Қаз 25, 2016 17:52 Asia/Almaty

ұғара сүресі, 652 бөлім, 110-115 аяттар

«Шұғара» сүресінің 110-111 аяттары:

 

 « فَاتَّقُوا اللَّـهَ وَأَطِیعُونِ ﴿١١٠﴾

 

قَالُوا أَنُؤْمِنُ لَکَ وَاتَّبَعَکَ الْأَرْ‌ذَلُونَ﴿١١١﴾»

 "Алладан қорқып, маған бағыныңдар" (110). Олар: "Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?",- десті (111).

Алдыңғы бағдарламада хазірет Нұхтың өз қауымын әрдайым тақуалық пен күнәдан алыс болуға шақырғанын, өмірдің дұрыс жолын көрсету арқылы олардан өзін илаһи хабарды жеткізуші ретінде соңынан еруді сұрағанын  айттық. Осы аяттар да сол сөздермен басталған, бірақ қарсыластар көрсеткен алғашқы реакцияларында былай деді: «Сенің айналаңа жиналған адамдар не ақшалары жоқ, не танымал емес пақырлар мен міскіндер. Олар біздің қоластымыздағы, қоғамда ешқандай орынға ие емес адамдар. Ондай болса, біз қалайша олардың қастарында тұрып, олар сияқты сенің дініңе еруіміз керек?».

Шынтуайтында, ол адамдар үшін құндылықтың өлшемі атақ-даңқ, байлық пен билік болды. Себебі хазірет Нұхтың ізбасарлары олардың көзқарасы тұрғысынан мұндай ерекшеліктерге ие емес еді. Құдай мен хазірет Нұх үшін адамның құны кедей таптың бойынан көбірек көрініс беретін, хабарсыз байлардан азырақ көрінетін пәктік пен тақуалықта.

Осы аяттардан үйренетініміз.

1. Байлық пен даңқтың апатты салдарлары болады, солардың бірі –  тәкәппарлық пен менмендік, сондай-ақ әлсіз және кедей адамдарды төмен санау.

2.  Хақ пен ақиқаттың өлшемін адам өз бойынан іздегені жөн.

3. Хақ сөзді бір топ соның жақтасы екен деген сылтаумен теріске шығарып, оны қабылдамауға болмайды.

 4. Пайғамбарлар барлық адамдарды бірдей санап, оларды бөліп-жармаған.

«Шұғыра» сүресінің 112-113 аяттары:

  «قَالَ وَمَا عِلْمِی بِمَا کَانُوا یَعْمَلُونَ ﴿١١٢﴾

 إِنْ حِسَابُهُمْ إِلَّا عَلَىٰ رَ‌بِّی ۖ لَوْ تَشْعُرُ‌ونَ ﴿١١٣﴾»

 (Нұх Ғ.С.): "Олардың не істегендерін білмеймін" деді. (112) "Егер түсінетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән." (113)

Нұх пайғамбардың ізбасарларын қоғамның төмен адамдары деп санаған қарсыластардың сылтауларына хазірет Нұх мынадай жауап берді: «Менің міндетім – қоғамның барлық табын Хақ тарапына шақырып, оларды жалғаннан алыстауға үндеу. Қай топ иман келтіріп, қай топтың келтірмейтіндігі менің еркімде емес. Сондай-ақ олар бұрын қандай болды және олардың қандай істермен айналысқаны да менің жауапкершілігіме кірмейді. Маңыздысы, олардың қазір иман келтіргендері. Егер сендер де аздап ойлансаңдар, олардың істерінің менде  емес, Құдайда екендігін түсінген болар едіңдер. Сол себепті олардың өткен істерін менің алдыма көлденең тартпаңдар. Оны өздеріңнің қарсылықтарыңа сылтау етпеңдер». Негізінен, діни мәдениетте біз басқалардың істері туралы зерттеп, адамдардың әлсіз тұстарын әшкерелеуімізге болмайды. Біз адамдардың сыртқы істері негізінде төрелік етуге міндеттіміз. Егер біреу иман келтірсе оның иманын қабылдамай қоя алмаймыз, оның бұрынғы істерін бетіне баса алмаймыз. Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Пайғамбарлардың бұрынғы өткен оқиғалар мен адамдардың жағдайынан хабардар болу қабілеті олардың өздерінің тікелей ғайыптан хабардар болуына емес, Құдайдың қалауына байланысты.

2.Адамдардың есебі  біздің емес, Құдайдың қолында. Әр адам басқалардың емес, өзінің ісіне жауапты. Біз адамдардың қияметтегі жағдайы туралы төрелік етуге хақымыз жоқ.

 

«Шұғыра» сүресінің 114-115 аяттары.

« وَمَا أَنَا بِطَارِ‌دِ الْمُؤْمِنِینَ ﴿١١٤﴾

 

إِنْ أَنَا إِلَّا نَذِیرٌ‌ مُّبِینٌ ﴿١١٥﴾»

"Иман келтіргендерді қумаймын." (114) "Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін." (115).

Хазірет Нұхтың қарсыластары өздерінің иман келтіруі үшін хазіреттен әлсіз және кедей мүміндерді өзінің айналасынан қуып жіберуді шарт етіп қойды. Сонда ғана олар оған иман келтірмек болды. Алайда бұл сөздер сылтаудан басқа ештеңе емес еді. Егер, тіпті Нұх пайғамбар оларды өзінен алыстатқан жағдайда да олар басқа бір сылтау айтып, бәрібір иман келтірмеген болар еді. Бірақ хазірет Нұх олардың жөнсіз өтініштерін кесімді түрде қабылдамай: «Менің ісім – сендерге жетекшілік етіп, хақ пен ақиқатты баяндау. Мен кедейлерді өз маңымнан қуып, байлар мен тектілерді жинайтындай атақ пен даңққа қол жеткізуді мақсат етпеймін» деді.

Құран аяттарының негізі бойынша басқа пайғамбарлардың кезінде де байлар оларға «егер біздің иман келтіргенімізді қаласаң, кедейлер мен міскіндерді қасыңнан қуып жібер» деген орынсыз өтініш жасағандары белгілі. Бірақ пайғамбарлардың барлығы оларға теріс жауап беріп, өздерінің қоғамның барлық таптарына жауапты екендіктерін айтқан.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Қарсыластардың жөнсіз талап-тілектерінің алдында үзілді-кесілді қарсы тұрып, оларды тарту үшін мүміндерді жоғалтпау керек.

2.Пайғамбарлардың мектебінде байлық немесе адамдардың қоғамдағы орыны емес иман құнды.