шұғыра-сүресі,-647-ші-бөлім,-69-77-аяттар
шұғыра-сүресі,-647-ші-бөлім,-69-77-аяттар
«Шұғыра» сүресінің 69-70-71 аяттары:
«وَاتْلُ عَلَیْهِمْ نَبَأَ إِبْرَاهِیمَ»، «إِذْ قَالَ لِأَبِیهِ وَقَوْمِهِ مَا تَعْبُدُونَ»، «قَالُوا نَعْبُدُ أَصْنَامًا فَنَظَلُّ لَهَا عَاکِفِینَ»
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Ыбырайым (Ғ.С.)-ның қиссасын баян ет; (69) Сол уақытта ол әкесіне, еліне: "Неменеге табынасыңдар?",- деді. (70) Олар: "Пұттарға шоқынамыз" деді. (71)
Хазірет Мұсаның осы сүреде баяндалған өмірбаянының бір бөлігі алдыңғы бағдарламада аяқталды. Бірақ бұл аяттармен Мұсадан кейіні есімі Құранда басқа пайғамбарларға қарағанда көбірек аталған Ибарһим пайғамбардың хикаясы басталады.
Тарихи жазбалар мен қазіргі Тауратта жазылғандай хазірет Ибраһим пайғамбардың әкесінің есімі «Терах» болған. Осы аятта Ибраһимнің әкесі деп таныстырылған «Азар» атты адам шын мәнінде ол хазіреттің әкесі болмаған. Ол оның қамқоршысы болған. Бірақ әлемнің көптеген халықтарының мәдениетінде өздерінің ғылыми және рухани үлкендерін әке деп атау кең таралған үрдіс. Мәсіх дінінің ізбасарлары өздерінің діни үлкен тұлғаларын «әке» деген мағынаны білдіретін «поп» деп атайды.
Меккенің мүшіріктері мен пұтқа табынушылары Ибраһимді таныған. Ол жыл сайынғы өздерінің қажылық рәсімдерін сол хазіреттің жәдігері санаған. Сол себепті Құдай пайғамбарына былай дейді: «Хазірет Ибраһимнің оқиғасын мына адамдарға оқып бер. Оларға Ибрахимнің жасөспірім шағынан пұтқа табынушылықпен күрескенін естеріне сал. Ибраһим жасөспірім бола тұра өзінің туған-туысқандарын қапылдықтың ұйқысынан ояту үшін оларға ой салатын сауалдар қойды. Сөйтіп олар өздерінің ақылдарына жүгініп, пұттарға табынған дұрыс па, бұрыс па, соны таразыға салсын деді. Ибраһим олардың неге табынатындықтарын біле тұра келесі сауалдарды қоюға негіз дайындалу үшін олардың өздерінің мойындағанын қалады. Әр адамның өз ісін қорғап, оны дұрыс және ақылға қонымды деп санайтындығы белгілі. Пұтқа табынушылар да Ибраһимнің «сендер неге табынасыңдар?» деген сауалының жауабына бірден: «Біз пұттарға табынып қана қоймаймыз, сонымен қатар әдайым олармен біргеміз. Соларға құлдық ұрамыз» десті.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Бұрынғы өткендердің, әсіресе ұлы адамдардың тарихын зерттеу арқылы олардың бастарынан өткергендерінен сабақ алып, соларды өзіміздің бүгінгі өмірімізге үлгі етейік.
2.Идеологиялық және сенім тұрғысындағы бұрмалаушылықтармен күресте адамдар ойланып барып лайықты жауап беруі үшін тікелей қатынас жасаудың орнына сауал-жауап тәсілін қолданайық.
3.Жақын туыстарымыз арасындағы немесе қоғамда таралған әдет-ғұрыптарға көзді жұмып, орынсыз ерудің орнына тәуелсіз түрде ойланып, дұрыс жолды таңдайық.
4.Бұрмалаушылықтар мен адасушылықтармен күресте жалғыздықтан немесе адамдардың аздығынан қорқуға болмайды. Хазірет Ибраһим жалғыз өзі пұтққа табынушылармен күресті.
«Шұғыра» сүресінің 72-73-74 аяттары:
«قَالَ هَلْ یَسْمَعُونَکُمْ إِذْ تَدْعُونَ»، «أَوْ یَنْفَعُونَکُمْ أَوْ یَضُرُّونَ»، «قَالُوا بَلْ وَجَدْنَا آبَاءَنَا کَذَلِکَ یَفْعَلُونَ»
(Ыбырайым Ғ.С.): "Олар шақырғандарыңды ести ме?",- деді. (72) "Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма?" (73) Олар: "Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық" деді. (74)
Хазірет Ибраһим пұтқа табынушылардың өздері істерінің бос және пайдасыз екендігін түсінулері үшін сұхбаттың жалғасында басқа сұрақтар қойды. Олар табиғи түрде әрбір адамның ойына келетін сауалдарды қойып: «Олар сендердің сөздеріңді естиді ме немесе сендерге көмектесу үшін сендердің қажеттіліктеріңнен хабардар ма? Мына пұттар шынымен сендерге пайда келтіріп немесе сендер үшін қауіп-қатер төндіре алады ма? Ондай болса неліктен олардың алдында тағзым етіп, бас ұрып немесе оларға арнап құрбандық шаласыңдар?» деді. Олардың осы сұрақтардың барлығына теріс жауап бергендері қызық. Олар пұттардың қолынан ештеңе келмейтінін, олардың ешқандай ықпал-әсерінің жоқ екендігін білді. Пұтқа табынудағы келтірген жалғыз дәлелдерінен олардың ата-бабаларының рәсімі екендігі болды. Олар әсірешілдік және тайпашылыққа еріп, өздерінің ата-бабаларының салтын жалғастырды. Құдды ата-бабалары ақылдың кені болғандай, барлық нәрсені білгендей, олар ешқандай қателікке бой алдырмағандай... Кейбір кезде бұрынғылардың әдет-ғұрыптарына көзсіздікпен еру түзу ойлануға кедергі болып, артта қалушылық пен қырсықтыққа себеп болады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Біздің жағдайымыздан хабардарға, һәм біздің қажеттіліктерімізді орындайтынға табынуымыз керек.
2.Тарих бойында жәһілдік пен надандық бір жақтан, соқырша, ессіз еліктеу екінші жақтан адамзат қоғамдарының ой және ғылыми бұрмалаушылықтарына себеп болды.
«Шұғыра» сүресінің 75-76-77 аяттары:
«قَالَ أَفَرَأَیْتُمْ مَا کُنْتُمْ تَعْبُدُونَ»، «أَنْتُمْ وَآبَاؤُکُمُ الْأَقْدَمُونَ»، «فَإِنَّهُمْ عَدُوٌّ لِی إِلَّا رَبَّ الْعَالَمِینَ»
"Ал енді неменеге табынғандарың туралы ойландыңдар ма?",- деді. (75) "Сендер де бұрынғы аталарың да." (76) "Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным." (77)
Хазірет Ибраһим пұтшылдармен қисынды бір сұхбаттан кейін соңында оларға былай деді: «Әкелеріңнің сендердің ешбір істеріңе жарамайтын, сендердің өмірлеріңде ешқандай ролге ие емес нәрселерге табынғандарын көрдіңдер ғой? Бірақ мен әлемдіктердің Пәруәрдігеріне табынамын. Одан басқаға табынуды жек көремін. Себебі одан басқаға табыну қасіретке себеп болып, маған зиян мен зарардан басқа ештеңе келтірмейді» деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Әлемнің жаратушысы – Пәруәірдігерге сену еліктеу мен болжам негізінде емес, ақыл мен ой негізінде болуы керек. Жалпы алғанда еліктеу сенім мен іс принциптері бойынша қабылдауға келмейді.
2.Ақиқат анықталу үшін әртүрлі ойлардың жақтастарының пікірталастыруы – қажет іс. Қисынды және ахлақтық принциптерді сақтау арқылы басқалармен пікірталастыру Алланың пайғамбарларының тәсілдері.
3.Ойдан шығарылған жалған идолдар адамзат бақыты мен дамуының дұшпандары.