Сандар жаңылыспайды (6)
Бүгінгі бағдарламада АҚШ-тағы кедейшілік деңгейін 2016 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға жұмсалған қаражат деңгейімен салыстырамыз.
Кедейшілік қуатты құзырын АҚШ үкіметінің өзі жасыра алмайтын мәселе болып табылады. АҚШ индустриялды елдер арасында кедейшілік бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Қолда бар статистикалық мәліметтер бойынша, АҚШ-та кедейшіліктің өсу жылдамдығы осы елдегі тұрғындар санының өсуінен екі есе артық. Бұл бәрінен бұрын балаларға зиян тигізеді. АҚШ-та әрбір 4 баланың біреуі кедей өмір сүреді. Балалары бар жанұялардың жартысы кедей болып саналады. Америкалық балалардың 19 пайызы кедей. Олардың 41 пайызының күнделікті тұрмыс жағдайы кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретін балалардан сәл ғана жақсы. Олардың арасында түрлі түсті нәсілді балалар көбірек мақұрым қалып отыр. Соның ішінде америкалық қара нәсілді балалардың арасында кедейшілік деңгейі 35 пайызды құрайды. Ал ақ нәсілді жанұялардағы америкалық балалардың кедейшілік деңгейі 11 пайыз деп жарияланды. Осындай жағдайда 2016 жылы қарашада АҚШ-та өтетін президенттік сайлауда Барак Обаманың орнына таласқан елдің екі негізгі партиясының үміткерлері соңғы бір жылда тек үгіт-насихат үшін 1 млрд 632 млн доллар жұмсаған.