Қаз 23, 2016 12:31 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (85)

Теһранға түрлі елдердің экономикалық белсенділерінің келуі еуропалық саясаткерлерді Иранмен сауда қатынастарын дамыту жолындағы кедергілерді жою үшін ынталандыруда маңызды рөл атқарады.

ИИР Президенті Хасан Рухани өткен аптада азиялық сапарында Вьетнам, Малайзия мен Таиландқа барды. Иран мен шығыс және азиялық елдермен аймақтық ынтымақтастықтар шеңберіндегі экономикалық байланыстарын кеңейту маңызды болып табылады. Иран ECO, D8 тобы, Үнді мұхиты ынтымақтастығы ұйымы сияқты аймақтық ұйымдарда бірқатар азиялық елдермен тығыз ынтымақтастық жасап отыр.

Азия құрлығындағы аймақтық ынтымақтастықтар табысты экономика мен интеграцияның үлгісі болып табылады. Иранның Азияға қатысты ерекше көзқарасын назарға алсақ бұл байланыстардың  көкжиегі жарқын болмақ. 

Иран қазір мұнай және газ өндірісінде ілгерілеп, мұнай-химия бөлімінде 50 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр. Көптеген экономикалық сарапшылардың пікірінше, Иран шетелдік инвесторлар үшін тартымды елге айналған.

Иранның Орталық банкінің бас директоры Валиолла Сейф өткен аптада Теһранда Peugeot  көлік жасау тобының басқармасының төрағасы Карлос Тавареспен кездесуінде: ««Ортақ қадам» бағдарламасынан кейінгі кеңістік экономикалық жұмыстарды кеңейту үшін жақсы мүмкіндік тудырды. Иран мен Франция екіжақты сауда қатынастарын, әсіресе, көлік жасау өнеркәсібіндгі байланыстарды кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктерге ие» деді.

Франциялық көліктер Иранның нарықтарында ерекше орынға ие. Франциялық апталық газет Challenges бір мәлімдемесінде былай деп жазды: «Маусым айында Peugeot  келісімі жасалғаннан кейін Peugeot  Citroen  көлік жасау тобы қазір Иранда 400 мың көлік жасауға көздеп отыр». Бұл апталық басылым ирандық және франциялық компаниялардың арасында жасалған келісімнің оң және теріс тұстарын санамалағаннан кейін былай деп жазды: «Иран франциялық көліктердің жәннаты ма деген сауал туындайды. Франциялық көліктер Еуропадан тыс жерде көбінесе салқын қарсы алынғанымен, франциялық өндірушілер Иранның көлік жасау өнеркәсібіне алғашқы қадам жасағандардың бірі саналады. Франция 1960-70 жылдары Иранның көлік жасау өнеркәсібінің негізін қалады деп айтуға болады. Халықаралық санкциялар жойылғаннан кейін де Ирандағы өз жұмысын қайта жандандырған алғашқы ел де осы Франция болды. Себебі алдымен Peugeot  Citroen, одан кейін Renault компаниясы Иранға қайтып келді. Алғаш рет Иранға сапармен келген Peugeot  Citroen  көлік жасау тобының атқарушы директоры Карлос Таварес 6 қазан күні Citroen-ның Иранға қайтып келуі туралы қорытынды келісімге қол қойды. Бұл келісім шын мәнінде 21 шілде күні ирандық басқа бір көлік жасау тобы Saipa-мен осы фарнциялық брендтің үш моделін монтаждау туралы  жасалған келісімді растау мөрі болып саналады.

360 миллион еуроны құрайтын осы ортақ инвестиция арқылы 2021 жылға дейін жылына 150 мың көлік жасалады деп болжанып отыр. Дегенмен өндіріс көлемі жылына 230 мың көлікке жетеді. Жасалған алғашқы көліктер 2018 жылдың бас кезінде қолданысқа беріледі деп күтілуде. Peugeot-ның Citroen-нан біраз бұрын ғана Иран нарығына қайта оралуы бұл екі компанияның тығыз бәсекелестігін көрсетеді. Peugeot  Citroen  көлік жасау тобы 21 маусым күні ирандық көлік жасау тобы  Iran Khodro-мен Peugeot  208, 2008 және 301 моделдерін жасап шығару туралы бастапқы келісімге қол қойған болатын. Осы аяда жылына 200 мың көлік жасап шығару туралы 50:50 ортақ инвестиция жасалды. 5 жыл бойында 400 миллион еуро инвестиция салу арқылы Peugeot  Citroen  Иранда 400 мың көлік жасауды көздеп отыр.

ОПЕК-тің мұнай нарығы туралы айлық есебінде келтірілгендей, Иранның шикі мұнай өндірісі 2016 жылдың қыркүйек айында 3 миллион 665 мың баррельге артты. Мұнай және энергетика туралы хабар тарату арнасының мәлімдеуінше, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК қазан айындағы есебінде Иранның шикі мұнайының өндірісінің өткен қыркүйек айында оның алдындағы тамыз айымен салыстырғанда   21 мың 400 баррельге артып,3 миллион 665 мың баррельге жеткенін жазған.

Иранның тамыз айындағы мұнай өндірісі күніне  3 миллион 643 мың баррель болған. ОПЕК-тің мұнай нарығының айлық есебінде Иранның Мұнай министрлігінің ОПЕК-ке қыркүйек айындағы өндіріс деңгейі туралы тікелей жіберген есебі қарастырылмаған. Иранның өндіріс мөлшері алтыншы бағдарламаның соңына дейін күніне 4 миллион 700 мың баррельге жетуі тиіс, ал елдің мұнай экспорты алдағы 5 жылда күніне 2 миллион 800 мың баррельге артуы керек.

ИИР-ның темір жол компаниясы Тәжікстан темір жолдарымен әріптестік жасауға әзірлік танытты. Жуырда Тәжікстанға сапармен барған ИИР-ның темір жолдары компаниясы бас директорының темір жолдарды қолдану істері бойынша орынбасары Хосейн Ашури: "Екі елдің темір жолдары өткен жылдары түрлі салалар бойынша әріптестіктер жасады. Түркіменстан, Иран мен Тәжікстан арасында жыл сайын шамамен 200 мың тонна жүк тасымалданады. Бұл мөлшерді 500 мың тоннаға жеткізетіндей мүмкіндік бар. Тәжікстан темір жолдары басшылары, ирандық кәсіпкерлер мен тәжікстандық зауыттардың басшылары қатысқан жиналыстарда тауар транзитінің мөлшерін арттырып, тауарлардың тәжікстандық тұтынушылардың қолына жетуі үшін кеңесулер өткізілді. Өткен бір жылда әріптестіктерді кеңейту мақсатында Тәжікстанның темір жолдары мен кәсіпкерлерінің тұтынушыларға тауарларды төменірек бағамен ұсына алуы үшін оларға 40 пайызға дейін жеңілдік берілді" деді. Ол сонымен қатар Иранның жүк және жолаушылар тасымалына арналған вагондарды сатуға әзірлгін мәлімдеді. Ашури Иран мен Тәжікстанның темір жолдарының арасында ынтымақтастықтарды арттырудың екі елдің экономикасының кеңеюіне себеп болатынын айтып: "ИИР темір жол тасымалы саласындағы Тәжікстанмен ортақ жұмыстарын арттыруға әзір" деп еске салды.

Өткен аптада Теһранда Иранның Ұлттық мұнай-химия компаниясы мен ұлыбританиялық-нидерландылық Shell компаниясы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Ұлттық мұнай-химия компаниясының бас директоры Марзие Шахдаи мен Shell компаниясы бөлімшесі төрағасының орынбасары  Иранның мұнай-химия өнеркәсібінде әріптестік жасау үшін бастапқы келісімге қол қойды.

Иранның Мұнай министрінің халықаралық және кәсіпкерлік істері жөніндегі орынбасары Амир Хосейн Заманиниа Иранның Ұлттық мұнай-химия компаниясы мен Shell компаниясының ынтымақтастығы туралы: "Иранның мұнай-химия өнеркәсібіндегі белсенділердің іс-шараларына қарасақ, осы компанияның жобалары мұнай және газ жобаларынан ертерек жүзеге асырылатын көрінеді" деді.

Иран жылына 61 миллион тонна мұнай-химия өнімдерін өндіру мүмкіндігіне ие. Иран 2025 жылға дейін бұл мөлшерді 120 миллион тоннаға дейін жеткізбек.

Иранның Қаржы және экономика министрі Әли Тайебниа Әлемдік банк пен Халықаралық Валюта қорының Вашингтондағы отырысында халықаралық ірі банктердің Иранның банктік жүйесімен байланыстарындағы  Батыстың өз міндеттерін орындаудағы жайбасарлығын сынға алды. Иранның Экономика министрі еуропалықтардан «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттерін орындауды АҚШ-тың есіне салуын сұрады.   

АҚШ-тың Қаржы министрлігінің жуырда шығарған қаулысына сәйкес, шетелдік банктер Иранмен долларлық операциялар жасай алады. Алайда бұл операциялар АҚШ-тың қаржы жүйесімен жүзеге асырылмауы тиіс. Енгізілген өзгерістерге  сәйкес, шетелдік қаржылық ұйымдар, оның ішінде АҚШ-тың ұйымдарына қарасты шетелдерде орналасқан мекемелер Иранмен арада доллармен операциялар жүргізе алады, алайда бұл операциялар тікелей немесе жанама түрде америкалық қаржы жүйесін және АҚШ азаматтарын қамтымауы керек.

Кейбір сарапшылар бұдан бұрын бұл нұсқаулардың АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды қайта қарауға бел буғанын білдіретінін айтқан. Бірақ осы қаулылар жарияланғаннан кейін АҚШ-тың Қаржы министрлігінің мәлімдемесі бұл болжамды теріске шығарып, бұл нұсқаулардың бұрынғы жағдайды өзгерту деген мағынаны білдірмейтінін көрсетті. 

Қаржы министрлігі  бұл қаулылардың Иранға қарсы санкциялардағы рұқсат етілген және шектеу қойылған нәрселердің тізімін жаңартуды көздейтінін мәлімдеді.

Қаржы министрлігі өзінің мәлімдемесінде былай деді: «Жұма күні жарияланған қаулыларды жаңарту ядролық келісімге сәйкес санкцияларды тоқтату мәселесін айқындау және әлі де күші жойылмаған санкцияларды анықтау мақсатын көздейді. Қосымша санкцияларды жоюды жеңілдету үшін ешқандай себеп жоқ».

Иран мен «алтылық» тобы  2015 жылдың 14 маусым күні Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізді. «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейін банктердің басым бөлігі халықаралық қаржы операцияларын жасай бастады, алайда әділетсіз санкцияларға ұшыраған заңды және жеке тұлғалардың тізімі әлі де бар.

Business Standard интернет сайты Иранның Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізіне қосылуға мүдделі екенін жазды.

Бұл ақпарат сайты былай деді: «Иранның Пәкістандағы елшісі Мехди Хонардуст Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі жобасының директоры Захир шахпен кездесіп, Иранның осы экономикалық дәлізге қатысты жасай алатын ынтымақтастықтары туралы сұхбаттасты. Нью-Йоркте  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы отырысы аясында өткен Иран  Президенті Хасан Рухани мен Пәкістан премьер-министрі Наваз Шарифтің кездесуінде Иран осы экономикалық дәлізге қосылуға әзірлігін мәлімдеді. Иранның Пәкістандағы елшісі: «Иранда техникалық, инженерлік, энергетикалық, жол, құрылыс, қуат жөнелту желілері салаларында көптеген мүмкіндікке ие түрлі бөлімдер бар. Сондықтан Иран осы дәлізге қосылуға әзір. Сондай-ақ, Пәкістанның энергетика, оның ішінде, табиғи газ бен электр қуатына деген қажеттілігін қамтамасыз етуге әзір» деді. Бұл Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізін неғұрлым тезірек аяқтау үшін қажет. Осы кездесуде сонымен қатар Захир шах Иранның осы экономикалық дәлізге қосылуға деген әзірлігі мен ынтасын дәріптеп, Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықтарды қуаттады. Захир шах Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізінің Иранға қарай кеңейтілуі керек екенін баса айтты. Айта кетер жайт, Үндістан біраз бұрын 46 миллиард доллар қаржыны қажет ететін Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізіне қатысты алаңдаушылығын білдірген болатын. Иранға қарсы халықаралық санкциялар жойылғаннан кейін Иран мен Пәкістанның арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды қайта жандандыру жолы тегістелді.