Шұғара сүресі, 659-шы бөлім, 176-187 аяттар
Шұғара сүресі, 659-шы бөлім, 176-187 аяттар
«Шұғара» сүресінің 176-176-178-179-180 аяттары:
«کَذَّبَ أَصْحَابُ الْأَیْکَةِ الْمُرْسَلِینَ»، «إِذْ قَالَ لَهُمْ شُعَیْبٌ أَلَا تَتَّقُونَ»، «إِنِّی لَکُمْ رَسُولٌ أَمِینٌ»، «فَاتَّقُوا اللَّـهَ وَأَطِیعُونِ»، «وَمَا أَسْأَلُکُمْ عَلَیْهِ مِنْ أَجْرٍ إِنْ أَجْرِیَ إِلَّا عَلَى رَبِّ الْعَالَمِینَ»
Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды. (176) Сол уақытта оларға Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді. (177) "Рас, мен сендерге сенімді бір елшімін." (178) "Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар." (179) "Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті" (180).
Мәдиян қаласының жанында Айке деген аймақ болды. Хазірет Шұғайып Құдай тарапынан Мадиян халқымен бірге Айке халқына да жетекшілік ету үшін тағайындалды. «Айке» сөзі «орман-тоғай» деген мағынаны білдіреді. Бұл аймақта сыңсыған қалың тоғай көп болғандықтан «Айке» деп аталған болатын. Ол жердің халқы бақуатты ғұмыр кешіп, сансыз байлыққа ие болды. Олар басқа да ауқатты адамдар сияқты тәкәппарлық пен қапылдыққа салынған еді.
Құранның хазірет Шұғайыптан келтірген сөзі бұдан бұрын осы сүреде айтылған басқа пайғамбарлардың сөзі сияқты. Хазірет халықты тақуалық пен діндарлыққа шақырып, жаман, бұзық істерден бойды аулақ салуға, оның орнына пайғамбарлар арқылы халыққа түсетін илаһи бұйрықтарға бағынуға үндеді. Осы аяттар да пайғамбарлардың екі маңызды ерекшелігіне сілтеме жасайды: біріншісі, олардың халықтың арасындағы шыншылдық, аманатшылдық және адалдықпен қатар болған жақсы аттары; екіншісі, халықтан сыйақы дәметпеулері. Бұл – қарсыластар соны пайғамбарларға қарсы теріс жарнама ретінде сылтау етіп көрсете алмау үшін қажет іс.
«Шұғара» сүресінің 181-182-183-184 аяттары:
«أَوْفُوا الْکَیْلَ وَلَا تَکُونُوا مِنَ الْمُخْسِرِینَ»، «وَزِنُوا بِالْقِسْطَاسِ الْمُسْتَقِیمِ»، «وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْیَاءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا فِی الْأَرْضِ مُفْسِدِینَ»، «وَاتَّقُوا الَّذِی خَلَقَکُمْ وَالْجِبِلَّةَ الْأَوَّلِینَ»
"Өлшеуді толықтаңдар да, кемітушілерден болмаңдар." (181) "Тура таразымен тартыңдар." (182) "Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып жүрмеңдер." (183) "Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар." (184)
Тақуалыққа жалпылама түрде шақырудан соң хазірет Шұғайып Айке халқының арасында кең таралған экономикалық маңызды бұрмалаушылыққа тоқталып, былай дейді: «Неліктен сатқанда аз беріп, сатып алушыға зиян келтіресіңдер? Неліктен таразыны дұрыс пайдаланбайсыңдар? Неліктен адамдардың құқығын кемітесіңдер? Өздерің сатып алған кезде жұрттың затының құнын түсіріп, мін тағасыңдар?»
Айке өлкесі Хиджаздан Шамға баратын сауда жолындағы жақсы ауа-райына ие жер болды. Ол жерден әрдайым әртүрлі аймақтардан керуендер өтетін. Ертеде ол жерде сауда мен мәміле жасасқанда затпен затты айырбастайтын болған, ақша деген болмаған. Айкеге енген жолаушылар өздеріне қажет заттарды сатып алу үшін өз тауарларын сататын. Сол іс Айке халқының жолаушылардың тауарларын сатып алатын кезде олардан мін тауып, құнын түсіруіне себеп болды. Бірақ өздерінің заттарын сатқан кезде ыдыстарын толтырмайтын немесе заттың салмағы аз болуы үшін тура емес таразымен тартатын. Аяттардың соңында кем сату мен мәміле жасау кезінде жұрттың материалды құқығын аяққа таптауға сілтеме жасалып, Құран соларды жер бетіндегі бұзықтық пен бейбастақтықтың таралуының себебі деп атайды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Тақуалықты сақтау кең мағынаға ие. Ол адамдардың құқығын сақтау дегенді де қамтиды. Сол себепті адамдардың құқығын бұзушылық тақуасыздықтың белгісі саналады.
2. Кем сату тек ыдыс пен таразыға ғана қатысты емес, сонымен қатар барлық әлеуметтік жауапкершіліктерді де қамтитын экономикалық үлкен тыйымдардың бірі. Басқалардың құқығын орындаудағы кез келген тартынушылық та кемітіп сату саналады.
3. Қоғамның экономикалық жүйесінің саулығы пайғамбарлардың мақсаттарының бірі болған. Себебі жемқорлық пен экономикалық тұрақсыздық адамдардың бұрмалаушылығы мен қоғамдық жүйенің ыдырауының факторы саналады.
4.Барлық салалардағы әділет, соның ішінде экономика саласындағы әділет тарих бойындағы барлық діндер мен илаһи пайғамбарлардың қуаттаған тақырыбы болды.
«Шұғара» сүресінің 185-186-187 аяттары:
«قَالُوا إِنَّمَا أَنْتَ مِنَ الْمُسَحَّرِینَ»، «وَمَا أَنْتَ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا وَإِنْ نَظُنُّکَ لَمِنَ الْکَاذِبِینَ»، «فَأَسْقِطْ عَلَیْنَا کِسَفًا مِنَ السَّمَاءِ إِنْ کُنْتَ مِنَ الصَّادِقِینَ»
Олар: "Сен анық жадыланғансың" деді. (185) "Сен біз сияқты ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз." (186) "Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір" (187)
Айке халқын басқалардың құқығын аяққа таптаудан тыйған хазірет Шұғайыптың қисынды да анық сөздеріне қарсы олар хазіретті жадыланған, сиқырланған, ақылдан адасқан, ақылға сыймайтын сөздер айтатын адам деп атап: «Сөзің ақылға қонымсыз. Ондай болса пайғамбар екендігіңді, бұл сөздерді Құдай тарапынан айтып тұрғаныңды дәлелдеуің керек. Сенің бізден еш айырмашылығың жоқ. Сен де біз сияқты адамсың. Егер мұғжиза жасап, аспаннан үлкен тас түсіріп, өзің уәде еткен жазаға душар етпесең, біз сенің Құдайдың елшісі екендігіңе сенбейміз» десті.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Жала жабу – қисыннан кенде, қисынды сөзге дұрыс, сындарлы жауап бере алмайтын адамдардың құралы. Айке халқының хазірет Шұғайыптың қисынды сөзіне берген жауапта оған «сен жадыланған, ақылдан адасқан адамсың» дегені сынды.
2.Қарсыластардың кейбіреуі пайғамбарлардың өздері сияқты адам болуын олардың әлсіз тұстары санады. Алайда адам баласы болуы – пайғамбарлардың мықты тұсы. Себебі олар адамдарға көбірек әсер етіп, олар үшін іс жүзіндегі үлгі бола алды.