Қаз 09, 2016 22:22 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 22

Бұл күндері әуе рейстерінде мұсылмандардың өмірлеріне әсер етіп, олардың құқықтарының бұзылуына себеп болатын таңқалдырарлық кемсітушіліктер орын алуда.

Әлемдегі адам құқығына қатысты ең маңызды мәселелердің бірі діни аз санды топтарға қатысты мәселе саналады. Адам құқығы жарлығы бұл мәселені көп қуаттап, БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі де әртүрлі елдердегі адам құқығының жағдайын зерттеген  кезде бұған басты мәселе ретінде көңіл бөледі.  Сондықтан адам құқығы туралы уәж айтатын  мемлекеттердегі аз санды, әсіресе діни аз санды топтардың адам құқығы жағдайына назар аударған кезде өкінішке орай, аз сандылардың құқықтарының бұзылып отырғанын көреміз. Еуропа мен АҚШ мұсылмандары  діни аз санды топтарға жатады. Олар тек дінге иман келтіргендері үшін ғана әртүрлі кемсітушіліктермен кезігіп отыр.

Еуропадағы мұсылмандарға қарсы шектеулер

АҚШ-тың жаңа саясаты  2001-ші жылдың 11-ші қыркүйегінен кейін Ислам діні мен мұсылмандарды дұшпан ретінде таныстырып, Исламмен қарсыласу саласында жаңа заңдар бекітті. Олардың бірі арабтар мен мұсылмандарға қарсы USA PATRIOT Act заңы болды. Бұл заң шын мәнінде АҚШ-тың федералдық зерттеу кеңсесінің жұмыстарын жандандыру үшін қажет жағдай тудырды. Нәтижесінде мешіттер мен азаматтық топтарға тыңшылық жасалып, кітапханалар бақылауға алынды. Сонымен бірге лаңкестік топтармен қатысы бар деген күдік тудыратын барлық адамдарды бақылауға алу мүмкіндігі пайда болды. Содан соң АҚШ-тың бұл ұйымы мен   басқа да барлау және қауіпсіздік ұйымдары күдіктілерді анықтау, айыптау, елден шығару немесе өлтіру әрекеттерін бастап, тіпті бұл елдің мектептері мен жоғары оқу орындарына тыңшыларын енгізіп, мұсылман оқушылар мен студенттерді мектеп алаңында ғана емес, оның сыртында да, үйлері мен басқа жиындарда да қадағалайтын болды. Олар адамдардың жеке күнделіктерін, кітаптарын, электрондық почталары мен телефон арқылы  сұхбаттарын  бақылауға алуды бастады. Расында сол кезден бастап, мұсылмандарға қатысты қоғамдар мен ұйымдарға қарсы лаңкестік топтарға қолданылатын шаралар қолданылатын болды. Бұл адамдардың жеке өмірін қорғайтын азаматтық және саяси құқықтардың 4-ші тармағының 1-ші бөлімі мен 11-ші тармағының 1-ші бөліміне қайшы іс.

Еуропадағы мұсылмандардың құқыларының бұзылуы

Еуропада да мұсылмандар кемсітушіліктердің әр түрлерімен кездеседі. Кейбір үй иелері мұсылман жанұяларға жалға  үйлерін бермейді, өйткені олардың әйелдері хиджаб киеді және ерлерінің сақалдары бар. Кейбір хиджаб киетін әйелдер спорт орталықтары мен бассейнге тіркелген кезде көптеген қиындықтармен кезігеді. Мектептерде мұсылман балалар кемсітушіліктердің куәсі болуда. Мұсылмандар барлық деңгейде, яғни білім алудан бастап көптеген қиындықтар және кемсітушіліктермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл саладағы ең үлкен мәселе хиджаб киген әйелдер. Олар білімі мен мамандықтарына қарамастан жұмыс орнына тұрған кезде басқалардан көбірек қиындық көреді. Бұл кемсітушілік пен әділетсіздік шалғайдағы кішкентай қалаларда көбірек байқалады.

Еуропада мұсылмандардың құқылары бұзылуда

Бұл күндері әуе рейстерінде мұсылмандардың өмірлеріне әсер етіп, олардың құқықтарының бұзылуына себеп болатын таңқалдырарлық кемсітушіліктер орын алуда. Ұлыбританиялық «Индепендент» газеті АҚШ пен Ұлыбританияның жолаушылар тасымалдайтын ұшақтарындағы мұсылмандарға қарсы таңғалдырарлық заңдар туралы: «Егер сіз мұсылман болсаңыз, кітап оқу мен математика есептерін шығару  рейс кезінде тыйым салынған жайттарға жатады»,- деп жазды. Осыған орай осыдан біраз уақыт бұрын екі мұсылман әйелге ұшақтары АҚШ-тың Майами қаласында  бес сағат тұрған кезде тамақ пен сусын сатып алу үшін ұшақтан шығуға рұқсат берілмеді. Бұл іс полиция күштерінің бақылауымен ғана орын алады. Келесі бір жайтта, АҚШ-тың Чикаго әуежайында мұсылман әйел қасындағы адамнан орнын ауыстырып отыруды сұрағаны үшін ғана ұшақтан түсірілді. Бұл сомалилік мұсылман әйел басына орамал тартқан еді. АҚШ мұсылмандарының кеңесі бұл жайтты зерттеуді талап етті. «Индепендент» мақаласының жалғасында: «Егер сіз мұсылман болып, есіміңіз басқаның есіміне ұқсас болса да қиындықпен кезігесіз»,- деп жазды. Алты жасар ер бала Сейед Адам Ахмад есімінің қауіпті жолаушылардың тізіміндегі есімге ұқсас болғандығына байланысты ұшаққа отырғызылмады. Басшылар бұл мәселені шешу туралы уәде бергенімен, бала наурыз айында канадалық әуе рейісіне отыра алмады.

Еуропадағы мұсылмандардың құқыларының бұзылуы

Араб тілі – қиын тілдердің бірі. Ирактан АҚШ-қа келген босқындардың бірінің есімі сәуір айында телефон арқылы байланысып, Бағдаттағы жанұясымен араб тілінде сөйлескені үшін «Саус Вест» әуе рейсінен шығарылды. Хейраддин Мағзуми ағасына «БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кешкі асты бірге іштім» деп айтқаны үшін ұшақтан түсуге мәжбүр болды. Өйткені басқа жолаушы оны қоқан-лоққы сипатты сөз сөйледі деп айыптады. Келесі жайт, мұсылманға ұқсас болуға байланысты. Осыған орай бес адамнан тұратын отбасы Чикаго әуежайында «United Airlines» әуе компаниясының ұшағына отырып, ұшайын деп отырған сәтте ешбір түсіндірусіз «қауіпсіздік алаңдаушылықтар» деген сылтаумен ұшақтан түсірілген болатын. Исламдық есімдер де тыйым салынған жайттарға жатады. Өткен айда Мұхаммад Ахмад Резван деген адамның есімі «American Airlines» әуе компаниясының жолаушылары тізімінен алынып тасталды. Ол ұшаққа кіріп, орнына орналасқан кезде стюардесса ұшақтың ішінде микрофон арқылы: «25-ші орындағы Мұхаммад Ахмад! Мен сізді бақылап отырмын»,- деп хабарлады.

"Boeing" әуе компаниясы мұсылмандардың құқыларын бұзуда

Алланың атын атау да мұсылмандардың ұшақтан шығарылатын себептерінің бірі. Мұсылман жұбайлар Фейсал мен Назияали Парижден АҚШ-қа аттанбақ болған ұшаққа отыра алмады, өйткені олар екі рет ренішпен Алланың атын айтқан болатын. Бұл жұбайлар айтқандарын теріске шығарды. Мұсылмандар үшін ұшу кезінде кітап оқуға да тыйым салынған. Ұлыбританияның Мор әуежайындағы мұсылман жұмысшының бірі тергеуге алынды, өйткені ұшақ қызметкерлері оның үйленген кезде Сирия мәдениеті туралы кітап оқығанын көрген болатын. Мұсылман әйел Фаиззе Шаһин Түркияның Мармара қаласына бара алмады. Юр Кешир  әуе жайының полициясы 25-ші шілде күні бұл сапарға кедергі болды. Соңғы жайт, математика есептерін шығаруға қатысты. 

БҰҰ жарлығының бірінші тармағының  үшінші бөліміне сәйкес, БҰҰ-на мүше барлық үкіметтер БҰҰ жарлығының баршаның адам құқығы мен азаттыққа ие болу туралы   55-ші бөлімін орындау керек. Сондықтан адамдар бір-бірінің алдында тең деген протоколына мүше елдердегі аз санды топтар халықаралық құқықтардың қолдауына ие. Әлемдік жарлықтың екінші бабы да барлық адамдардың ұлты, түсі, тілі, діні, саяси наным-сенімі, қоғамдағы жағдайы, байлығы және басқа факторларына назар аудармай, барлық адамдарды азат әрі барлық құқықтарға ие деп жариялады. Мұсылмандар басқа азаматтар сынды тең құқықтарға ие. Сол себепті оларға қарсы кемсітушіліктер байқалмауы керек. Мұсылмандарға қарсы кемсітушіліктер діни аз санды топтардың адам құқығы туралы құжаттарындағы негіздерге сай келмейді. Исламнан үркіту және әртүрлі негізсіз әрекеттер мұсылмандардың құқықтарын бұзады.

Еуропадағы мұсылмандар құқыларының бұзылуына наразылық білдіруде

 

 

 

Тегтер