Қаз 25, 2016 16:59 Asia/Almaty

Шұғыра сүре x 637 бөлім x 16 аят x

«Фұрқан» сүресінің аяқталуымен бұл бағдарламада «Шұғара» сүресін бастаймыз. Бұл сүре 227 аяттан тұрады. Сүренің соңғы аяттары шайырлар және олардың қоғамдағы ролі туралы болғандықтан «Шұғара»-«шоара», яғни «ақындар», «шайырлар» деп аталған.

«Шұғара» сүресінің 1-2-3 аяттары:

طسم»، «تِلْکَ آیَاتُ الْکِتَابِ الْمُبِینِ»، « لَعَلَّکَ بَاخِعٌ نَّفْسَکَ أَلَّا یَکُونُوا مُؤْمِنِینَ» 

«Та, син, мим – ұғымын Алла біледі. (1) Бұл Құранның айқын аяттары. (2) (Мұхаммед Ғ.С.) олар иман келтірмеді деп сен өле жаздайтын сияқтысың». (3).

 Құран Кәрімнің 29 сүресі өзінен кейінгі әріптерге қосылмайтын «моқатаэ» әріптерінен басталған. «Шұғара» сүресі де сондай сүрелердің бірі. «Моқатаэ» әріптер «Құран – Алланың үлкен мұғжизасы» дегенді қуаттаған Құранның құпияларының бірі. Осы қарапайым әріптерден баршаның ықтиярындағы Құран жазылған. Ешбір жазушы мен данышпан бұл сияқты кітапты жазуға қауқарсыз. Аяттардың жалғасы Алланың кітабының ағартушылық ролін қуаттайды. Бұл кітап айқын түрде хақ пен жалғандықты, дұрыс пен бұрысты ажырататын мәйек. Осы іс Құран Кәрімнің ұлылығы мен ғажайыбының белгісі. Үшінші аят ислам пайғамбарының адамдарға жетекшілік етіп, бағыттаудағы құлшынысы мен жанашырлығына тоқталады. Хазірет мүшіріктердің жөнсіз қылықтары мен қорлаушы, тіл тигізушілік әрекеттері мен қоқан-лоққыларына қарамастан оларды таухид дініне шақырудан қол үзбей, олардың иман келтірмей, өздерінің жалған ойлары мен істерін қуаттағандарын көргенде қапаланғаны соншама, тіпті өліп кете жаздады. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Ағартушылық – Құранның маңызды ерекшеліктерінің бірі. Тығырыққа тірелген кездегі ең дұрыс іс – бізге жол нұсқайтын Құранға жүгіну.

2. Пайғамбарлар халықтың жанашырлары болды. Олар өздерінің міндеттерін орындап, адамдарды хақ жолына шақыру үшін шектен тыс үміттеніп, талпыныс жасады.

3.Егер адамдардың жүректерінде қабылдау негізі болмаса ең қасиетті кітап пен тәрбиеші де оларға әсер ете алмайды.

 «Шұғара» сүресінің 4 аяты:

 «إِن نَّشَأْ نُنَزِّلْ عَلَیْهِم مِنَ السَّمَاءِ آیَةً فَظَلَّتْ أَعْنَاقُهُمْ لَهَا خَاضِعِینَ»

Егер қаласақ, оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, олар бой ұсынушыларға айналар еді. (4)

Алдыңғы аятта пайғамбардың барлық талпыныстарына қарамастан олардың иман келтіруге әзір болмағаны айтылды. Осы аят соның жалғасында былай дейді:  «Олар күпіршілік және теріске шығару арқылы Алланың құдіреті мен билігінен сытылып шығып кетеміз деп ойламасын. Себебі Құдай адамдардың ерікті түрде иман келтіруін қалайды. Егер Құдай қалағанда олар қорқыныш пен мәжбүрліктен Оған бағынып, Оның алдында бастарын иетіндей өзінің құдіреті мен ұлылығынан белгі көрсете алатын еді».

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Иманға адамдар ерікті түрде келуі керек. Адамдардың Иесі Құдай оларды мәжбүрлемегенде басқалар, соның ішінде қамқоршылар адамды иман келтіруге мәжбүрлеу хақысына ие ме?!

2.Хақтың алдында бастарын имейтіндер үшін бір күні бастарын төмен салып, мойынсұнатын күн келіп жетеді. Бірақ ол күні кеш болғандықтан мойынсұну пайдасыз болады.

«Шұғара» сүресінің 5-6 аяттары:

«وَمَا یَأْتِیهِم مِّن ذِکْرٍ‌ مِّنَ الرَّ‌حْمَنِ مُحْدَثٍ إِلَّا کَانُوا عَنْهُ مُعْرِ‌ضِینَ»، «فَقَدْ کَذَّبُوا فَسَیَأْتِیهِمْ أَنبَاءُ مَا کَانُوا بِهِ یَسْتَهْزِئُونَ»

Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады. (5) Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады. (6)

 Бұл аяттар Меккенің мүшіріктерінің Алланың елшісімен лайықсыз қатынас көрсеткендіктерін баяндап, былай дейді:

«Пайғамбарға түсірілген әрбір аят мүшіріктердің оянып, хабардар болуы үшін жаңа ескерту жасады. Олар содан сабақ алып, оянудың орнына одан бас тартып, тіпті Алланың аяттарын, ол аяттар Рақымды Құдай, рақымы бүкіл әлемді қамтыған, мақұлықтардың барлығы, соның ішінде адам Оның шексіз рақымына қарыздар Құдай тарапынан  болғанына қарамастан тыңдауға да әзір болмады».

Ырымшыл да көрсоқыр мүшіріктер мұнымен де шектеліп қалмады. Олар дәлел мен дәйек келтірместен Алланың аяттарын теріске шығарып, оларды бұрыс деп санады. Ең жаманы, олар Хақты теріске шығарумен қатар пайғамбар мен оның уәделерін келеке етті. Пайғамбар қиямет, жұмақ пен тозақ туралы айтқан кезде оны мазақтап, оның барлығын хазіреттің көрген түсі, ойы мен қиялы деп атады. Алайда Құдай: «Олардың Алланың жазасын байқап, илаһи уәделерді өздерінің бүкіл болмыстарымен түсініп, өздері теріске шығарып, келеке еткендерінің бүгінде соған кіріптар еткен, одан қашып құтылатын жол жоқ шындық болғанын түсінетін күн алыс емес» дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Адам жолдан біртіндеп тайып, зауалға ұшырайды: алдымен хаққа немқұрайдылық танытып, одан бас тартып, содан кейін оны теріске шығарып, Хақ пен иман иелерін  келекеге айналдырады.

2. Құран аяттары ескертудің мәйегі. Бірақ қырсықтық пен Хақтан бас тарту жолын  таңдаған адамдар үшін емес, Хақты қабылдауға дайын жүректер үшін.

 3. Келеке ету теріске шығарудан да жаман. Хақ Тағала мен оның жақтастарын мазақтағандардың тілектері жауапсыз қалатын болады. Осындай жаман қылықтары үшін Құдай оларды жазалайтындығын қуаттайды.