Шұғыра сүре x 14-20 аят x 639 бөлім
1420 аят x 639 бөлім x Шұғыра сүре x
«Шұғара» сүресінің 14-15 аяттары:
«وَلَهُمْ عَلَیَّ ذَنبٌ فَأَخَافُ أَن یَقْتُلُونِ»، «قَالَ کَلَّا فَاذْهَبَا بِآیَاتِنَا إِنَّا مَعَکُم مُّسْتَمِعُونَ»
Мұса: «Олар мені күнәһар санайды. Сондықтан олардың мені өлтіруінен қорқамын!" (14) (Алла Т.): "Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз" деді. (15)
Алдыңғы бағдарламада Құдайдың хазірет Мұсаны Исраил ұрпағын Перғауынның үстемдігінен құтқару үшін перғауындықтар тарапына жауапты етіп жібергені айтылды. Осы аяттар былай дейді: "Хазірет Мұса бұл жауапкершіліктің қиындықтарының бірін Құдайға айтып: «Бұдан бұрын бір қақтығыста залым перғауындықтардың бірінен жәбірленушіні қорғамақ болып әрекет еткен кеезде сол зұлымды өлтірген болатынмын. Енді, қазір егер олардың арасына барсам, мені өлтіреді немесе әлгі адамды өлтірген оқиға менің ісіме кедергі келтіреді ме деп, соның салдарынан осы міндетті орындай алмаймын ба деп қорқамын» дейді. Құдай оған берген жауапта былай деді: «Алаң болма! Себебі олар саған залал келтіре алмайды. Бірақ бұл іске жалғыз барма. Өзің өтініш білдіріп едің. Сол жерге өзіңнің бауырың Харунмен бірге бар. Менің сендерге жар болатындығымды біліңдер. Мен сендер мен перғауындықтардың араларында болып жатқан оқиғаларды көріп қана қоймаймын, сонымен қатар жақыннан естіп те сендерге жәрдемдесемін». Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:
1. Дұшпанға қарсы кез-келген әрекетте нәтиже қолжетімді болу үшін бұрынғы жағдайға көңіл бөліп, пікірлес адамдардың жәрдемін пайдаланып әрекет ету керек.
2. Тиімді шешім қабылдаған соң Құдайға тәуекел ету керек. Ол иманды адамдардың Қолдаушысы.
3. Құдай барлық жерде бар. Ол Бақылаушы. Ол біздің істеріміздің бүге-шігесіне дейін хабардар.
4. Хақты баяндауда хақты жақтаушылардың аздығынан да, дұшпандардың көптігінен де, олардың күш-қуаты мен айбарларынан да қорықпаңдар.
فَأْتِیَا فِرْعَوْنَ فَقُولَا إِنَّا رَسُولُ رَبِّ الْعَالَمِینَ»، «أَنْ أَرْسِلْ مَعَنَا بَنِی إِسْرَائِیلَ»
«Шұғара» сүресінің 16-17 аяттары:
Екеуің Перғауынға барып: "Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз;" (16) "Израил ұрпақтарын азат етіп, бізбен бірге жібер!",- деңдер» деді (17).
Осы аяттарда Құдай хазірет Мұсаның міндеттерін анық айқындап: «Сендер адамдарға барудың орнына алдымен Перғауынға барып, оған былай деп айтыңдар: «Біз Құдай тарапынан «Исраил ұрпағын өздерінің туған жерлеріне қайтаруымыз үшін оларды өзіңнің тұтқындығыңнан босат» деген хабарды айту үшін саған келіп отырмыз» деп айтыңдар» деді. Бұл аяттар пайғамбарлардың зұлымдық және үстемдікпен күресте, сондай-ақ адамдарды үстемшілдердің шеңгелінен құтқарудағы ролін жақсы көрсетеді. Таухид пен бір Құдайға табынуға шақырудан бұрын хазірет Мұса өз қауымын сол кездегі зұлым басшының үстемдігінен азат етуге осы жолда барлық қатерге жанын тігуге жауапты етіп міндеттелді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Пайғамбарлар хаққа шақырып, өздерінің ресалаттарын жариялауда кесімді әрі қатаң болды. Олар өздеріне уәхи еткенді ешбір кем-кетіксіз адамдарға жеткізді.
2. Жаратылыс әлемін Құдай басқарады. Сол себепті «құдаймын» деп уәж айтатын кісілерге қарсы былай деп кесіп айту керек: «Жаратылыстың барлығының Құдайы біреу. Сен де Оның билігіндесің.
"Шұғара» сүресінің 18-19-20 аяттары:
قَالَ أَلَمْ نُرَبِّکَ فِینَا وَلِیدًا وَلَبِثْتَ فِینَا مِنْ عُمُرِکَ سِنِینَ»، «وَفَعَلْتَ فَعْلَتَکَ الَّتِی فَعَلْتَ وَأَنتَ مِنَ الْکَافِرِینَ»، «قَالَ فَعَلْتُهَا إِذًا وَ أنَا مِنَ الضَّالِّینَ»
Перғауын: "Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнің неше жылын арамызда өткізбедің бе?" (18) "Ол істеріңді істедің. Сен шүкірсізсің" деді. (19) (Мұса Ғ.С.): "Мен ол істі істеген кезде қателескен едім" деді. (20)
Перғауын хазірет Мұсаның сөздерін естіген соң оның ресалаты мен міндеті туралы айтудың орнына Мұсаны ұялтып, оны өзіне қарыздар деп көрсетпек болып хазіреттің өткен өмірін алдыға тартты. Алдымен Перғауынның айналасындағылардың Мұсаны Ніл өзенінен алып шығып, өздерінің арасында көп жылдар бойы өсіргендіктерін айтты. Исраил қауымының ұл балалары өлтіріліп, ешбір әулет бұл заңнан аман қалмаған уақытта Алланың қалауымен Мұса Перғауынның сарайында мейірім мен нығметтің ортасында толық қауіпсіздікте тәрбиеленген болатын.
Перғауын сол кезеңді еске салу арқылы «Біздің дастарханымыздың басында ер жеткен сенің бізбен осылай сөйлесуге, бізден осындай өтініш жасауға қалай батылың барды?» дегісі келді. Перғауын соған сілтеме жасаған екінш жәйт Мұсаның перғауындықтардың бірін өлтіруі болды.
Бұл оқиғаға сілтеме жасаудағы мақсат кісі өлтірген адам қалайша пайғамбар болады деп Мұсаның құрметі мен беделін әлсірету болды. Мұнымен қоса бұл егер ісіңді жалғастыратын болсаң саған қысас жасаймыз, аман қалмайсың деп, Мұсаға қарсы жасалған қоқан-лоққы болды. Бірақ хазірет Мұса Перғауынның бұл сөзіне берген жауапта: «Исраил ұрпақтарының бірімен перғауындықтардың бірінің арасындағы қақтығыста мен жәбірленушіге жәрдемдесіп, қаскүнемге соққы бердім. Менің соққымның оны жән тәсілім ететіндігін білген жоқпын. Мен оны өлтіруді мақсат еткен жоқпын. Керісінше оны жәбірленушіден алыстатпақ болдым. Алайда әрекетім менің еркімнен тыс, абайсызда оның өліміне соқтырды» деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
Басқаларға жасаған жақсылықты міндетсіну перғауындықтар мен билік иелерінің әдеті.
Басқаларға жақсылық жасау олардың басқаларға үстемдігін қабылдатуға себеп болмайды. Жақсылық жасадым деген сылтаумен басқалардан құл болуды күтуге болмайды.
Жетекшілік пен әмір ету барлық жағдайда қажет. Тіпті ата-ана немесе қамқоршы ретінде өмір бойы бізге жақсылық жасаған адамдар да жетекшілікті қажет етеді.
Құдайдың таңдаулы әулиелері өздері өмір сүрген орта мен жағдайдың ықпалына берілмейді. Хазірет Мұса Перғауынның сарайында өскенімен ешқашан сол ортаның ықпалына түскен жоқ.