Қар 05, 2016 18:29 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 92

Кейде адамдардың арасында қайшылықтар пайда болады. Олар жалғасқан жағдайда адамдардың қарым-қатынасы суып, қоғамды қатыгездіктер билеуі мүмкін. Сондықтан бұл қайшылықтарды қисынды және дұрыс шешімдер арқылы жойған дұрыс. Оларды шешетін жолдардың бірі кешірім саналады.

Жағымды сипаттардың қатарына басқалардың қателіктерін кешіру жатады. Мұсылманның  кешірімді болуы оның ең үлкен жетістіктерінің бірі. Алла Тағала «Шура» сүресінің 40-шы аятында: «Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп, жарасса, онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз ол залымдарды жақсы көрмейді» - деп айтылған. Алла елшісі кешірімді болуды ғизззат пен айбындылықтың белгісі деп атап: «Кешірім жасаушылар жасасын! Кешірім пенденің ғиззатын арттырады. Сондықтан бір-бірінді кешіріңдер, Алла сендерді құрметтейді»,- деген. («Васаель әл-Шие» 8-ші том). Кейде адамдардың арасында қайшылықтар пайда болады. Олар жалғасқан жағдайда адамдардың қарым-қатынасы суып, қоғамды қатыгездіктер билеуі мүмкін. Сондықтан  бұл қайшылықтарды қисынды және  дұрыс шешімдер арқылы  жойған дұрыс. Оларды шешетін жолдардың бірі кешірім саналады. Басқалардың қателіктеріне төзімділік білдіру кектер мен дұшпандықтарды жойып, тіпті дұшпандардың татуласуына себеп болады. Хазірет Юсуфтың оқиғасында бауырлары оған сатқындық жасап, оны сатып жібереді. Бауырлары тек оны ғана емес әкесі хазірет Яқубты да қорлайды, бірақ соңында өкініп: «Аллаға ант етеміз. Рас Алла сені бізден артық етті. Өйткені, біз күнәкар едік»,- десті. («Юсуф» сүресі 91-ші аят). Бірақ хазірет Юсеф бауырлары олардан кегін алып отыр деп ойламас үшін және олардың өкініштерін жалғастырғысы келмей, оларды қауіпсіздік және тыныштықпен қамтамасыз етіп: «Бүгін сендерге сөгіс жоқ»,- деді. («Юсуф» сүресі 92-ші аят). Ол жүрегіне кек алмай, тіпті бауырларының өкініш сезімін олардың жүрегінен шығаруға талпыныс жасады. Содан соң оларды кешіргенін,  сондай-ақ   олардың күнәләрінің Алланың алдында да кешірілетінін  ескертіп: «...Алла сендерді жарылқайды. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі»- деді. («Юсуф» сүресі 92-ші аяттың жалғасы). Шын мәнінде хазірет Юсуф бұл ісімен өзінің жомарттығы мен кешірімділігін көрсетті. Исламның ұлық тұлғалары кешірімді адамдар болған. Исламның ұлық пайғамбарының Меккені жеңген кездегі мүшіріктермен орнатқан қатынасы барлық мұсылмандар үшін ең жақсы үлгі болды. Ол Меккені жеңіп алған соң кәпірлерге: «Біліңдер, сендер Алланың пайғамбары үшін жаман көршілер болып, оны қабылдамадыңдар. Оны қуып жібердіңдер, оны қорладыңдар, бірақ онымен де шектелмей, соғыс отын лаулаттыңдар. Алайда енді барыңдар, алаңдамаңдар, барлығың азатсыңдар»,- деді. Пайғамбар оларды кешіруімен шектелмей, олардың үлкендері, яғни Абу Суфиян мен «бауыр жеген әйел» деп танымал болған әйелінің үйін қауіпсіз мекен деп жариялады.  Имам Әли (ғ.с.) да шәһид боларының алдында перзенті имам Хасан (ғ.с.)-ға оны өлтірген адамға қатысты айтқан сөзінде: «Егер тірі қалсам одан кегімді алатынымды немесе кешіретінімді өзім шешемін. Ал егер өлетін болсам, оны кешірсем, Аллаға жақындаймын. Сондықтан оны кешіру сендер үшін де жақсы болады»,- деген. («Наһдж ул-Балағе» 23-ші хат). Кешірім адамға айбындылық сезімін сыйлап,  оның рухани күш-қуатын арттырады. Сол себепті Әли (ғ.с.): «Дұшпанды жеңген кезде шүкіршілік білдір»,- деген. («Васаел әш-Шие» 8-ші том). Жәуәнмәрт адамдар егер қарсы шыққан адамның істеген ісіне өкінгенін көрсе оны кешіреді. Бірақ, егер айыпкерді кешіру оның одан сайын арсыздана түсуіне себеп болатын болса, жазасын алуы үшін оны заңға тапсырады. Имам Әли (ғ.с) бұл туралы: «Кешірім ұлы адамды өзгерткендей, жаманды одан сайын жаман етеді»,- деген болатын («Бихар әл-Анвар» 77-ші том). Имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) де: «Саған жамандық жасаған адамды кешір, бірақ егер оны кешіру зиян әкеледі деп ойласаң, оны заңға тапсыр»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар» 74-ші том). Келесі бір сөзінде имам Әли (ғ.с.) қасақана қылмыс жасаған адамды кешіруге болмайды деп: «Күнәнің жамандығынан хабардар бола тұра, оны жасаған адамды кешіру дұрыс емес»,- деген.