Нәміл сүресі, 672-ші бөлім, 45-49 аяттар
Нәміл сүресінің 45-49 аяттарының тәпсірі
"Нәміл" сүресінің 45-46-47 аяттары:
«وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَى ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَالِحًا أَنِ اعْبُدُوا اللَّـهَ فَإِذَا هُمْ فَرِیقَانِ یَخْتَصِمُونَ»، «قَالَ یَا قَوْمِ لِمَ تَسْتَعْجِلُونَ بِالسَّیِّئَةِ قَبْلَ الْحَسَنَةِ لَوْلَا تَسْتَغْفِرُونَ اللَّـهَ لَعَلَّکُمْ تُرْحَمُونَ»، «قَالُوا اطَّیَّرْنَا بِکَ وَبِمَن مَّعَکَ قَالَ طَائِرُکُمْ عِندَ اللَّـهِ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ تُفْتَنُونَ»
Расында Сәмүд еліне: "Аллаға құлшылық қылыңдар" (десін деп) туыстары Салих (Ғ.С.) ты жібердік. Сол уақытта олар екі тап болып, тартысты. (45) "Әй, елім! Жақсылықтан бұрын жамандықты тез тілейсіңдер ме? Егер Алладан жарылқау тілесеңдер, әрине мәрхаметке бөленесіңдер" деді. (46) Олар: "Біз, сен және сенімен бірге болғандардың салдарынан сәтсіздікке ұшырадық" деді. (Салих Ғ.С.): "Сәтсіздіктерің Алланың қасында. Негізінде сендер сыналатын елсіңдер" деді. (47)
"Нәміл" сүресінің басынан осы уақытқа дейін Мұса, Дәуіт, Сүлеймен сынды пайғамбарлардың өмірлерінің кейбір тұстары қысқаша баяндалды. Осы аяттарда хазірет Салеһтің Самуд қауымының арасындағы пайғамбарлығына сілтеме жасалған. Ол хазірет жанашырлық және ағалық мейіріммен қауымын бірқұдайшылыққа шақырған кезде бір топ оған иман келтіріп, оның соңынан ерсе, келесі бір топ оның шақыруын қабылдамай, кәпірге айналды. Мүміндер мен кәпірлердің арасында дұшпандық пен тайталастың пайда болатындығы табиғи іс. Дұшпандық кейде жеке бір адамның ісі болса, кейде қоғамдық аспектіге ие болады.
Хазірет Салеһ қырсық кәпірлерге «Сендердің істеріңнің салдары – тозақ пен азап. Себебі сендер өздеріңнің жаман істеріңнен қол үзбейсіңдер. Неліктен сендер Құдайға бағынбаушылық танытасыңдар?» деп ескертті. Бірақ олар көңіл аударып, түсінудің орнына: «Егер рас айтсаң, Құдайың неліктен бізге азап түсірмейді? Дәл осы дүниеде сені мен біздің жағдайымызды ашып көрсетпейді?» десті. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Хазірет Салеһ оларға Құдайдың рақымына бөлену үшін: «Өздеріңнің өткен істеріңе кешірім сұраудың орнына неліктен азаптың түсірілуіне асығып, тәубеге келудің орнына азаптың жіберілуін сұрайсыңдар? Жақсылық пен бақыттың мәйегі болып табылатын Алланың рақымына бөлену үшін талпыныс жасаудың орнына сендер үшін жамандықтың мәйегі болып табылатын азаптың түсірілуіне асығыстық танытасыңдар?» деді. Тәжірибе тарих бойында теріске шығарушылар мен кикілжің іздеушілердің пайғамбарлардың ескертулері мен насихаттарын қабылдаудың орнына олармен қарсыласып, оларды қаладан қуып шығуды немесе өлтіруді мақсат еткендерін көрсетті. Хазірет Салеһтің оқиғасында аймақты құрғақшылық пен жұт жайлаған кезде олар: «Бұл қиыншылықтардың барлығы сені мен сенің соңыңнан ергендердің сөздерінің кесірі. Табиғат бізге қаһарланғандықтан бізді қиыншылықтарға душар етті. Сендер осы қауымның бақытсыздығына себеп болған сұм адамсыңдар» деді.
Бірақ Салеһ оларға берген жауапта: «Сендердің тағдырларыңның жаман-жақсы болуы Құдайдың қолында. Сендер сынаққа алыңдыңдар. Мына жұт – сендерге адам тарапынан келген іс емес, бұл илаһи сынақтың бір түрі. Сендер соны адаммен байланыстырғыларың келеді. Сендердің өздеріңнің жаман іс-әрекеттерің құрғақшылық пен жұттың келуіне себеп болды» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Таухид пен бірқұдайға табынуға шақыру – пайғамбарлардың шақыруының өзегі.
2.Тарих бойында хақ пен жалғанның арасында әрдайым керіс пен жанжал болды. Бірақ адамдардың барлығы хақтың қисынын қабылдап, иман мен түзу ғамал иесі болады деп күтпеу керек.
3.Күнәһарларға ескерту жасап, насихат айтумен қатар күнәһарлардың оралуына негіз әзірленуі үшін тәубенің жолын да айту керек.
4.Пайғамбарлардың қисындары мен анық дәлелдеріне қарсы кәпірлер жақсы және жаман ырым деген сияқты ырымшылдықтар мен нанымдарға сенді.
"Нәміл" сүресінің 48-49 аяттары:
«وَکَانَ فِی الْمَدِینَةِ تِسْعَةُ رَهْطٍ یُفْسِدُونَ فِی الْأَرْضِ وَلَا یُصْلِحُونَ»، «قَالُوا تَقَاسَمُوا بِاللَّـهِ لَنُبَیِّتَنَّهُ وَأَهْلَهُ ثُمَّ لَنَقُولَنَّ لِوَلِیِّهِ مَا شَهِدْنَا مَهْلِکَ أَهْلِهِ وَإِنَّا لَصَادِقُونَ»
Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді. (48) Солар Алланың атымен анттасып: "Салихты жанұясымен түнде жоқ етіп, сосын жақындарына: "Үй-іштері өлтірілгенде жоқ едік. Күдіксіз, біз шын айтамыз дейік.",- десті. (49)
Бұл аяттар Салеһ пен серіктерін қастандықпен өлтірмек болған оқиғаға сілтеме жасап: «Самуд қауымы арасында бір топ бұзықтық және заңсыз істермен айналысты. Олар жақсы істер жасауды немесе өздерінің жаман істерін түзетуді мақсат еткен жоқ. Бұл топ хазірет Салеһ пен оның отбасын және серіктерін өлтіру үшін келісіп, одан кейін егер біреу оларды кісі өлтірушілікпен айыптайтын болса: «Біздің бұл іске қатысымыз жоқ. Мүмкін, басқа бір топ жасаған болар» демек болды. Олар келіскен кезде Алланың атымен ант етіп, Құдайды өздерінің Жаратушысы ретінде таныды. Бірақ олар пұттарды өздерінің тағдырларын анықтаушылар санап, соларға табынып: «Бізді Құдай жаратқанымен бізді өз жайымызға қалдырды. Сол себепті қалаған нәрсемізді істейміз. Бізге пайғамбар жіберудің қажеті жоқ» десті. Олар Құдайдың жаратушылығын теріске шығармағандарымен адамды өз істерінің иесі санап, басқаларға зиян келтірмесе, оған қалаған ісін жасауға рұқсат беретін тап бүгінгі заманның кейбір зиялы адамдары сынды болды Салеһті өлтіруді көздеген қастандық Меккенің мүшіріктерінің ислам пайғамбарына қарсы қастандықтарын еске түсіреді. Олар да ол хазіретті түнделетіп, ұйықтап жатқан жерінде өлтірмек болды. Мүшіріктер тайпалардың барлығы ол хазіреттің өліміне серік болуы үшін және пайғамбардың құнын даулаушылар арнайы бір тайпаны өлімге айыптай алмауы үшін әр тайпадан бір-бір адамнан тағайындады. Осы аяттардан үйренетініміз:
Пайғамбарлардың қарсыластары қисын мен дәлел иелері болған жоқ. Олар пайғамбарлардың шақыруының таралуына тосқауыл қою үшін қастандық жасауға, оларды өлтіруге жоспар құрды. Тарихта көптеген ғибрат бар. Құдайдың пайғамбарларын өлтіру үшін Құдайдың атымен ант-су ішкен адамдар болған. Бұл – адамзаттың нағыз жәһілдігі мен адасушылығы. Хаваредждер Құдайға жақындау ниетімен, Құдайдың үйі – мешітте Құдайдың айында Құдайдың таңдаулы пендесі хазірет Әлиді семсердің соққысымен шәһид етті