Ұлы тұлғаның алдында 45
«Имам Хасан Аскари (ғ.с.) барлық жақтастары, шиіттер, қарсыластары ерекшелігі, білімі, тақуалығы, пәктігі, дұшпандардың алдындағы батылдығы, қиындықтардың алдындағы сабырлығы мен табандылығын мойындағын имам болды».
Имам Хади (ғ.с.) шәһид болған соң имамат міндеті оның перзенті имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның мойынында қалды. Ол туралы «оның болмысында имаматтың барлық ерекшеліктері жиналған, ол заманының барлық адамдарынан артық және ілім, сопылық, ақыл, пәктік, батыл, жомарттылық пен жағымды қылықтары тұрғыларынан баршаның көшбасшысы болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның әкесі имам Хади (ғ.с.) баласының жаның қорғау үшін өзінің жақын серіктеріне перзентінің орынбасары болып, имамат міндетіне ие болғаны туралы айтқан болатын. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) хиджридің 232-ші жылының рабиуль ахар айының 8-ші жұлдызында Мединеде дүниеге келді. 22 жасында имамат міндетіне ие болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) кезеңі қысымдар мен шектеулерге тап болғанымен бұл имамның шаралары оған дейінгі екі имамның кезіндегі жағдайдан жақсылау болды. Осыған орай имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның кезінде Исламның ұлық пайғамбарының жақтастары Ирак пен ислам әлеміндегі үлкен күш-қуатқа айналды. Бұл топ сол кездегі халифаларға наразылық білдіріп, Аббасилердің ешбір үкіметін заңды деп санамады. Өйткені олар илаһи халифат пен исламдық үкімет адамдарға Аллаға қарай жол нұсқайтын Алла елшісінің ұрпақтарының қолында болуы керек деп санады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өз кезінде Алла елішісі әулетінің ұрпағының ең лайықты өкілі болып, халықтың арасында өте маңызды қоғамдық және рухани жағдайға ие болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның өмірін үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең имамның Мединеде өмір сүрген 12 жылы; екінші кезең хазіреттің имаматына дейінгі Самеррада өткен 10 жылы; үшінші кезең имамат міндетіне ие болып, халықты дұрыс жолға нұсқаған 6 жылы болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өзінің пәк ата-бабалары сынды Ислам дінің тарату жолдында маңызды қадамдар жасады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның имаматы кезіндегі қиындықтарға қарамастан іске асырған ең маңызды жұмысы мұсылмандардың наным-сенімдерін нығайтуы болды. Ол жасырын түрде хаттар арқылы діни наным-сенімдерді таратуға талпынды. Имам Мұса Казем (ғ.с.)-ның кезінде қысымдар мен қоқан-лоққылардың артуын байланысты мұсылмандар мен пайғамбар әулетінің жақтастарының арасындағы арналық жұмыстар кеңінен таралғандай имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның кезінде де бұл арналар белсенділік танытты. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) аталмыш арналар арқылы өзі мен пайғамбар әулетінің жақтастарының арасында қарым-қатынастар орнатты. Сонымен бірге әртүрлі елдер мен қалаларға өкілдерін жіберіп, солар арқылы халықпен қарым-қатынас орнатты. Бұл жұмыстар халифаның ызасын көтеріп, ол қауіпсіздік шараларды күшейтті. Дәл осы мәселе имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның кезінде билік басында болған Аббасилер халифалары, яғни Мұтаз бен Мұқтадо Аббасидін имамды өлтіру туралы ойларына себеп болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) тіпті Аббаси үкіметінің абақтыларында да бақылауда болып, халифалар оның қасына тыңшыларын отырғызатын. Мұтаздың имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ге деген кегі басқалардан артығырақ байқалып, ол хазіретті өлтіру бұйырық шығарды. Бірақ имам өзінің ілімімен бұл бұйрықтың орындалмайтыны труалы айтты. Бұл бұйрықтан үш күннен кейін Мұтазды халифаттан түсіріп, ол өлімге ұшырады. Бұл ұлы тұлғаны: «Имам Хасан Аскари (ғ.с.) мінез-құлқы жақсы, шешен, илаһи және ғиззат жігіт»,- деп сипаттайтын. Ол Құранды әдемі сараптап, шәкірттер тәрбиелеуге ерекше мән берген. Имам мұсылмандар адаспау үшін Құранның шынайы тағылымдары мен дұрыс сараптау жолын халық әсіресе сахабалары үшін баяндаған. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) халықтың арасында аз көрініп, құпия жағдайдардан хабардар болуы мен халыққа ерекшелігін көрсетуді өзіне дейінгі имамдардан көбірек пайдаланды. Хазіреттің өмірбаяны бұл құралды қоғамда қалыптасқан жағдайға қарай қолданғанын анықтайды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның илаһи ерекшеліктері туралы көптеген құжаттар кездестіруге болады. Имамның Аббаси әулетінің абақтыларындағы илаһи іс-қимылдары олардың мысалдарының бірі саналады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) Саммера қаласында өткен алты жыл имаматы кезінде билік басындағылардың бақылауында болып, үш жылын қамауда өткізді. Деректер бойынша хазірет Аббаси абақтысында екі залым тапсырылды. Оларға имамғаазап-қорлық көрсету бұйрылған еді. Бірақ бұл екі адам имамның сұлулығын, илаһи ғамалдары мен мінез-құлқын көріп, әсер алып, өз әрекеттері мен мінездерін өзгертуды бастады. Олардың біреуінен имам туралы сұраған кезде ол: «Имам күндерінің ораза тұтумен, түндерін таң атқанша ғибадат және Құдаймен сырласумен өткізіп, ешкіммен жұмысы жоқ»,- деп жауап берді. Келесі мысал ретінде Мұтамед Аббасидің уәзірі Убайдолла Хақан туралы айтып кетуге болады. Ол өзінің сондай тәкаппарлығына қарамастан имам Хасан Аскари (ғ.с.)-мен кездескен кезде хазіретке құрметін көрсетіп: «Мен Саммерада хазіреттей адам көрмедім, ол ең сопы әрі ең дана адам»,- дейтін. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) қоғамды имам Маһди (ғ.с.)-ның жасырын кезеңімен таныстырып, халықты басшысы мен имамының жасырын болуын қабылдауға дайындады. Бұл жұмысы үшін имам өз шиіттерімен тікелей қарым-қатынас орнатуды азайтып, басқа жақтан хазірет Маһди (ғ.с.)-ның дүниеге келуі туралы көп қуаттады. Хазірет Маһди (ғ.с.)-ның дүниеге келуі де жасырын оқиға болып, имам Хасан Аскари (ғ.с.) бұл ұлының тууы туралы жасырды, өйткені Аббаси үкіметінің қысымы барлық жерге таралды. Имам Маһди (ғ.с.)-ның Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан болатыны туралы хабар таралып, барша шиіттердің имам Хасан Аскари (ғ.с.)-дың ұлының дүниеге келуін күтулеріне назар аударып, билік басындағылар имамды қатты бақылауға алды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өз өмірінің бойында Меһди деген перзентінің бар екені туралы әшкерелемеді, халықтың көбі тіпті имам Хасан Аскари (ғ.с.)шәһид болғаннан кейінде хазіреттің мұндай ұлының барекені туралы хабарсыз қалды. Аятолла Хаменеи имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ды жастар үшін ең жақсы үлгі деп таныстырады. Ол имам Хасан Аскари (ғ.с.) туралы былай деді: «Бұл ұлы тұлғ шәһид болған кезде тек 28 жаста еді. Шиіттердің құрметке толы тарихында мұндай үлгілер аз емес. Біздің имам Мәһди (ғ.с.)-дың әкесі өзінің сондай ерекшеліктері, данқы және адамгершілігімен дұшпанның қылмысынан шәһид болған кезде тек28 жаста еді. Бұл үлгі, жастар оны үлгі тұтады. Имам Джавад (ғ.с.) 25 жасында шәһид болды, имам Хасан Аскари (ғ.с.) 28 жасында шәһид болды. Оның ерекшелігі, білімі, тақуалығы, пәктігі, дұшпандардың алдындағы батылдығы, қиындықтардың алдындағы сабырлығы мен табандылығын барлық жақтастары, шиіттер, қарсыластарымен дұшпандары мойындағын болатын».