Шұғара сүресі, 660-шы бөлім, 188-197 аяттар
Шұғара сүресі, 660-шы бөлім, 188-197 аяттар
«Шұғара» сүресінің 188-190-191 аяттары:
«قَالَ رَبِّی أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ»، «فَکَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمْ عَذَابُ یَوْمِ الظُّلَّةِ إِنَّهُ کَانَ عَذَابَ یَوْمٍ عَظِیمٍ»، «إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَةً وَمَا کَانَ أَکْثَرُهُمْ مُؤْمِنِینَ»، «وَإِنَّ رَبَّکَ لَهُوَ الْعَزِیزُ الرَّحِیمُ »
(Шұғайып Ғ.С.): "Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі." (188) Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас, ол ірі бір күннің апаты еді. (189) Рас, бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді. (190) (Мұхаммед Ғ.С.) рас, Раббың тым үстем, ерекше мейірімді. (191)
Алдыңғы бағдарламада Мадиянға жақын жердегі Айке өлкесі адамдарының хазірет Шұғайыпты ақылға сыймайтын сөздер айтатын жадыланған адам деп атап, оның сөздерін теріске шығарғанын айттық. Олар оны масқара еткен екпінмен: «Егер бұл сөздерді Құдай тарапынан айтып тұрғаның рас болса, біз сенің Құдайыңның бұйрықтарына қарсы әрекет етсек, ол бізді жазалауы керек. Ондай болса осы дүниеде басымызға аспаннан үлкен тастарды жаудырып, бізді өзің уәде еткен жазаға душар ет» десті. Бүгінгі аяттар былай дейді: «Хазірет Шұғайып оларға берген жауапта: «Құдай сендердің істеріңді көріп тұр әрі олардан хабардар. Ол өзінің қалауы бойынша сендерге қатысты әрекет жасайды. Құдай сендерді жазалайды ма, жазаламайды ма немесе қалай жазалайды, онда менің шаруам жоқ» деді. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Құдай оларды ауыр азапқа душар етіп, өлтірді». Оларды Құдайдың азаптау тәсілі туралы рауаяттарда айтылғандай, олардың өлкесінде аптап ыстық орнаған. Бірнеше күннен кейін аспанда қара бұлт пайда болғанда адамдар жаңбырдың жауып, күннің салқындауын күткен. Алайда кенеттен бұлттың арасынан ойнаған қатты нажағай жерге түсіп, қалың ағаштарды өртке орандырып, Айке тұрғындары үшін от пен өрттен жәһаннам орнатты. Мұнымен қатар нажағаймен бір мезгілде аймақта қатты жер сілкінісі болып, қырсық кәпірлер ажал құшты.
Шұғайып пайғамбар мен Айке өлкесі адамдарының оқиғасының соңында бұрынғы пайғамбарлар мен олардың қауымдарының оқиғаларының соңында айтылған аяттар келеді. Аяттар былай дейді: «Сол қырсық та қыңыр қауымдардың өлімінде көптеген ғибратқа толы белгілер мен тәлім бар. Бірақ адамдардың көбісі сол белгілерді көргендерімен бәрібір иман келтірмейді. Олар Құдайдың ғазиз да құдіретті екендігін, Хаққа қарсы шығатындардың көздерінің жойылатындығын әсте білмейтіндей. Алайда Құдай тәубеге келіп, күнәсін түсінген адамдарға мейірімділік жасап, олардың алдарынан өзінің рақымығының есігін ашады».
Осы аяттардан үйренетініміз.
1.Күнәһарлардың жазасының тәсілі мен мөлшері туралы пікір білдірмейік. Тіпті пайғамбарлардың өздері де білмейтіндіктерін айтып, оны Құдайдың өзімен ғана байланыстырған.
2.Дүниеқұмарлық адамды пайғамбарларға қарсы тұруға, оларды теріске шығаруға итермелейді. Теріске шығарудың соңы осы дүние мен ақыреттегі ауыр жаза болмақ.
«Шұғара» сүресінің 192-193-194-195 аяттары:
«وَإِنَّهُ لَتَنْزِیلُ رَبِّ الْعَالَمِینَ»، «نَزَلَ بِهِ الرُّوحُ الْأَمِینُ»، «عَلَى قَلْبِکَ لِتَکُونَ مِنَ الْمُنْذِرِینَ»، «بِلِسَانٍ عَرَبِیٍّ مُبِینٍ»
Күдіксіз, бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені. (192) Оны сенімді Рух (Жебрейіл) келтірді. (193) Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды. (194) Ап-ашық араб тілінде. (195)
Илаһи жеті пайғамбар мен олардың қырсық қауымдарының өлтірілу оқиғасы баяндалғаннан кейін осы аяттар былай дейді: «Құранда айтылған бұрынғы қауымдардың өмірлері мен оқиғалары кез келген ырымшылдық пен аңыздан ада, сенімді Жебірейіл тарапынан пайғамбардың жүрегіне түсірілген Пәруәрдігердің сөзі. Жебірейіл де адамдарды Құдайға бағынбаушылықтан қорқыту үшін оның сөзін кем-кетіксіз адамдарға жеткізді».
Осы аяттарда Құранның дұрыстығы мен оның кез келген бұрмалаушылықтан қорғалғандығы қуатталған. Сонымен қатар уәһи дәнекері – Жебірейіл «сенімді» деп аталған. Оның үстіне Құранның түсірілген мекені – пайғамбардың жүрегі, яғни пайғамбардың пәк рухы деп таныстырылған. Пайғамбар тек жүрегіне түсірілген уәһиді ғана айтады. Сол себепті Құран кез келген бұрмалаушылық пен түсініксіздіктен ада. Мұнымен қатар өте жоғары шешендікке ие.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Шариғат жүйесі жаратылыс жүйесімен үйлесімділікте. Басқаша айтқанда, уәһиді жіберуші адам үшін діни жетекшіліктің заңдарын орнатады. Әлемнің жаратушысы жаратылыстың жүйесін басқарады.
2.Құран – Құдай тарапынан түскен уәхи. Ол кез келген бұрмалаушылық пен ауытқушылықтан қорғалған.
3. Адамдарға ескертіп, қапыл және адасқан адамдарды ояту үшін пайғамбарлар жіберу – Құдайдың сүннеті.
«Шұғара» сүресінің 196-197 аяттары:
«وَإِنَّهُ لَفِی زُبُرِ الْأَوَّلِینَ»، «أَوَلَمْ یَکُنْ لَهُمْ آیَةً أَنْ یَعْلَمَهُ عُلَمَاءُ بَنِی إِسْرَائِیلَ»
Рас, ол бұрынғылардың кітаптарында да бар еді. (196) Израил ұрпақтары ғалымдарының бұны білуі олар үшін бір дәлел болмай ма? (28-С. 52-55-А.) (197)
Бұл аяттар Құранның шынайылығының дәлелдерінің біріне сілтеме жасап, былай дейді: «Меккенің мүшіріктері, егер Құранның шынайылығына күдіктенсе яһудилердің ғалымдарына жүгіне алады. Солар арқылы ислам пайғамбарының сипаттамасы мен оның кітабы туралы бұрынғылардың кітаптарында, соның ішінде Тауратта айтылғанын түсіне алады».
Егер пайғамбар кезеңіндегі Тауратта мұндай хабар болмағанда және яһуди діндарлары одан хабарсыз болғанда Құранның мұндай сөз айтуының және пайғамбардың оны адамдарға оқуының мағынасы болмаған болар еді. Себебі оны өзі теріске шығарып, өзін өтірікші деп айтуға себеп болар еді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Соңғы пайғамбардың келетіндігі және оның кітабы – Құран туралы хабар бұрынғылардың аспандық кітаптарында жазылған.
2.Құран аяттарының көбісінің мазмұны мен мағынасы бұрынғы аспандық кітаптарда жазылғанымен, оның сөздері пайғамбардың мүбәрак жүрегіне түсірілген.
3.Яһуди ғалымдары Құранның шынайылығын білді. Бірақ олар өздерінің мүдделері мен мәртебелерін сақтап қалу үшін иман келтіруге әзір болмады.