Қаз 25, 2016 17:29 Asia/Almaty

шұғыра-сүресі,-643-ші-сүресі,-41-48-аяттар

«Шұғара» сүресінің 41-42 аяттары:

 

 «فَلَمَّا جَاءَ السَّحَرَ‌ةُ قَالُوا لِفِرْ‌عَوْنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجْرً‌ا إِن کُنَّا نَحْنُ الْغَالِبِینَ» ، «قَالَ نَعَمْ وَإِنَّکُمْ إِذًا لَّمِنَ الْمُقَرَّ‌بِینَ»

  Сиқыршылар келген сәтте Перғауынға: "Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?",- деді. (41) (Перғауын): "Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар" деді. (42)

Алдыңғы бағдарламада Перғауын мен оның маңындағы адамдардың және сарай қызметшілерінің хазірет Мұсаның мұғжизасын көргенде оны сиқыршы деп атап, хазірет Мұсаны жұрттың алдында масқара ету үшін Мысырдың түкпір-түкпіріндегі білгір сиқыршыларды астанаға жинағанын айттық.

Осы аяттар былай дейді: «Сиқыршылардың барлығы жиналып, өздерінің істеріне сенімді болғандары сондай Перғауынға: «Мұсаны жеңіп, сенің талабыңды орындаған адамның сыйы не болады?» деп сұрады. Осындай жағдайда Мұса пайғамбардың жеңіліс тауып, масқараға ұшырауының Перғауын үшін өте маңызды болғаны түсінікті. Сол себепті ол: «Материалды тұрғыдан сыйлық беруіммен қоса сендер менің жақын адамдарым мен кеңесшілеріме айналасыңдар. Сендерге байлықпен қатар шен-шекпен де сыйлаймын. Тек Мұсаның осы сайыста жеңіске жетпеуіне, менің билігімді теңселтпеуіне күш салыңдар» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дүниеқұмарлар хақ пен жалғанды тануды мақсат етпейді. Олар Перғауыннан сый-сыяпат алу үшін, тек өздерінің материалды мүдделерін көздейді. Олар өз істерінің хақ пен жалғандығына көңіл аудармайды. 

2. Үстемшіл билеушілер хақпен күресу үшін қажетті барлық құралды, тіпті сиқыр мен жадылауды да пайдаланады.

«Шұғара» сүресінің 43-44-45 аяттары:

 

 «قَالَ لَهُم مُوسَى أَلْقُوا مَا أَنتُم مُلْقُونَ»، «فَأَلْقَوْا حِبَالَهُمْ وَعِصِیَّهُمْ وَقَالُوا بِعِزَّةِ فِرْ‌عَوْنَ إِنَّا لَنَحْنُ الْغَالِبُونَ»، «فَأَلْقَى مُوسَى عَصَاهُ فَإِذَا هِیَ تَلْقَفُ مَا یَأْفِکُونَ»

 

Мұса (Ғ.С.) сиқыршыларға: "Тастайтындарыңды қане тастаңдар" деді. (43) Сонда олар арқандары мен таяқтарын тастап: "Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз" десті. (44) Сонда Мұса (Ғ.С.) да таяғын тастады. Сонда ол олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады. (45).

Сөйтіп, белгіленген күн де келіп жетті. Перғауын мен оның айналасындағы нөкерлері мен сарай қызметшілері бір жақтан, қызықты көруге жиналған қалың халық екінші жақтан қаланың үлкен алаңына жиналып, сиқыршылардың күш сынасуын күтті. Олар еш қорықпастан сиқыршылардан қолдарынан не келеді, соның барлығын көрсетіп, күш сынасуды сұрады. Сиқыршылардың  өздерінің істеріне сенімді болғандары соншама маңғазданып, тәкәппарлық танытып, арқан, ағаш сынды сиқыршылық құралдарын жерге тастады. Сиқыршылар қолданған айлалардың нәтижесінде олардың сиқыршылық құралдары жұрттың көз алдында үлкенді-кішілі жыландарға айналды.  Сол кезде адамдардың жыландарды көріп, қорқынышқа бой алдырғандары түсінікті жағдай. Бірақ олар бір жағынан сиқыршылардың сиқырларымен хазірет Мұсаны жеңіп, хазіреттің ісі тәмамдалып, ол тығырыққа тіреледі деп ойлап, қуанды. Алайда олардың қуаныштары ұзаққа созылмады. Мұса пайғамбар асатаяғын лақтырып, оның үлкен де қорқынышты жыланға айналуымен әлгі арқандар мен ағаштардан еш белгі қалмады. Жиналған халық пен Перғауынның адамдары аңтарылып қалды. Себебі олар өз көздеріне сене алмай: «Тап осындай оңайлықпен қарапайым адамның сиқыршыларды жеңуі мүмкін бе» десті?!

Осы аяттардан үйренетініміз:

Құдайдың пайғамбарлары Құдайға тәуекел етіп, күрестің қиын сахналарына шығып, адамның көптігі мен қарсыластардың айбынынан еш қорықпайды.

Иманды адамдар жалған жолмен жүретін адамдарға қарсы олардың алдарында өздерін көрсетіп, жалғандықты кесімді түрде жеңу үшін қаруланған болуы керек.

Жалғандық солқылдақ, негізсіз болғандықтан хақтың алдында қарсыласуға төзе алмайды. Сиқыршылардың сиқыры хазірет Мұсаның алдында іске жарамай, жойылды.

 «Шұғара» сүресінің 46-47-48 аяттары:

  «فَأُلْقِیَ السَّحَرَ‌ةُ سَاجِدِینَ»، «قَالُوا آمَنَّا بِرَ‌بِّ الْعَالَمِینَ»، «رَ‌بِّ مُوسَى وَهَارُ‌ونَ»

ترجمه این آیات چنین است:

Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды. (46) "Әлемнің Раббына иман келтірдік" десті. (47) "Мұса мен Һарұнның Раббына." (48)

Алаңда жиналғандардың арасында сиқыр мен жадылау ісінен хабардар тек сиқыршылар ғана болды. Олар мұғжизаны сиқырдан өте жылдам ажырата қойды. Олар хазірет Мұсаның ісінің олардың ісіндей еместігін, тіпті мүлдем адам баласының қолынан келетін іс еместігін түсінді.  Өйткені ешбір адам асатаяқты жыланға айналдыра алмайды. Хазірет Мұсаның ісінің шынайылығының айқындылығы сондай сиқыршыларға қатты әсер етіп, олар өз еріктерінен тыс түрде сәждеге жығылды. Содан кейін олар орындарынан тұрып, хақтан түсініп-түйгендерін айта бастады. Бұдан сәл уақыт бұрын ғана Перғауын тарапынан байлық пен шен-шекпенге қол жеткізіп, өз істерін Перғауынның атымен бастауды көздеген олар өзгеріске душар болып, батылдықпен өздерінің хазірет Мұсаның Құдайына иман келтіргендіктерін жариялады. Бұл рухани төтенше өзгеріске таным  мен мағрифат арқылы қол жеткізілді. Олар Мұса хазірет көрсеткен істің адамның қолынан келмейтін үлкен мұғжиза екендігіне сенді. Сиқыршылар хақты осынншалықты анық және нақты түрде көрген кезде оны қабылдап, халық та Мұса пайғамбардың ісінің сиқыр мен жады болмағанын түсінулері үшін баршаға жария етті.  Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Ақыл түсінгенді жүрек те қабылдап, хақтың алдында мойынсұнса иман пайда болады.

2. Адам – ерікті жаратылыс. Ол өзінің қателігін түсініп, бір сәтте өзінің бағытын өзгертіп, жүріп өткен жолына қарсы қадам басу күшіне ие. Бұл шынтуайтында адамның артықшылығы болып табылады.