Нәміл сүресі, 667-ші бөлім, 17-22 аяттар
Нәміл сүресінің 17-22 аяттарының тәпсірі
«Нәміл» сүресінің 17-18 аяттары:
«وَحُشِرَ لِسُلَیْمَانَ جُنُودُهُ مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنسِ وَالطَّیْرِ فَهُمْ یُوزَعُونَ»، «حَتَّى إِذَا أَتَوْا عَلَى وَادِ النَّمْلِ قَالَتْ نَمْلَةٌ یَا أَیُّهَا النَّمْلُ ادْخُلُوا مَسَاکِنَکُمْ لَا یَحْطِمَنَّکُمْ سُلَیْمَانُ وَجُنُودُهُ وَهُمْ لَا یَشْعُرُونَ»
Сүлеймен (Ғ.С.)-нің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді. (17) (Ол бұлармен) ақыр құмырсқаның ойпатына келген сәтте бір құмырысқа: "Әй, құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлейменнің әскерлері сендерді білмей жаншып кетпесін" деді. (18).
Алдыңғы бағдарламада Құдай хазірет Дәуіт пен хазірет Сүлейменге ғылым мен құдірет сыйлағанын, соның көмегімен олардың Шам аймағы мен соның айналасындағы аймақтарға билік еткенін айттық.
Осы аяттар үкіметтің маңызды қажеттіліктерінің біріне, яғни әскер мен қалың қолға иелігіне тоқталып: «Адамдардың топтары мен жындар және құстардың тобы Сүлейменге қызмет етіп, оның әскерін құрады. Сүлеймен қалаған уақытта олар дұшпанмен күресуге дайын тұрды» дейді.
Бір жолы хазірет Сүлеймен оларды шақырғанда барлығы әзір тұрып, әскері біртұтас түрде жолға түсті. Олар жолда көп құмырсқа жүрген бір далаға жетеді. Хазірет Сүлеймен Құдайдың қалауымен бір құмырсқаның басқа құмырсқаларға айтып жатқан: «Абай болыңдар. Сүлейменнің сарбаздары мен аттарының тұяғының астында тапталып қалмаңдар. Себебі олар сендерді байқамай, абайсызда басып, өлтіріп кетеді» деген сөзін естіді.
Даладағы құмырсқа да Сүлеймен патша мен оның әскерінің де құмырсқаға зұлымдық жасамауы керектігін білгендей.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Адам жынды өзінің билігіне қаратып, оны әртүрлі істерге пайдалану әлеуетіне ие.
Әскери тәртіп, дисциплина және айбын, дұшпандармен күресу үшін мықты күштерді пайдалану пайғамбарлардың үкіметінің ерекшеліктеріне жатады.
Жан-жануарлар қатерлер мен зияндарды сезіп, бір-біріне сол туралы ескертеді.
Құдай тарапынан таңдалған адамдар тіпті құмырсқаға да қасақана түрде нұқсан келтірмейді.
«Нәміл» сүресінің 19 аяттары:
«فَتَبَسَّمَ ضَاحِکًا مِّن قَوْلِهَا وَقَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِی أَنْ أَشْکُرَ نِعْمَتَکَ الَّتِی أَنْعَمْتَ عَلَیَّ وَعَلَى وَالِدَیَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَدْخِلْنِی بِرَحْمَتِکَ فِی عِبَادِکَ الصَّالِحِینَ»
Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырсқаның сөзіне жымиып күлді де: "Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те, өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!",- деді. (19)
Құмырсқаның «Абай болыңдар! Сүлейменнің әскерінің етіктерінің астында тапталып қалмаңдар» деген сөзі бір жағынан Сүлеймен патшаның «құмырсқа қалайша өзінің тектестерінің жанын ойлайды» деп таңдануы мен жымиюына себеп болды. Басқа жақтан, ол хазіретті өзі билік еткен кезде қоластындағылар мен әлсіз тапқа зұлымдық жасамау керек деген ойға түсірді. Сол себепті қолын жайып дұға тілеп, Құдайдан оған міндетін орындауда жәрдем етуді сұрап, һәм Құдай өзі мен әке-шешесіне сыйлаған нығметтер негізінде жеке бас, отбасылық міндеттерде, һәм Құдайдың ризашылығы жолындағы үкіметтік және қоғамдық міндеттерінде жақсы ғамалдан басқа іс жасамауын, соңында да жақсы нәтижеге ие болып, ізгілер және тақуалармен бірге жиналуды сұрады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Қоғамды басқарудағы ерекшеліктердің біріне сын-пікірлерді естуге төзімділік таныту жатады. Оған қатынас көрсетудің орнына ашық жүз танытып, айтылған сындарды қабылдау керек. Сүлеймен құмырсқаның сөзін естіген кезде оны жымиып қабылдады.
2.Құдайға шүкіршілік білдіру тек тілмен ғана айтылмайды. Нығметтерді дұрыс пайдаланып, Құдайдың пенделеріне қатысты жақсы және түзу іс жасау да Аллаға шүкір айту саналады.
3. Адамдардың арасында ат пен атаққа ие болуды емес, Пәруәрдігердің ризашылығына бөленуді мақсат еткен ізгі іс құнды.
«Нәміл» сүресінің 20-21-22 аяттары:
«وَتَفَقَّدَ الطَّیْرَ فَقَالَ مَا لِیَ لَا أَرَى الْهُدْهُدَ أَمْ کَانَ مِنَ الْغَائِبِینَ»، «لَأُعَذِّبَنَّهُ عَذَابًا شَدِیدًا أَوْ لَأَذْبَحَنَّهُ أَوْ لَیَأْتِیَنِّی بِسُلْطَانٍ مُّبِینٍ»، «فَمَکَثَ غَیْرَ بَعِیدٍ فَقَالَ أَحَطتُ بِمَا لَمْ تُحِطْ بِهِ وَجِئْتُکَ مِن سَبَإٍ بِنَبَإٍ یَقِینٍ»
(Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: "Бәбісекті неге көрмеймін немесе ол жоғалып кетті ме?",- деді. (20) "Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін." (21) Сонда ол көп кешікпей-ақ келіп: "Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім" деді (22).
Алдыңғы аяттарда құстардың да Сүлейменге қызмет еткенін айттық. Құстар Шам өлкесі мен соның айналасында болып жатқан істерден Сүлейменге есеп беріп отырды. Осы аяттар былай дейді: «Бір жолы Сүлеймен бәбісектен басқа айналасындағы құстардың барлығының әзір екендігін көрді. Бәбісек бұрыннан жоқ болғандай көрінді. Сол себепті үкіметті басқару үшін қажет кесімділікпен: «Егер бәбісек осалдық және жалқаулықпен қызметін тастап кеткен болса оған қиын қатынас жасап, бауыздаймын. Егер өзінің жоқтығын ақтайтын дәлел келтірсе жағдай басқаша» деді.
Көп ұзамай, бәбісек Сүлейменге келіп: «Мен Саба өлкесіне сапар шектім. Сол жерден сенің хабарың жоқ нәрселерді көрдім. Мен саған сол жердің хабарын айтып беремін» деді. Бәбісек осылайша өзінің жоқ болғанын ақтап, Сүлеймен тарапынан көрсетілетін кез келген әрекетке кедергі жасай алды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Қоластындағыларға көңіл бөліп, олардың хал-жағдайларын сұрау Құдайдың пайғамбарларының сүннеті мен тәсілі болған.
Сұңғылалық, көрегенділік пен билік – қоғамды басқару үшін қажет шарттар. Сүлеймен патша өзінің үкіметінде барлық нәрсені бақылауда ұстады.
Үкіметтік жүйеде салғырттық таныту қабылдауға келмейді. Бұзақылармен басқаларға сабақ болу үшін және олар бұзушылыққа батылы бармауы үшін қатаң қатынас жасау керек.
Кесімділік және қаталдықтың қасында сындарлық танытып, негізді кешірімді қабылдау – исламдық билік пен үкіметтің қажеттілігі.