Қаз 25, 2016 17:56 Asia/Almaty

Шұғара сүресі, 654-бөлім, 128-136 аяттар

 

«Шұғара» сүресінің 128- 129- 130 аяттары:

 «أَتَبْنُونَ بِکُلِّ رِ‌یعٍ آیَةً تَعْبَثُونَ»، «وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّکُمْ تَخْلُدُونَ»، «وَإِذَا بَطَشْتُمْ بَطَشْتُمْ جَبَّارِ‌ینَ»

 

Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма?" (128) "Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма?" (129) "Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!" (Аямадыңдар!" Ж.Б.М.) (130)

 

Алдыңғы бағдарламада хазірет Худтің Ғад қауымына жетекшілік ету үшін пайғамбарлыққа таңдалғанын және әрдайым оларға жол нұсқап, ескерту жасағанын айттық. Осы аяттар былай дейді: «Хазірет Худтің қарсыластары мақтанып, өздерін көрсету үшін, сол жерде тұруға деген қажеттіліктері болмаса да биік төбелердің үстіне зәулім сарайлар салған, сол жерлерге тек қызық қуып, сауық-сайран салып, өздерінің нәпсілік тілектерін қанағаттандыру үшін ғана барған бай адамдар болған. Олар өздеріне үйлер мен сарайлар салған кезде салтанаттылық пен ысырапшылдыққа салынғандары соншама, құдды бұл дүниеде мәңгілік қалатындай, ажал олардың соңдарынан келмейтіндей көрінеді. Ғад қауымының ерекшеліктері болған дүниеқұмарлық пен кеудемсоқтықты атағаннан кейін хазірет Худ олардың келесі бір жаман сипаттарына сілтеме жасап, былай дейді: «Сендер бір-біріңе кешірімді де мейірімді емессіңдер. Біреуге ыза болған кезде зорлықшыл адамдар сияқты шектен шығып, басқаларға зұлымдық жасайсыңдар». Ғад қауымының рақымсыз, қатігез адамдар болғанын, азғана кінәға  бола ең қатаң жаза қолданғандықтарын айтқан жөн.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Діни мәдениетте өзін-өзі көрсеткісі келіп, мақтануды мақсат еткен әрбір іс, тіпті ол өнер тұрғысынан құнды болса да айыпталады.

2.Салтанатты сарай тектес үйлер салу дүниеқұмарлық пен ақыреттен қапыл қалуға себеп болады. Сарайлар адамға ешқашан мәңгіліктілік сыйламайды.

3. Басқа да дүниелік істер сынды үйлер мен сарайлар салудың ысырапшылдық, салтанатқа бой ұру, мақтаншақтық пен өзі-өзі көрсету, қапылдық және дүниеқұмарлық сынды салдарлары да болуы мүмкін. 

«Шұғара» сүресінің 131-132-133-134 аяттары:

 "Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар." (131) "Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар." (132) "Сендерге малдар, балалар берді" (133) "Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар)." (134)

 «فَاتَّقُوا اللَّـهَ وَأَطِیعُونِ»، «وَاتَّقُوا الَّذِی أَمَدَّکُمْ بِمَا تَعْلَمُونَ»، «أَمَدَّکُمْ بِأَنْعَامٍ وَبَنِینَ»، «وَجَنَّاتٍ وَعُیُونٍ»

 

Худтың өз қауымының лайықсыз қылықтарын сынағаннан кейін осы аяттар Құдай сол қауымға сыйлаған нығметтерді санамалап, осындай Құдайдың бұйрығымен қарсыласпауды, керісінше бақыт пен құтылуға жету үшін оның сөзіне еруді сұрайды.

 

Хазірет Худ еске салып отырған нығметтер адамдардың айналасындағы көзге көрініп, сезуге болатын нығметтер. Құдай адамдарға ағынды, суы мол бұлақтар мен жеміс ағаштарын, егістікте өсетін алуан түрлі өнімдерді, олардың азық-түлігін қамтамасыз ететін, һәм жұмысқа пайдаланып, көлік ретінде пайдаланатын малдарды, сондай-ақ, егін егіп, мал шаруашылығымен айналысуға қажетті адами күш болып табылатын перзент берген.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дінсіздік – адамның жеке және қоғамдық өміріндегі барлық бейбастақтықтар мен қиындықтардың факторы. Сол себепті барлық пайғамбарлардың алғашқы тапсырғандары тақуалық пен діншілдікті сақтау болды.   

2. Діншілдікті сақтау, нығметтерге алғыс айтып, шүкіршілік білдіру – Құдайдың адамдарға сыйлаған нығметтері. Егер Алланың кең нығметтерінің орнын толтыру үшін ештеңе жасамасақ, тым болмағанда оның бұйрықтарына бағынбаушылық танытпайық. 

«Шұғара» сүресінің 135-136 аяттары:

"Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын." (135) Олар: "Сен уағыздасаң да, уағыздамасаң да бізге бірдей" десті. (136)

 

 «إِنِّی أَخَافُ عَلَیْکُمْ عَذَابَ یَوْمٍ عَظِیمٍ»، «قَالُوا سَوَاءٌ عَلَیْنَا أَوَعَظْتَ أَمْ لَمْ تَکُنْ مِنَ الْوَاعِظِینَ»

 

Осы аяттарда хазірет Худ пайғамбарлардың барлығына тән ерекшелік болып табылатын махаббат пен мейірімділікпен өзінің қарсыластарына қаратып: «Мен айтқан нәрсе сендердің өздерің үшін пайдалы. Ал мен үшін ешқандай пайдасы жоқ. Мен не сендердің байлықтарыңнан ештеңе қаламаймын, не сендерден артық болуға тырыспаймын.  Осыншалықты бағынбаушылықпен қатты жазаға ұшырайтын сендердің істеріңнің салдарынан қорқамын» деді. Бірақ байлық пен билікке масаттанғандар Худтің сөздері туралы ойланып, сабақ алудың орнына, мән берместен әдепсіздікпен: «Өзіңді бос шаршатпа, Сенің сөздерің біздің құлағымызға кірмейді, жүректерімізге еш әсер етпейді» десті. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Тәкәппарлық пен қапылдыққа салынған адамдарға, тіпті хақ сөзі әсер етпесе де, оларға ескерту жасау керек.

2.Егер адамдар хақты қабылдауға дайын болмаса, тіпті Құдайдың ең артық құлдары да оларға әсер ете алмайды. Олар хақты қабылдамайды.