүректерді Пайғамбар әулетіне жақындата алды»,- деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Реза (ғ.с.)-ның имаматы мен сол кездегі қиындықтар туралы: «Пәк имамдардың өмірлерінде ерекше танымал мәселелер көп болып, олардың әрбіреуі назар аударып, сараптама жасалатындай болғанымен, сегізінші имамның кезеңі бұл тұрғыдан ең маңызды кезеңдердің бірі болды. Имам Реза (ғ.с.)-ның имаматы әкесі имам Мұса бен Джафар абақтыда шәһид болғаннан кейін Харун әр-Рашидтің билігі кезінде басталды»,- деді. Келини өзінің «Әл-Кафи» кітабында Харун әр-Рашидтің зұлымдықтары туралы: «Мұхаммад бен Сенан Харунның билігі кезінде имам Реза (ғ.с.)-ға «Харунның қылышынан қан тамып тұрған жағдайда имамат міндетін қабылдап, әкеңіздің орнына отырдыныз ба? (Егер сіздің әкеңізден кейінгі шиіттердің сегізінші имамы екендігіңізді білсе, өлтіреді)»- дедім»,- деп айтылған. Алайда тарихи деректер бойынша Харун имам Казем (ғ.с.)-ды өлтіргеніне ұялып, айналасындағылардың түрткілеріне қарамастан имам Реза (ғ.с.)-ды өлтіруге бармады. Хазірет Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.) дүние мен Алланың пенделеріне тәуелді болмай, ата-бабалары сынды көптеген талпыныс жасады. Ол халықтың арасында болып, қарапайым өмір сүрді. Әрқашан Құран оқып, көп ораза ұстап, ғибадатты көп орындады. Ол Аббаси халифаларының зұлымдығына қарсылық білдірді. Өйткені, олар Бани Умайе халифалары сынды шынайы исламнан алыстап, тек сырт көзге ғана дінді қолдаушылар болып көрінді. Имам Реза (ғ.с.) халифатқа ие болып, халықтың хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк исламына қарай жол нұсқауды Алла елшісінің пәк немерелерінің құқы деп санағандықтан, ата-бабалары сынды халифаттың ең негізгі дұшпаны болды. Харун өлген соң ұлдары Амин мен Мамун билікке ие болу үшін бір-біріне қарсы шықты. Бұл бес жылға созылған дау-дамай имам Реза (ғ.с.) үшін алтын уақыт болды. Имам Реза ( ғ.с.) бұл мұрсат пен халифаттың тынышсыздықтарын жақсы пайдаланып, исламдық тағылымдарды қоғам деңгейінде таратып, халықтың қолдауларын арттырды. Мамун билік басына келген соң имам Реза (ғ.с.) көптеген қиындықтармен бетпе-бет келді. Абасси халифаларының ең зерек халифасы аталған Мамун халықтың пайғамбар әулетін шынайы жақсы көретінін түсінген кезде саясаткерлермен ақылдасып, халықтың арасындағы билігі мен әсерін күшейту үшін сегізінші имам хазірет Реза (ғ.с.)-ды Мединеден үкіметінің орталығы Хоросандағы Марвке шақырып, имамды өзінің тақ мұрагері етіп сайлауға шешім қабылдады. Сол кезде Мамунның пікірінше бұл іс үкіметті құлдыраудан сақтап, мүддесін қамтамасыз ететін ең маңызды жұмыс болды. Оның алдауын түсінген имам Реза (ғ.с.) биліктің ешбір ісіне қатыспайды деген шарттпен Марвке бет алды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Мамун имамды Медениден Марвке алдыруға көп қысым көрсетті. Мамун өз алдына саяси мақсат қойған болатын. Мамунның саясаты билігін күшейту, пайғамбар әулетінің іс-әрекеттерін әлсірету еді. Мамунның бұл саяси әрекетіне қарсы имам илаһи бағдарлама жоспарлап, іске асырды. Сол бағдарламаның арқасында халифат өз талаптарына жетпек түгілі, Құран тағылымдарының кеңеюі мен ислам әлемінде пайғамбар әулетінің жақтастырынң артуына себеп болды. Аллаға тәуекел етуімен залым саяси үкіметтің дұшпандығын шындық пен ақиқаттың мүддесіне қарай бұра алды. Бұл пәк имамдар тарихының ең әйгілі кезеңдерінің бірі саналады»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында: «Осындай жағдайда халифаттың мүмкіндіктеріне ие болған имам Реза (ғ.с.) халифат органына қарсы әрі наразы екенін көрсетті. Ол халифатты қолдамады, оны теріске шығармады, үкіметтен міндет қабылдамады, оны қорғамады, жұмыстарын атқармады. Әрине үкіметпен ісі болмаған адамның оның жақтасы бола алмайтыны анық мәселе. Мамун мұны жақсы сезді. Ол уәдесіне қайшы имамды жұмысқа тартып, хазіреттің күресу саясатын теріске шығарғысы келді, бірақ хазірет әр уақытта өзінің қырағылығымен Мамунның жобасын нәтижесіз қалдырды»,- деді. Аятолла Хаменеи сөзін жалғастырып, имам Реза (ғ.с.)-ның халифаға қарсы бірнеше іс-әрекетіне тоқталып: «Мамун имамға егер мүмкін болса оны тыңдайтын адамдарға хат жазуды сұраған кезде имам оған өзінің еш нәрсеге араласпайтыны туралы уәдені есіне салды. Келесі өте маңызды мысал айт намазына қатысты. Мамун хазіретке «Халық сенің қадірінді біледі, сол себепті олардың жүректері тыныштыққа бөленеді» деген сылтаумен имамды айт намазын басқаруға шақырды. Мамун сұрап болмаған соң имам намазды пайғамбар мен имам Әли (ғ.с.)-ның тәсілімен оқимын деген шартпен өткізуге келіседі. Мамун имамды халықтан жеке қабылдап, мұны имам мен халық арасындағы қарым-қатынасты тоқтату үшін пайдаланғысы келді. Мамун имам Реза (ғ.с.) Мединеден Мервке жету жолын пайғамбар әулетіне ерекше көңіл бөлетін Куфе мен Құм сынды қалалардан өтпейтіндей етіп таңдады. Имам белгіленген жолға түсіп, әрбір мұрсатты өзі мен халықтың арасында жаңа қарым-қатынас орнату үшін пайдаланып, Мервті үкіметтің торы деп атады. Аятолла Хаменеи Мамунның алдамшы саясаттарының имам Реза (ғ.с.)-ның анық ықыласының алдында сәтсіздікпен бетпе-бет келуіне тоқталып: «Мамун Мекке мен Мәдинеде имамға қарсы қауесет таратып, басқа исламдық маңызды тұрғыларды нысанаға алып, оның сыртқы салтанаты ғиззатынан артып, көп жылдар бойы ауыздары жабық болған мадақ айтушылар имам Реза (ғ.с.)-ның ата-бабасын мадақтауды бастады. Қорыта айтқанда, Мамун бір нәрсеге ие болудың орнына көп нәрседен айрылғанын көріп, басқа нәрселерінен де айырылатынын сезді. Ол халифатпен татуласпайтын дұшпандары, яғни пәк имамдардың алдында өзінің сәтсіздікке ұшырағанын көріп, бұрынғы залым халифалар сынды имамды өлтіруге шешім қабылдады. Сөйтіп, имам Реза (ғ.с.) шәһид болды»,- деді.