Шұғыра сүре x 638 бөлім x 7-13 аят x
Шұғыра сүре x 638 бөлім x 713 аят x
«Шұғара» сүресінің 7-8-9 аяттары:
«أَوَلَمْ یَرَوْا إِلَى الْأَرْضِ کَمْ أَنبَتْنَا فِیهَا مِن کُلِّ زَوْجٍ کَرِیم»، «إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَةً وَمَا کَانَ أَکْثَرُهُم مُّؤْمِنِینَ»، «وَإِنَّ رَبَّکَ لَهُوَ الْعَزِیزُ الرَّحِیمُ»
Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктер өсірдік. (7) Рас, бұнда ғибрат барда олардың көбі сенуші емес. (8) (Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді. (9)
Алдыңғы бағдарламада кәпірлердің ислам пайғамбары мен Құранды теріске шығарып, қабылдамай, келекеге айналдырулары туралы баяндалды. Осы аяттар былай дейді: «Кәпірлер Құдайдың құдіреті мен ұлылығының белгілерін жер деңгейінде көргендерімен Құдайды жете түсінбейді, Оған иман келтірмейді. Олардың құлақтары хақты естуге төзе алмай, хақтан қашады. Көздері де табиғаттағы Құдайдың белгілері мен көріністерін көруден мақұрым қалып, хақты түсінбейді. Өсімдіктер мен ағаштардың түр-түрі мен қалың ормандарға ғибрат көзімен қараса, міне, солар Құдайдың бар екендігінің ең жақсы белгісі. Себебі оларда да жұптықтың заңы сақталған. Өсімдіктердің алуан түрі аталық және аналық болып, көркем де тартымды қалыпта бір-бірінің жанында орналасқан».
Құран 1400 жыл бұрын өсімдіктердің арасындағы жұптық заңына жалпы бір заң ретінде сілтеме жасаған. Бірақ милади жыл санағы бойынша 18 ғасырдың ортасында танымал ботаник ғалым Карл Линней өсімдіктердің де жан-жануарлар сияқты аталық және аналық жынысты болатындығы туралы шындықты ашты. Осылайша өсімдіктердің аталық және аналық арқылы тозаңдануының нәтижесінде мәуелеп, өнім беретіндігі Құран Кәрімнің ғылыми ғажайыптарының бірі саналады. Осы аяттардан шығатын қорытынды:
1.Жаратылыстың сұлулықтары мен жаратылыстардың жаратылуы мен өнімділігін зерттеу Құдайды танудың ең жақсы жолдарының бірі.
2. Өсімдіктердің жұптығы – Құдайдың табиғаттағы белгілерінің бірі.
3.Дүниедегі адамдардың көпшілігі кәпір болғанымен бұл «күпіршілік дұрыс» дегенге дәлел бола алмайды. Егер адамдардың көбісі темекі тартса бұл іс дұрыс дегенді білдірмейді.
4. Құдай құдіретті, ғиззатқа ие, жеңілмейтін бола тұра Өзінің құлдарына өте рақымды да мейірбан.
«Шұғара» сүресінің 10-11 аяттары:
«وَإِذْ نَادَى رَبُّکَ مُوسَى أَنِ ائْتِ الْقَوْمَ الظَّالِمِینَ» ، «قَوْمَ فِرْعَوْنَ أَلَا یَتَّقُونَ»
Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.)-ға: "Залым елге бар" деп үндеді: (10) "Перғауын еліне. Олар қорықпай ма?" (11)
Осы сүреде илаһи пайғамбарлардың жетеуі туралы қысқаша баяндалған. Олардың біріншісі – хазірет Мұса. Хазірет Мұсаның өмірі мен ресалаты Құранның көптеген сүрелерінде айтылған. Бірақ олардың әрқайсысы ол хазіреттің өмірінің бір қырын баяндап, хазірет Мұсаның өмірбаяны ислам пайғамбары мен мұсылмандардың жағдайына қатысты жазылған. Осы сүренің алғашқы аяттарында Құдай ислам пайғамбарына қатысты қарсыластардың жөнсіз қылықтарына тоқталып: «Олар қырсықтыққа душар болғандықтан саған иман келтірмейді» деген болатын. Бұл аяттар хазіретке қаратып: «Хазірет Мұсаның да кәпір, қырсық, жаман істерден бас тартпайтын, араларында зұлымдық пен қатігездік кең таралған қауыммен бетпе-бет келгенін есіңе ал. Алайда ол хазірет оларды шақырудан қол үзбеді. Оларды жөндеріне қоя салған жоқ» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Бұрынғы қауымдар мен олардың пайғамбарларының тарихымен танысу мұсылмандардың бүгінгі өмірлеріне жолнұсқау болады. Сол тарих ислам дінінің жақтастарын қарсыластардың әртүрлі тәсілдері мен олармен қарсыласудың жолдарымен таныстырады.
2.Қоғамды түзету үшін реформаторлар көтеріліс жасап, сахнаға шығулары керек. Үйде отырып алып, сөз сөйлеуден пайда жоқ.
3. Зұлымдық пен бейбастақтықпен күресу үшін оның тамырын табу керек. Сол себепті тағұтпен күрес илаһи әмбиелердің бағдарламаларының басты бағдары болды.
«Шұғара» сүресінің 12-13 аяттары:
«قَالَ رَبِّ إِنِّی أَخَافُ أَن یُکَذِّبُونِ»، «وَیَضِیقُ صَدْرِی وَلَا یَنطَلِقُ لِسَانِی فَأَرْسِلْ إِلَى هَارُونَ»
(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын" деді.(12) "Кеудем қысылып, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарүнға да пайғамбарлық бер!" (13).
Хазірет Мұсаға ғаПерғауын мен перғауындықтар бару міндеті жүктелгеннен кейін ол хазірет өзінің ішкі және сыртқы қиындықтары туралы Құдаймен бөлісті. Бірінші мәселе оның сөзін қабылдау ықтималының өте аз екендігі және перғауындықтардың оның сөзін өтірік деп айтатындықтары болды. Келесісі, бұл міндетті орындаудың өте қиын әрі ауыр екендігі. Әсіресе, хазірет Мұса жеткілікті мөлшерде шешен емес еді. Бұл оның келеке мен қорлыққа ұшырауының себебі болуы мүмкін болатын. Сол себепті ол хазірет Құдайдан бауыры Һарунның да осы істе оған жәрдемдесіп, қасынан табылуын сұрады. Мұсаның айтқандарының барлығын Құдай алдын ала білді. Соған қарамастан осы үлкен істі жүзеге асыруға оны жауапты етіп, Һарун да онымен бірге Перғауынға барсын деген оның тілектерін де орындады. Бұл аяттар қоғамда оларға жетекшілік етіп, жол нұсқау міндеті жүктелген үлемдер мен дін уағыздаушылары науқастану немесе жастарының келуіне байланысты өз міндеттерін жалғыз өздері атқара алмаса да олардың мойындарынан жауапкершілік жүгінің алынбайтынын жақсы көрсетеді. Дегенмен қолдарынан іс келетін, мықты жастарды көмекке шақырып, олардың қаламдары мен сөздерін дінді уағыздап, тарату үшін пайдалану қажет.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Адамдардың теріске шығаруы жауапкершілікті тастауға себеп болмайды. Дін үлемдері әрдайым адамдарды Құдай тарапына, Оның жолына шақыруы керек.
Адамдардың, соның ішінде пайғамбарлардың қиындықтар мен қарсылықтарға қатысты мүмкіндіктері шектеулі. Сол себепті олар Құдайдан медет сұрауы керек.
Үлкен істер пікірлестердің қолдауын қажет етеді. Басқалардың жәрдемі болмаса іс оң нәтижеге жетпеуі мүмкін.