Қаз 30, 2016 22:08 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) жетекшіліктің жарқын нұры 13

Илаһи басшылар үстемшіл биліктерді құлатып, зұлымдық көргендерді босатып, мақұрымдардың құқықтары бұзылмауы және әрбір адам өзіне лайық құқықтарға ие болып, әділеттің негізі барлық міндеттер мен басымдылықтардың мизаны болуы үшін әділет жүйелерін құруды мақсат етті.

 Адамзат тарихының бойындағы зорлық-зомбылық көрген адамдардың ащы тағдырына шолу жасау арқылы адамзаттың әрқашан залым басшылармен бетпе-бет келгенін көреміз. Азаттық талап ететін адамдардың көбі залым басшыларының шайтандық қалауларының құрбаны болды. Залымдардан қорлық көргендердің көбі зұлымдыққа қарсы шығып, қырылды.  Зорлық-зомбылық көрген құлдардың арқасында көптеген сарайлар салынды. Илаһи пайғамбарлар жәбір көргендерді құтқару үшін көтеріліп,  өз замандарындағы залым жүйелерге қарсы шықты. Хазірет Ибрахимнің Намрудқа, хазірет Мұсаның Перғауынға, хазірет Исаның Рим патшасы Кейсарға, Исламның ұлық пайғамбарының Рим мен ежелгі Иранның  биліктеріне қарсы шығуы илаһи пайғамбарлардың залымдарға қарсы шығуының мысалдары болып табылады. Илаһи басшылар үстемшіл биліктерді құлатып, зұлымдық көргендерді  босатып, мақұрымдардың құқықтары бұзылмауы және әрбір адам өзіне лайық құқықтарға ие болып, әділеттің негізі барлық міндеттер мен басымдылықтардың мизаны болуы үшін  әділет жүйелерін құруды мақсат етті. Құран пайғамбарлардың әділет орнату міндеті туралы: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік  және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік»,- деді. («Хадид» 25-ші аят). Пайғамбарлар әділет жүйесін орнатуға талпыныс жасауға міндеттелген. Алайда бұл мақсатқа халықтың қолдауынсыз жету мүмкін емес. Негізінде әрбір басшы өз мақсаттарына жету үшін халықтың қолдауын қажет етеді. Исламның ұлық пайғамбарының нәтижеге жетуінің сырын дәл осы тұрғыдан қарастырған жөн. Өйткені, егер ислам пайда болған кезде мұсылмандардың қолдауы болмағанда, мүмкін Алланың елшісі жалғыз өзі надандық кезеңдегі зорлық-зомбылықты жеңіп, исламдық әділетке сүйенген жүйе құра алмас па еді. Осыған орай Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбарына: «(Мұхаммад с.ғ.с.): «Раббым әділдікті бұйырды» - деп айт («Ағраф» сүресі, 29-шы аят) және халықтың арасында төрелік еткен кезде: «Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз, Алла турашыларды сүйеді»- деп кеңес береді. («Мәиде» сүресі, 42-ші аят). Қоғамды басқаратын адам илаһи  пайғамбарлар сынды әділет орнату мен зұлымдық және зорлық-зомбылықпен күресуді көздейтін болса, бәрінен бұрын өзі барлық жеке және қоғамдық салаларда әділ әрекет етіп, басқалар үшін үлгі болуы қажет. Исламның ұлық пайғамбары осындай үлгі болып, әрқашан исламдық заңдарды адамдардың қоғамдағы орнына көңіл бөлмей орындауды қуаттады. Құрайыш тайпасының әйелдерінің бірі ұрлық жасап, барлық куәлер мен деректер оны растаған кезде Алланың елшісі оны жазалауға шешім қабылдады. Бұл кезде құрайыштың ақсақалдары өз жағдайдарының қатерге тірелетінін көріп, араласып, арағайындыққа түсіп, пайғамбардан жазалаудан бас тартуын сұрамақ болды. Алланың елшісі олардың талаптарын орындамай: «Сендерге дейінгі халықтар сот және қоғамдық заңдарды кедейлер мен әлсіздер үшін іске асырып, билік пен байлық иелеріне заң  қолданбағандықтарының салдарынан құлдырады. Алламен ант етемін, егер бұл істі қызым Фатима жасағанда, оған да илаһи заңдарды қолданатын едім»,- деді. Алайда өз мүдделері мен қоғамдағы жағдайы қатерге тірелді деп санайтын адамдар заңдардың іске асырылуына қарсылық білдіреді. Алланың елшісі ешбір жағдайда әділет негіздерін бұзбаған және заңды орындаудан бас тартпаған. Ол хазірет: «Илаһи заңдарды қай жерде болса да орындап, Алланың жолында өкініштерге жол бермеңдер»,- деген. Егер қоғамдық әділет сақталмай, тек қолдаушылары жоқ әлсіз адамдар ғана айыпталатын болса және кейбір топтар қоқан-лоққы көрсетіп, заңдарды орындамаса мұндай қоғамның құлдырау жолына түскені және соңында құлайтындығы шәксіз. Өз үкіметінің қысқа уақытында исламдық әділетті іске асыру саласында ең күшті табандылық көрсеткен имам Әли (ғ.с.): «Сан рет Алла елшісінің «Әлсіздердің құқықтарын бұзатындар еш уақытта бақытты болмайды» деп айтатынын естідім»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 53-ші хат). Әділетті орнату әлемнің маңызды жетістіктерінің бірі болуымен бірге адамдар мен адамзат қоғамының келешегін жәннәтқа қарай нұсқайтын және керісінше, егер адамдардың құқықтары бұзылатын болса, өмірді ащы етумен бірге оның соңын тозақпен аяқтататын фактор болып саналады. Исламның ұлық пайғмбары бұл туралы: «Әділет – жер бетіндегі илаһи фактор. Сондықтан бұл фактормен санасатын әрбір адам жәннәтқа қарай, онымен санаспайтын кез келген адам тозаққа қарай нұсқалады»,- деп ескерткен. («Мостадрак әл-Васаел», 11-ші том). Исламның ұлық пайғамбары әділет негіздерінің орындалуына еркше көңіл бөліп, тіпті сырт көзге ұсақ мәселелер болып көрінетін істердің өзінде де өз ғамалдарында әділет негіздерін қалыптастырып, қате пікірлердің пайда болуынан сақтанатын. Күндердің бірінде Алланың елшісі мешітте бір топтың ортасында отырған еді. Хазірет адамдардан айырмашылық болмасын деп, оны айналып отыруды сұрайтын. Осыған орай мешітке бейтаныс адам кірген кезд, ол хазіретті танымағандықтан: «Орталарыңда  Мұхаммад қайсың?» деп сұрайтын. Одан маңыздысы исламның ұлық пайғамбары жиналған адамдарға тіпті қараған кезде де әділет сақтауға талпынатын. Исламның ұлық пайғамбары өнегеге толы өмірінің соңғы күндері өз жақындарынан мұсылмандарды тағы бір көруі үшін өзін соңғы рет мешітке апаруды сұрады. Халық Алла елшісінің халіне алаңдап, демдерін ішінен алып отырған жағдайда хазірет: «Уа, халайық! Мен тек Бір Аллаға ғана құлшылық етемін. Ораталарыңда менен қайтармаған нәрсесі барлар болса, айтыңдар. Егер шыбықпен ұрған адам болса, келіп, мені шыбықпен ұрсын. Егер ұрысқан адам болса, келіп, маған ұрыссын. Біліңдер, сендердің араларыңдағы ең сүйікті адам менен қайтармаған құқы болса, оны қайтарған немесе халал еткен адам саналады»,- деді. Жиналғандардың барлығы бастарын төмен түсірді. Хазірет өмірінде басқаның құқығын бұзып, зұлымдық жасаған жайт болмады. Ешбір адамның сөйлейтін күші болмай, барлық жерде үнсіздік орнады. Бір мезгілде ер адам үнсіздікті бұзып, орнынан тұрып: «Уа, Алла елшісі! Тайф соғысынан қайтып келе жатқан кезде түйенің үстінде отырып, қолыңыздағы қамшыңызды көтерген кезде ол маған тиіп кетті. Мен қысас жасағым келеді»,- деді. Бұл сөзді естіген адамдардың жүректері тоқтап қала жаздады. Алла елшісі болса дене қызуының жоғарылығына қарамастан, сабыр сақтап, көйлегін көтерді. Ер адам алға шықты. Бір мезгілде халықтың жылаған дауыстары мешітті сілкіндірді. Ер адам пайғамбарды құшақтап, тоқтаусыз кеудесін сүйе бастады. Халық көз жасын тыя алмады. Махаббат пен мейірімділік мешіттің кеңістігін толтырды. Халық осындай пайғамбардың жақтасы екендіктерін мақтан тұтып, қуанышқа бөленді.

 

 

 

Тегтер