Қаз 29, 2016 19:54 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 91

Зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрі кездеседі. Ислам дінінде олардың барлығына тыйым салынған. Зұлымдықтың бір түрі адамның өзіне зұлымдық жасау саналады. Бұл зұлымдық күнә, Аллаға бағынбау және кемелдікке жету жолынан ауытқу болып табылады.

Ислам діні өз жақтастарын зұлымдыққа бағынуға тыйым салып, оған қарсы көтерілуге жігерлендіреді. «Усул Кафи» атты еңбекте имам Бақер (ғ.с.)-ның келесі хадисі жазылған: «Зұлымдық Алла кешіретін, Алла кешірмейтін және Алла оған ерекше назар аударатын болып, үш топқа бөлінген. Алла кешірмейтін зұлымдық – күпірлік; Алла кешіретін зұлымдық – адамдар кейбір кішігірім күнәләр арқылы өздеріне жасайтын зұлымдық; зұлымдықтың үшінші түрі – пенделердің бір-бірінің алдындағы құқықтары»,- деген. Зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрі кездеседі. Ислам дінінде олардың барлығына тыйым салынған. Зұлымдықтың бір түрі адамның өзіне зұлымдық жасау саналады. Бұл зұлымдық күнә, Аллаға бағынбау және кемелдікке жету жолынан ауытқу болып табылады. Құран Кәрім «Талақ» сүресінің 1-ші аятында: «...Кім Алланың шектерінен шықса, расында ол өзіне қастық қылған болады»,- деп ескертілген.

Келесі зұлымдық – халыққа жасалатын зұлымдық. Зұлымдықтың бұл түрі басқаға зиян келтіру, ұрып-соғу, өлтіру, тіл тигізу, өсек айту, біреудің мүлкі мен абыройына шабуыл жасау арқылы азап-қорлық көрсету болып табылады. Оның жаман әсерлері мен салдарларын осы дүниеде де байқауға болады. Имам Әли (ғ.с.) зұлымдықтың салдарларына тоқталып: «Зорлық-зомбылықтан алыс болыңдар. Өйткені зұлымдық жасау ең үлкен қылмыс, әрі ең үлкен күнәләрдің бірі саналады»,- деген. Имам Бақер (ғ.с.) да: «Зорлық-зомбылықтан тартыныңдар. Расында зұлымдық қиямет күні қараңғылыққа себеп болады»,- деп айтқан. Алла елшісі өзінің рауаяттарының бірінде: «Қиямет күні жәбір көргендер залымдардан өз құқықтарын  қалай қайтарады?» деген сұраққа: «Қиямет күні пенде өзінің жақсы істері үшін қуанышқа бөленіп, махшарға енеді. Сол кезде бір ер адам келіп: «Уа, Алла! Мыңа адам маған зұлымдық жасады»,- дейді. Сол кезде зұлымдық жасаған адамның жақсылық істерінің есебі кемітіліп, жәбір көргенадамның есебіне қосылады. Сөйтіп, зұлымдық көрген адамдар бірінен соң бірі келіп, адамның жақсылық істерінің есебінде тіпті бір де бір жақсылығы қалмауы мүмкін. Мұндай жағдайда одан құқығын талап етіп тағы адам келсе, келген адамның күнәсінен алынып, зұлымдық жасаған адамның күнәларына қосылады. Сөйтіп, халықпен есептескен соң ол отқа түседі»,- деп жауап берді. Имам Әли (ғ.с.) залымдарға көмектесу туралы: «Зұлымдық жасаушы мен оған көмектесуші және зұлымдыққа бағынушының үшеуі де серіктес»,- деген. («Васаель әш-Шие» 12-ші том). Алланың елшісі қиямет күні «Зұлымдық жасаушыларға көмектескендер және оларға барлық нәрселерін дайындағандар қайда? Олардың барлығын бірге есеп-қисапқа шақырыңдар!» деген дауыс естіледі»,- деп ескертті. («Васаель әш-Шие» 12-ші том). Имам Садық (ғ.с.): «Залымдардың зорлық-зомбылықтарын қабылдағандар Аллаға бағынбайтындарға жатады»,- деген. («Васаель әш-Шие» 12-ші том). Сафуан бен Меһран имам Казем (ғ.с.)-ның достарының бірі болды. Оның түйелері болып, ол түйелерін жалға беретін. Бір күні ол имам Казем (ғ.с.)-ның қасына барған кезде имам оған: «Сафуан, сенің бір жұмысыңнан басқа барлық жұмыстарың дұрыс»,- дегенде Сафуан: «Қай ісім дұрыс емес?»- деп сұрайды. Имам: «Түйелеріңді Аббаси үкіметінің залым халифасы Харун әр-Рашидке жалға бергенің бұрыс»,- деп жауап береді. Сонда Сафуан: «Алламен ант етемін, мен түйелерімді күнә жасауға, аң аулауға немесе пайдасыз жұмыс үшін жалға бермедім. Ол менің түйелерімді қажылыққа бару үшін алды. Менің өзім олармен бармаймын, қызметшімді жіберемін»,- дейді. Имам: «Жалға берген ақыңды бергенше, олардың тірі қалғанын қалайсың ба?» деп сұрайды. Сафуан: «Иә»,- дейді. Хазірет: «Залымдардың тірі қалғанын қалайтын адам солардың бірі саналады. Ал олардан болған барлық адам тозаққа түседі»,- деп түсіндіргенде  Сафуан: «Мен қайтып, барлық түйелерімді саттым. Харун мұны көріп, ісімнің себебін сұрады. Оған «Мен қартайдым. Қызметшім жұмысын жақсы орындамайды» дедім. Харун «Сені бұл іске нұсқаған адамның кім екенін мен білемін» деп Мұса бен Джафарды атады. Мен: «Менің Мұса бен Джафармен не ісім бар?» дедім. Харун маған: «Алламен ант етемін, егер бұрын жақсылық жасамағаныңда сені өлтіретін едім» деді»,- деп есіне алатын.

 Алла Тағала «Инфал» сүресінің 72-ші аятында: «..Егер иман келтіргендер мен отандарынан ауғандар сендерден дін жайында бір жәрдем тілесе, сонда сендерге көмек ету міндет болады»,- деп айтқан болатын. Бұл қасиетті аят мұсылмандарды зұлымдық пен зорлық-зомбылық көрген діни бауырларына қарай асығып, оларға көмектесуге міндеттейді. Исламның ұлық пайғамбары: «Ер адамның «Уа, мұсылмандар, көмектесіңдер!» деген айқайын естіп, оған жауап бермеген адам мұсылман емес»,- деген. Имам Әли (ғ.с.) перзенттері имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.)-ға: «Залымның дұшпаны және жәбірленушінің қамқоршысы болыңдар»,- деп кеңес берген.