Қар 05, 2016 18:41 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 14

Исламның ұлық пайғамбарының міндеті  әлемдік ресалат болып, ол әлемдік бірлік пен әлемдік бейбітшілік орнату саласында әрекет жасады.

Үкіметтердің стратегиялық саясаттарының бірі өздері басқаратын қоғамдағы адамдардың арасында бірлік орнату болып табылады. Бірақ олардың әрқайсының мақсаты көзқарастарына орай әртүрлі болып келеді. Ұлттық мақсаттар мен ұлтшыл ырымшылдықтарға сүйенген топтар дүниежүзінің саяси әдебиетінде панарабизм, пантуркизм және осыларға ұқсас атауларға ие бірлік құруды мақсат етті. Кейбіреулер бірлікті нәсілшілдік мақсаттарына сүйеніп орнатқылары келеді. Мәселен, олардың қатарына нацизм  мен сионизм жатады. Басқа топ саяси-идеологиялық мектебін, мәселен коммунизм мен маоизмді еңбекшілер мен шаруаларды біріктіріп, орнатпақ болды. НАТО, бұрынғы Варшава келісімі сынды ұйымдар әскери негіздер мен қарулы қақтығыстарға сүйеніп, бәсекеге түсе алатын мемлекеттердің одағын құруды көздеді. Үкіметтердің әрқайсы экономикалық, саяси, аймақтық, халықаралық тәсілдермен өз мүдделері мен жағдайларына қарай біртұтас майдан құруға талпыныс жасауда. Бірақ мұндай бірліктер олардың мүдделері қамтамасыз етілгенше тұрақты болады. Яғни, олардың арасында азғантай қайшылық пайда болысыменғ олардың бірлігі ыдырап, тіпті соғыс пен дұшпандыққа айналуы мүмкін. Илаһи пайғамбарлар саяси басшылардың көбі сынды өз үмбеті мен өз халқының арасында бірлік орнатуды мақсат еткен. Бірақ олардың басқа басшылардан айырмашылығы олардың ұлттық, ұлтшыл, саяси, әскери немесе экономикалық бірлік орнатуды көздеуінде емес. Олар илаһи және адами бірлік орнатуды мақсат еткен. Олар Аллаға сүйеніп, қайшылық тудыратын мәселені шешуге және тауһидтік наным-сенімдерді нығайтып, қоғамда шынайы әрі тұрақты бірлік орнатуға күш салды. Өйткені тауһидтік көзқараста саясат дүниесі шекарамен шектелмейді. Олардан әр нәрсенің ең әдемі әрі ең тұрақты, яғни илаһи бояуы байқалады. Исламның ұлық пайғамбары да барлық пайғамбарлардың тауһидтік міндетін жалғастырып, қайшылық тудыратын ұлтшыл, қоғамдық, саяси және мәдени себептерді тамырымен жойды. Содан соң тауһидтік сенімге  сүйеніп, тұрақты одақтар құрды. Басқа пайғамбарлардың міндеті тек өз халықтарымен шектелген болса, Исламның ұлық пайғамбарының міндеті  әлемдік ресалат болып, ол әлемдік бірлік пен әлемдік бейбітшілік орнату саласында әрекет жасады.  Басқаша айтқанда, Мекке мен Медине Исламның ұлық пайғамбарының пайғамбарлық міндетін бастаған мекендері  болғанымен, хазіреттің талпыныстары бүкіл әлемге таралды. Илаһи пайғамбарлардың мектебінде бірлік  өте маңызды, өйткені, бұл – тек пайғамбарлардың қалауы емес, бұл – илаһи бұйрық. Алла Тағала барлық жаратылыстар мен оған иман келтіргендерден қоғамдық пікірді алдау үшін бірлік туралы өтірік ұран айтатын биліктің шіріген жібінен алыстап, іріткі салатын кез келген әрекеттен абай болып, Алланың жібіне жабысуға шақырады: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер». («Әли-Ғымран» сүресі 103-ші аят). Құран неліктен илаһи бірлік туралы  ойлану керек деген сұраққа жауап беріп: «...Аллаға жабысыңдар. Иелерің сол. Нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші!»- деген. («Хаж» сүресі 78-ші аят).  Егер Алланың  негізі бірлік болмаса, саяси мақсаттар мен ырымшылдық, нәсілшілдік пен ұлтшылдық пайда болып, бірлікті шайқалтып, тұрақсыздандырады. Ұлы Алла бірліктің орнатылуын шынайы қалайтындарға олар адаспас үшін: «Күдіксіз менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер. Сонда сендерді Алланың жолынан айырады. Сендерге осыларды Алла нұсқады. Сақтанарсыңдар»,- деді. («Анғам» сүресі 153-ші аят). Бірақ Алланың негіздеріне иман келтірмеген адамдар қоқан-лоққы арқылы жүректерге әсер етіп, оларды бір-біріне жақындату арқылы  қоғамда тұрақты бірлік орнатылады деп санайды. Алла Тағала бұл қате ой-пікірді теріске шығарып: «Егер сен жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да, олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ Алла олардың араларын біріктірді. Расында Ол өте үстем, аса дана»,- деді. Илаһи емес ниетпен орнатылған қарым-қатынастар мен бірліктер бір кішкентай мәселемен бетпе-бет келу арқылы қайшылықтар немесе дұшпандықтарға айналады. Күні кешеге дейін бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатқан екі үкімет немесе екі халық тіпті соғыс  отын жалындатқанға дейін дұшпандықтарын тоқтатпауы мүмкін. Алайда илаһи негіздерге сүйеніп орнатылған бірлік күннен күнге нығайып, илаһи мейірімділікке бөленеді. Құран Кәрім бұл туралы: «Ал енді Аллаға сеніп, Оған жабысқандарды өз тарапынан мәрхамет және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады»,- деді. («Ниса» сүресі 175-ші аят). Исламның ұлық пайғамбары Құранның бірлік туралы тағылымдарына сүйеніп: «Жамағат, бірлік пен біртұтастық – нығмет» («Бихар әл-Анвар» 89-шы том) және келесі бір сөзінде: «Алла жамағат пен бірлікті қолдады»,- деген. («Бихар әл-Анвар» 73-ші том).  Құран Кәрімнің сындарлы тағылымдарының аясында Исламның ұлық пайғамбары надандық кезеңнің барлық дұшпандықтарын, іріткі тудыратын түрткілерді, қырып-жоюшылықтар мен талан-таражға салушылықты тоқтатып, біртұтас әрі мықты үмбет құрып, мұсылмандар арасында бауырластық келісімнің арқасында мейірімділік пен қайырымдылыққа толы қоғам құра алды. Исламның жарқыраған тарихында адамдардың арасындағы таңғалдырарлық терең қарым-қатынастар тіркелді. Бірақ тарих дұшпандардың өткен  кезеңде болсын,  қазіргі кезеңде болсын қастықтары және алдын ала дайындаған жобаларымен ислам әлеміне қатты соққы бергісі келгенін көрсетті. Құран мен Алла елшісінің көзқарасы бойынша дұшпандардың қайшылықтар тудыратын  жобаларымен күресу үшін  исламдық қоғам қызықтыратын әрі қатаң шара қолдана алатын екі ерекшелікке ие болуы керек. Яғни, бір жақтан өзінің ішкі қарым-қатынастарын нығайту, басқа жақтан сыртқы дұшпандардың барлық әрекеттерін бақылауға алуы керек. Ұлы Алла үкімет пен исламдық қоғамның және Алла елшісі мен адал мұсылмандар туралы: «Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді»,- деген болатын. («Фатх» сүресі 29-ші аятының үзіндісі). Кез келген уақытта және кез келген жерде  бірлік пен біртұтастықтың белгілері көрінген жағдайда  қоғамда илаһи илаһи нығметті сезуге болады. Керісінше, ислам дүниесінде қайшылық пен дұшпандық пайда болған кезде шайтанның  жасырын әсерін байқауға болады. Дұшпан, егер мұсылман қоғамы бірігетін болса еш уақытта өзінің арсыз жобаларын іске асыра алмайтынын біледі. Сондықтан әртүрлі жолдармен ислам әлемін жіктеуді өзінің маңызды стратегияларының бірі деп санайды.  Қайшылықтар мен іріткінің қатерін басқалардан бұрын сезген және шайтанның сипаттарын жақсы білген Исламның ұлық пайғамбары: «Қоғамның біртұтас құрылымынан бөлінген әр адамды шайтан  ұрлап кетеді. («Бихар әл-Анвар» 104-ші том) деді. Мұндай кеңістікте қоғамның іс-әрекеттері мен ұстанымдарының маңызды рөлі анықталып, Ұлы Алла: «Уа, иман келтіргендер! Менің және өздеріңнің дұшпандарыңды дос етіп таңдамаңдар»,- деп ескерткен. Құран Кәрім  мұсылмандар бұл ескертуге шынайы назар аударсын деп: «Егер олар сендерді бағындырса, сендердің дұшпандарың болады»,- деген.

 

 

Тегтер