Қаз 25, 2016 17:34 Asia/Almaty

шұғыра-сүресі,-645-ші-бөлім,-53-62-аяттар

«Шұғыра» сүресінің 53-54-55-56 аяттары:

 

 «فَأَرْ‌سَلَ فِرْ‌عَوْنُ فِی الْمَدَائِنِ حَاشِرِ‌ینَ»، «إِنَّ هَؤُلَاءِ لَشِرْ‌ذِمَةٌ قَلِیلُونَ» ، «وَإِنَّهُمْ لَنَا لَغَائِظُونَ» ، «وَإِنَّا لَجَمِیعٌ حَاذِرُ‌ونَ»

Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді. (53) "Расында бұлар (Исраил ұрпақтары) аз топ" (деді.) (54) "Сонда да олар бізді ашуландыруда." (55) "Расында біз сақ бір топпыз." (56)

Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның Құдай тарапынан Исраил ұрпағын Мысырдан Шамға әкетуге, сол себепті өзінің шешімін Мысырдың әр жеріне тарап кеткен Исраил ұрпағына жеткізуге  жауапты болып тағайындалғанын айттық. Олар да хазірет Мұсаның басшылығымен үстемшіл, бұзық Перғауынның езгісінен құтылу үшін қалай болғанда да астанаға жетті. Бұл бағдарламадан хабардар болған Перғауын қызметшілерін әртүрлі қалаларға барып, хазірет Мұсаның қозғалысымен қарсыласу үшін күш жинаумен қатар «Мұса мен оның серіктері Перғауын мен оның ләшкерінің алдында әлсіз әрі азғана ғана топ, сондықтан олардың күресетін жағдайлары жоқ» деп жариялауға бұйырды. Олар осындай ауқымды жарнамаларымен һәм Исраил ұрпағына егер бұйрыққа бағынбайтын болса көздерінің құритынын айтып қоқан-лоққы жасап, һәм өздерінің күштерін «біз жақында істі тындырып, Мұса мен жақтастарын жеңеміз» деп рухтандырмақ болды. Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Тағұттықтар әрдайым  жалған жарнамаларымен өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін әсірелеп, қарсыластардың жұмыстарына тосқауыл қою үшін олардың әлеуеттерін түкке тұрғысыз етіп көрсетеді.

2. Залым, тағұттық үкіметтер халықтың назарын аударып, солардың ықыласына бөлену үшін көп қаржы жұмсайды. Соған қарамастан күннен күнге оларға деген халықтың жиіркеніші мен кегі арта түседі.

 «Шұғыра» сүресінің 57-58-59 аяттары:

 «فَأَخْرَ‌جْنَاهُمْ مِنْ جَنَّاتٍ وَعُیُونٍ»، «وَکُنُوزٍ وَمَقَامٍ کَرِ‌یمٍ»، «کَذَلِکَ وَأَوْرَ‌ثْنَاهَا بَنِی إِسْرَ‌ائِیلَ»

 

Сөйтіп (перғауындықтарды) бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық. (57) Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де. (58) Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық. (59)

Бұл аяттар Перғауын мен ләшкерінің хазірет Мұса мен оның серіктерімен бетпе-бет келуіне сілтеме жасап, Перғауынның жеңілуімен тәж бен билік тағының, барлық бақтар мен бустандардың, Мысырдың есепсіз байлығының Исраил ұрпағына өтуін баяндайды.

Хазірет Мұсаның бастапқыда Исраил ұрпағын азат етуден басқа мақсаты болған жоқ. Бірақ Құдай Мысыр басшыларының қорлыққа ұшырап, бейшара күйде тақтан тайып, құлдарының билік пен үкіметке қол жеткізіп, перғауындықтардың бар мал-мүлкі мен байлығына қол жеткізетін іс жасады. Мұндай нәрсені орындамақ түгілі, мұндай ой Мұса мен оның серіктерінің ойына кіріп те шықпаған еді.

Осы аяттардан мындай ой түйеміз:

1.Зұлымдық пен үстемдік үкіметтердің зауалға ұшырауының факторы. Басқаша айтқанда, залым үкіметтің болашағы жоқ әрі баянсыз.

2.Илаһи сүннеттердің бірі – қоғамның әлсіз, езгідегі табын үстемшіл, кеудемсоқ билеушілердің орнына қою.

3. Билік пен есепсіз байлық дұрыс пайдаланылмайтын болса билік иелері мен байлардың рахаттықтары мен тыныштықтарына емес, олардың күйреуіне себеп болады. 

«Шұғыра» сүресінің 60-61-62 аяттары:

 

 «فَأَتْبَعُوهُمْ مُشْرِ‌قِینَ»، «فَلَمَّا تَرَ‌اءَى الْجَمْعَانِ قَالَ أَصْحَابُ مُوسَى إِنَّا لَمُدْرَ‌کُونَ»، «قَالَ کَلَّا إِنَّ مَعِیَ رَ‌بِّی سَیَهْدِینِ»

Сонда олар Исраил ұрпақтарын күн шыға қуды. (60) Екі топ бірін-бірі көрген сәтте Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: "Сөз жоқ, қолға түстік" деді. (61) (Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" деді. (62)

Құдай бұйрық берген кезде хазірет Мұса түнделетіп Исраил ұрпағын Ніл өзені жаққа бастап әкеткен еді. Перғауын да таң әлетінде жаттығудан өткен орасан әскерімен олардың соңдарына түсіп, қуғынды бастады. Перғауындықтар мықты соғыс аттарына мінгендіктен оларға демде жетіп алды. Мұса мен достарының өздерін қорғау үшін ешқандай құралдары немесе қашатын аттары не түйелері болмай іс жүзінде дұшпан ләшкерінің қоршауына түсіп, еш нәрсе істей алмайтындықтары түсінікті жай еді. Сондықтан исраилдіктер Мұсаны кінәлап: «Енді қазір біз перғауындықтардың шеңгеліне түсеміз. Бізді осы жерге әкелгенде мұндай жағдай болады деп ойламап па едің?» десті. Мұндай қозғалысты Құдайдың бұйрығымен бастаған хазірет Мұса сенімді түрде Құдайдың уәдесіне тәуекел етіп, оларға: «Олай деп ойламаңдар. Маған бұйрық берген Құдай  бұл жерде де бізді тастамайды. Қазір бізге шешім жолын көрсетеді» деді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Егер илаһи бұйрықты орындайтын болсақ, тығырықтар мен тар жолдарда Құдай жолды ашып, адамды сара жолға нұқсайды. Сол себепті ешқашанда үмітсіздікке бой алдырмай үнемі Құдайға тәуекел етуіміз керек.

3.Егер илаһи уәделерге сенетін болсақ, алаңдаушылық пен үмітсіздікке ұшырамаймыз. Әрдайым Алланың мейірімі мен рақымынан үміттенсек басқалардың тыныштықтарына себеп боламыз.