Шұғара сүресі, 656-шы бөлім, 151-156 аяттар
Шұғара сүресі, 656-шы бөлім, 151-156 аяттар
«Шұғыра» сүресінің 151-152 аяттары:
«وَلَا تُطِیعُوا أَمْرَ الْمُسْرِفِینَ»، «الَّذِینَ یُفْسِدُونَ فِی الْأَرْضِ وَلَا یُصْلِحُونَ»
"Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар." (151) "Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды." (152)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Салехтің Самуд қауымына жетекшілік етуге таңдалғанын және басқа да пайғамбарлар сынды оларды Құдайға бағынбаушылық танытудан аулақ болып, оның нұсқауларын орындауға шақырғанын айттық. Бірақ олар сауық-сайран қуып, думандатып өмір сүруді қалады. Осы аяттарда хазірет Салех олардан ысырапшылық пен шектен шығушылықты қойып, өзі мен басқаларға зұлымдық жасау болып табылатын ысырапшылардың жолы мен тәсілінен бас тартуға шақырады. Себебі ысырапшылық пен шектен шығушылық адамдардың арасында күнә мен бұзақылықтың көбеюіне себеп болып, қоғамдық істерді түзетуге ұластыратын лайықты істерді жүзеге асыратын жолды жабады.
Исламдық мәдениетте қоғамдағы бейбастақтық пен бұзақылыққа себеп болатын жаман, жағымсыз істерді былай қойғанда, тіпті басқаларға инфақ жасаудағы шек пен мөлшерден шыққан ысырапшылық та айыпталады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Байлық пен рахатты пайдалану, егер ақыл мен уәхи шеңберінде болмаса, қоғамда бейбастақтықтың таралуына себеп болады.
2. Ысырапшыл адамдарға қоғамдағы маңызды жауапкершіліктер жүктелмеуі керек немесе олар қоғамға билік етпеуі керек. Себебі олар қоғам істерін басқару үшін тиісті біліктілікке ие емес.
3. Ыссырапшылар мен қайғы-қамсыз рахат өмір сүретін адамдар қоғамды өзгертеді деп күтпеу керек. Өйткені нағыз реформа тек пайғамбарлардың жоғары тағылымдарының арқасында ғана жүзеге асады.
«Шұғыра» сүресінің 153-154 аяттары:
«قَالُوا إِنَّمَا أَنتَ مِنَ الْمُسَحَّرِینَ»، «مَا أَنتَ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُنَا فَأْتِ بِآیَةٍ إِن کُنتَ مِنَ الصَّادِقِینَ»
Олар Салих (Ғ.С.) қа: "Шынында сен жадыланғандардансың" десті. (153) "Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел." (154)
Самуд қауымын күнә мен бейбастақтықтан алыс болуға ғана шақырған хазірет Салехтің жанашыр, ізгі шақырысына қарсы олар оны жадыланған, есінен айрылған, жөнсіз сөйлейтін, олардың бұрыс ақылдары мен қисынына сәйкес келмейтін, ләззат қуған, рахаттықты іздеген жолдарын жабатын сөздер айтатын адам деп атады.
Қарсыластар хазірет Салехтің сөздері ақылға сыймайды деген уәж айтқан соң: «Егер өзің айтқандай Құдай тарапынан айтып тұрған болсаң, сөзіңе, болмаса, тым құрығанда соған сеніп, қабылдайтындай мұғжиза көрсет. Себебі сен де біздің өзіміз сияқты адамсың. Саған еретіндей, өзіміздің қалауымыздан бас тартатындай еш дәлел жоқ» десті.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Дүниеқұмарлардың көзқарасы бойынша олардың материалды мүдделері мен дүниелік ләззаттарына қарсы сөз айтатын немесе әрекет ететін кім болса да ол ақылынан адасқан. Сол себепті олар оны жөнсіз айыптайды.
3.Дүниеқұмарлар әрдайым үлгіге айналған адамдардың соңдарынан еріп, соларды мақтаныш етеді. Олар түзу, бейбіт адамдардың соңдарынан ермейді.
«Шұғыра» сүресінің 155-156 аяттары:
«قَالَ هَذِهِ نَاقَةٌ لَّهَا شِرْبٌ وَلَکُمْ شِرْبُ یَوْمٍ مَّعْلُومٍ»، «وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوءٍ فَیَأْخُذَکُمْ عَذَابُ یَوْمٍ عَظِیمٍ»
(Салих Ғ.С.): "Міне, белгі бір аруана. Су кезегі, бір күн оныкі де бір белгілі күн сендердікі" деді. (155) "Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады" (156)
Пайғамбарлар өздерінің миссияларын дәлелдеу үшін мұғжиза көрсетуі керек дегендіктен Құдайдың бұйрығымен Самуд қауымы салтанатты да көз тойдыратын сарайлар салған таулардың қақ ортасынан аруана шықты. Бұл аруананың шығуы мен су ішуі мұғжиза болды. Себебі түйенің суды көп ішкені соншама, бір күндік су үлесін соған беру керек болды. Хазірет Салех халыққа түйенің Құдайдың бұйрығымен жаратылғанын, жай бір жануар еместігін, сол себепті оны қастерлеп, оған ешқандай зардап келтірмеуді, керісінше суды қанша ішкісі келсе сонша ішуіне рұқсат етіп, оның мазасын алмауды сұрап, бұл жануарға тигізілген кез келген нұқсанның Құдайдың ауыр жазасына себеп болатынын айтты.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Табиғатта Құдайдың қолы байлаулы емес. Хазірет Мұсаның асатаяғын жыланға айналдырған Құдай тастың арасынан аруана сияқты жануарды да шығара алады.
2. Егер қасиетті бір жануарға көрсетілген құрметсіздіктің жазасы болса, Алланың ұлы тұлғаларына қатысты құрметсіздіктің жазасы қандай болмақ?