Қаз 22, 2016 20:00 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (7)

Бүкіл әлемде СПИД ауруын емдеу және соған қатысты медициналық зерттеулер жүргізу үшін 2013-2014 жылдарда бөлінген бюджет 1 млрд 250 млн долларды құраған. 2016 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлау науқанына қатысып жатқан үміткерлердің үгіт-насихатқа жұмсаған қаражаты СПИД ауруына қарсы әлемдік зерттеулерге бөлінген бір жылдық бюджеттен артық болып отыр.

Бір қарапайым салыстыру

Адамзат тарихы түрлі замандарда адамзат қоғамына қарсы ең үлкен қауіп-қатерлердің бірі болып саналған аураларға куә болды. Оба немесе тырысқақ сияқты аурулар әртүрлі кезеңдерде көптеген адамдарды ажал құштырды. СПИД қазіргі заманда жаппай қыратын аурулардың бір түрі саналады. Әлемде күніне 8000 адам СПИД-тен қайтыс болады. Африканың орталығы мен оңтүстік бөлігіндегі кедейлік салдарынан бұл аймақта аталмыш аурудың таралуы әлемнің басқа аймақтарынан көбірек. Африканың орталығы мен оңтүстік бөлігінде әлем тұрғындарының 10 пайызы өмір сүреді,  онда СПИД-ке шалдыққандардың 70 пайызы мен осы аурудан қайтыс болғандардың 80 пайызы орналасқан.

http://www.who.int/hiv/en/

Халықаралық қауымдастық СПИД-пен күрес қаражатын қамтамасыз етуде өзінің міндеттемелерін толығымен орындамайтындықтан, осы аурумен арпалысып жатқан көбінесе кедей елдер СПИД-ті емдеуге қажетті қаражат пен оның таралуының алдын алуға қажетті бюджеттің 57 пайызын өздері қамтамасыз етеді. Зерттеушілер осы ауыр ауруға әлі де ем таба алмай отыр.  Бүкіл әлем бойынша СПИД ауруын емдеу және соған қатысты медициналық зерттеулер жүргізу үшін 2013-2014 жылдарда бөлінген бюджет 1 млрд 250 млн долларды құраған.

http://www.povertyprogram.com/health.php

 

2016 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлау науқанына қатысып жатқан үміткерлердің үгіт-насихатқа жұмсаған қаражаты СПИД ауруына қарсы әлемдік зерттеулерге бөлінген бір жылдық бюджеттен артық болып отыр.