Шұғыра сүре x 21-26 аят x 640 бөлім
2126 аят x 640 бөлім x Шұғыра сүре x
«Шұғара» сүресінің 21-22 аяттары:
«فَفَرَرْتُ مِنکُمْ لَمَّا خِفْتُکُمْ فَوَهَبَ لِی رَبِّی حُکْمًا وَجَعَلَنِی مِنَ الْمُرْسَلِینَ»، «وَتِلْکَ نِعْمَةٌ تَمُنُّهَا عَلَیَّ أَنْ عَبَّدتَّ بَنِی إِسْرَائِیلَ»
"Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды." (21) "Сенің Исраил ұрпақтарын құл еткенің маған міндетсіген игілігің осы." (22)
Алдыңғы бағдарламада Құдай тарапынан хазірет Мұсаның бауыры Һарун екеуіне Перғауынға барып, оны халыққа зұлымдық жасаудан тыйып, Исраил ұрпағын Перғауынның үстемдігінен құтқару міндеті жүктелгенін айттық. Бірақ, Перғауын хазірет Мұсаға берген жауапта оған: «Біріншіден, сен біздің адамдардың бірін өлтірдің. Екіншіден, сен өзің біздің етегімізде тәрбиеленіп, ер жеттің. Сондықтан сен қалайша біздің еңбегімізді бағаламастан маған мұндай сөз айтасың» деді. Хазірет Мұса Перғауынға берген жауапта былай деді: «Мен оны өлтіруді мақсат еткен жоқпын. Керісінше жәбірленушіні қорғау үшін оған соққы жасадым. Алайда бұл іс оның өліміне соқтырды. Оның өлімі қасақана іс емес, аңдаусызда орын алған оқиға».
Осы аяттарда хазірет Мұса: «Мені ұстап алып, әділетсіз түрде қысас жасайды деп қорыққандықтан, Мысырдан қашып, Мадайинге бардым. Құдай маған хикмет үйретіп, пайғамбарлыққа таңдады. Енді маған Құдай сені Исраил ұрпағына зұлымдық жасаудан тыю жауапкершілігін жүктеді. Бірақ мені етегіңде тәрбиеледім дегенің маған сенің жасаған мейіріміңнің белгісі емес. Керісінше, шынтуайтында, ол мені мен менің отбасыма жасаған зұлымдығыңның нәтижесі болды. Себебі мен қалыпты жағдайда әкемнің үйінде, анамның етегінде өсіп, ер жетер едім. Бірақ Исраил халқының арасында дүниеге келген ұл балаларды өлтіруге бұйрық бергенде анам мені өлімнен құтқару үшін сандықшаға салып, Ніл өзеніне тастады. Сен мені судан алып, балаң ретінде өсірдің. Сол себепті оны маған міндетсіп айтып тұрған бұл іс сенің маған көрсеткен мейірімің емес, Исраил ұрпағына жасаған зұлымдығыңның нәтижесі болды» дейді.
Аяттардан үйренетініміз:
Бейбастақ, бүлдіргі жүйеден қашу илаһи мейірімді табуға негіз дайындайды.
Құдай илаһи ресалатты орындап, адамдарды Хақ жолына шақыру мүмкіндігі мен әлеуетіне ие болу үшін пайғамбарларға білім мен түсінік сыйлайды.
Адамдарға міндетсіну үстемшіл және тағұт жүйелерге тән. Илаһи жүйе адамдарға міндетсімейді, керісінше оларға қызмет етуді, олардың қиындықтарын шешуді көздейді.
«Шұғара» сүресінің 23-24 аяттары:
«قَالَ فِرْعَوْنُ وَمَا رَبُّ الْعَالَمِینَ»، «قَالَ رَبُّ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَیْنَهُمَا إِن کُنتُم مُّوقِنِینَ»
(Перғауын): "Әлемдердің Раббы дегенің немене?",- деді. (23) (Мұса Ғ.С.): "Егер анық сенетін болсаңдар, Ол – жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы" деді. (24)
Перғауын Мұсаның мықты да дәлелді жауабын естіген кезде оның сөзінің жауабына қайтып оралып: «Әлемнің Пәруәрдігері тарапынан ресалаттыққа таңдалдым дегендегі Пәруәрдігерің кім?» деп сұраудан басқа амалы болған жоқ. Хазірет Мұса Перғауынның сұрағына берген жауапта жаратылыстағы Пәруәрдігердің құдіретінің белгілеріне сілтеме жасап: «Аспандар мен жерді және солардың араларындағыларды жаратқан, оларды басқарып отырған – Құдай. Аспандар өзінің биіктігімен, жер ұлан-байтақтығымен және сол жерде орналасқан тіршілік иелері әр алуандығымен менің Пәруәрдігерімнің жаратылыстары. Мұндай Пәруәрдігер табынуға лайықты. Ей, Перғауын! Егер сен де ақиқатты қаласаң, жаратылыстың жүйесі мен тәртібі туралы ойлансаң, оған сеніп, әлемнің жалғыз Жаратушысына сенетін боласың».
Тұжырымдар:
1.Дін уағыздаушыларының міндеттеріне адамдардың сенім мәселелері туралы сауалдары мен күдік-күмәндарына анық та дәлелді жауаптар ұсынуы жатады.
2. Көп «құдайларға» сенетін мүшіріктердің көзқарастарына керісінше илаһи діндердің көзқарасы бойынша әлем тек бір Жаратушыға ие. Құдайдан басқа ешкім бұл әлемде жаратушылық роліне ие емес.
3. Иманды адамдар әркез аспандар мен жерге және олардың ғажайыптарына мұқият қарағанда илаһи құдіретті түсінеді. «Шұғара» сүресінің 25-26 аяттары:
«قَالَ لِمَنْ حَوْلَهُ أَلَا تَسْتَمِعُونَ»، «قَالَ رَبُّکُمْ وَ رَبُّ آبَائِکُمُ الْأَوَّلِینَ»
(Перғауын) маңайындағыларға: "Естімей отырсыңдар ма?",- деді. (25) (Мұса Ғ.С.): "Ол сендердің де Раббыларың, бұрыңғы ата-бабаларыңның да Раббы" деді (26).
Перғауынның «құдаймын» деген уәждерін теріске шығарып, нағыз Құдайды таныстырған хазірет Мұсаның кесімді де тура жауабы Перғауынның ашуына тиді. Ол қызметкерлерінен Мұса айтқан сөзге қарсы әрекет жасауға бұйырды. Бірақ хазірет Мұса өз сөзінен қайтпақ түгілі «Менің Құдайым аспандар мен жердің ғана Жаратушысы емес, сонымен қатар сендер мен сендердің әкелеріңнің де Жаратушысы. Сендердің жаратылыстарың мен тіршіліктерің, ырзықтарың да Құдайдың қолында. Тіпті Перғауын да оның жаратылысы, Оның билігіндегі адам. Ол оның құдіретінің алдында түкке тұрғысыз» деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Тағұттық жүйелер Хақ сөзінің жанында ақиқатты көлегейлеу үшін кеңістік тудырудан басқа ештеңе емес.
2. Жаратылыстың барлығы, аспан мен жерден бастап, адам және басқа да жаратылыстар бір билікпен басқарылады. Құдайдың құдіреті оларға бірдей.