Қар 05, 2016 19:07 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 25

Қарудың азат болуы және азаматтарының өмірінің қатерге тірелуі АҚШ-дағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. АҚШ-тың саяси басшыларының әртүрлі деңгейінде қаруды азат қалдыру немесе оған тыйым салу туралы пікірталастар болғанымен, қару саудасынан түскен пайда азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігінен маңыздылау деген ой туады.

Осы күндері Чикаго көшелерінде көптеген қақтығыстар мен оқ атыстарды көруге болады. Оқ атыстар азаматтардың арасында немесе полицияның қарапайым адамдарға қарсы орын алуда. Өткен бірнеше күнде Чикагоның әртүрлі аймақтарындағы оқ атыстардың салдарынан 3 адам өлді және 23 адам жарақат алды. 27-ші тамыздың түстен кейін басталып, 28-ші тамыздың таңына дейін жалғасқан оқ атыстардың ағымында біраз адам құрбан болды.

Чикагодағы адам өлімі

 27-ші тамызда Чикагоның батысында орын алған оқиғаның салдарынан тек 20 минуттың ішінде 2 адам өліп, 5 адам жарақатталды. 5-ші батыс көшесіндегі оқиғада 38 жастағы ер адам өз көлігін тұраққа қойғаннан кейін бес адамның шабуылымен бетпе-бет келіп, олардың біреуі оның басына атты. Бұл адам көшенің ортасына құлап, бұл оқиғаның үрейлі көрінісі аймақта өмір сүретін адамдардың реакциясына тап болды. Бұл аймақ қатыгездіктен алыс әрі тыныш мекен саналатын. Бұл оқиғадан 20 минут бұрын Чикагоның батысындағы екі шабуылдың ағымында 6 адам оқтың нысанасына түсті. Бұл оқ атыста 30 жастағы ер адам басына оқ тиіп, өлді. Сондай-ақ бұл оқ атыста 18 жастағы әйел және 25 жастағы ер оқ тиіп, жарақатталды.

 Чикагодағы оқ атыс

Чикагода орын алға келесі оқиғаның кезінде үш адам Лован Дейл мекенінде Батыс Артингтон көшесінде  тұрған кезде қарулы адам оларға шабуыл жасап, оларды жаралады.  Бұл шабуылда 32 жастағы ер адам аяқтан, 26 жастағы әйел кеудеден және 27 жастағы ер беті мен аяғынан нысанаға алынды.  27-ші тамыздың түстен кейінгі уақытта Оңтүстік Рудис көшесінде тұрған үш адамға да шабуыл жасалды. Олар екі ер адаммен сөзге келіп қалады, бір кезде ойламаған жерде ер адамның біреуі өз қаруымен оларға қарай оқ атады. Бұл оқиғада 19 жастағы ер адам басына оқ тиіп өлді және басқа екі адам саны мен мойнына оқ тиіп, жарақат алды. Сонымен бірге Чикагоның әртүрлі аймақтарындағы бірнеше басқа оқиғада басқа адамдар жараланды. Жексенбі 28-ші тамызда таңғы сағат үште Оңтүстік сәбз көшесінде жаяу кележатқан бір адамға оқ атылды. Сол күннің таңғы 4: 25 минутында белгісіз адам Хормуса аймағында 32 жастағы ерге оқ атты.  Чикагоның оңтүстігінде де жексенбінің таңында 2 ер адамға шабуыл жасалды. Бұл екі оқиғаның құрбандарының бірі: «Шабуыл жасаушының  мақсаты ұрлық болды. Ол бағынғанымен оған қарсы оқ атылды»,- деді.

 Қарулы қақтығыс

Сенбі 27-ші тамызда Англвуд мекенінде 20 жастағы жігітке оқ атылды. Сол күні  50 жастағы ер адам Батыс Горфилд паркінде  қарулы ұрының оқ атысымен кезікті. Сенбі күні Вест Палман мекенінде де 19 жастағы жігітке қарсы оқ атылды. Сол кезде шығыс Горфилд паркінде 20 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел жарақат алды. Бұл оқиғадан шамамен 15 минут бұрын 16 жастағы ер бала мен 23 жастағы ерге Пил Хил мекенінде оқ атылды. Сонымен бірге сенбі кешкісін Батыс Вулвун мекенінде 18 және 20 жастағы екі ерге шабуыл жасалды. Сол кеште Вест тауынде 33 жастағы ер адам шабуылмен кезікті. Қарулы адам ер адамның басы мен қолына оқ атты, бірақ адам өлмеді.

Қарулы шабуылдардың құрбаны

Бұл оқиғалар өткен жылы Чикагоның полициясының кемсітушіліктері және қатыгездіктерімен бетпе-бет келген жағдайда орын алып отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын бұл қаланың жеті полиция офицері қара нәсілді жасөспірімнің полицияның атқан оғынан өлгеніне немқұрайдылық танытқандары үшін жұмыстарынан босатылды. Чикаго өткен айларда сан рет полицияның бұл әрекеттеріне қарсы халық наразылықтары мен шерулерінің куәсі болды. Чикаго полициясының бұл штаттың азаматтары әсіресеқара нәсілділерге қарсы үрейлі әрекеттері өткен алты жылда дүниежүзінің үлкен ақпарат құралдарын өзіне қызықтырды. Соңғы кезде әшкереленген мәліметтер бойынша Чикаго полициясының офицерлері 2010-2015-ші жылдар аралығында 92 адамды адамды өлтіріп, басқа 170 адамды жаралады. Бұл мәлімет Чикаго полициясы әр бес күнде бір адамға оқ ататынын көрсетеді. Мәліметтер 2010-2015-шы жылдардағы чикаго полициясының барлық оқ атулары сарапталғаннан кейін «Чикаго Трибьюнмен» жинақталды. Чикаго полициясы бұл алты жылдың ішінде 435 жәйтте кемінде 2623 оқ атты. Олардың 262-сі Чикагоның қарапайым азаматтары қарсы атылған оқ.

  АҚШ полициясының әрекеттеріне қарсы наразылық

Чикаго полициясы оқ атқан әр 5 адамның төртеу қара нәсілділер. Қара нәсілділерге қарсы оқ атқандардың  жартысы Чикаго полициясының офицерлері. Атылған 262 оқтың 80 қара нәсілділерге, 35 немесе 14 пайызы  испаниялықтарға қарсы және тек 6 пайызы ақ нәсілділерге қарсы атылған. 2010-шы жылы оқ ату 107 рет орын алған болса, 2015-ші жылы 44 ретке төмендеді. Бірақ осы кезге дейін АҚШ-тың Лос-Анжделес, Нью-Йорк, Хьюстон және Филадельфия қалаларымен салыстырғанда Чикаго полициясының қатыгездіктері артығырақ байқалады. Бұл оқ атыстар көбінде есірткі  котрабандасы мен кедей адамдардың арасында   Чикагоның оңтүстігі мен батысында орын алды. Бұл зерттеулер оқ атқан полицияның тек бірнешеуінің ғана   қаруды дұры қолданғанын көрсетті. Бұл жәйттердің барлығында Чикаго полициясы  күш пен қаруды пайдалануды қажет деп біліп, өздерінің үрейлі әрекеттерін ақтады.

 Чикаго полициясының қатыгездіктеріне қарсы наразылық

Қарудың азат болуы және азаматтарының өмірінің қатерге тірелуі АҚШ-дағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.  АҚШ-тың саяси басшыларының әртүрлі деңгейінде қаруды азат қалдыру немесе оған тыйым салу туралы пікірталастар болғанымен, қару саудасынан түскен пайда азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігінен маңыздылау деген ой туады. Адам құқығы әлемдік жарлығы бойынша азаматтардың ең маңызды құқығы өмір сүру құқығы және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан үкіметтер азаматтарының құқыларын қорғауды  өз жобалары мен саясаттарының басты мәселесі ретінде қалыптастыруға міндетті. Бірақ экономикалық мүдделер, қару сату мен сатып алудан түкікен пайданы адамдардың өмір сүру құқыларынан маңыздылау деп санайды.

Қару саудасы

 2008-ші жылдан осы күнге дйін АҚш-тағы қару шығаратын компаниялардың пайдасы 40 пайыздар артық мөлешрге артты. Мамандардың болжауларынша көбі АҚШ үкіметіне байланысты бұл сауданың басшылары 2021-ші жылға дейін бұл арта түсу үдерісті жалғастырады. АҚШ-тың зерттеу және қорғаныс ұйымдарының бірінің аға мүшесі Гай Андерсон бұл туралы: «Батыс біраз жылдардан бері қару саудасын нығайтуды кіріс әкелетін негізгі ұстанымдардың бірі ретінде сайлады. Мәліметер бойынша әртүрлі соғыстарға  өзі шығарған қаруын сату арқылы  ең көп пайда көретін  10 компанияның көбі АҚШ компаниялары болып табылады. Өткен жылдарда ең үлкен таза кіріс көрген әскери қару мен әскери құралдар шығарып сататын негізгі компаниялардың   басында АҚШ-тың Лакхад Мартин» компаниясы саналады. Бұл компанияның кірісі 27,2 миллиарда еуроға теңеледі. Одан кейін 23,8 миилард еуромен АҚШ-тың «Боинг» компаниясы 2012-ші жылы аталмыш компаниялардың көшбасшылары болды.

АҚШ полициясы

Бірақ өкінішке орай көшедегі қатыгездіктер мен қарулы шабуылдар қарапайым азаматтармен шектелмейді. АҚШ полициясы халыққа қарсы қаруын көтеріп,  қатыгездікті күшейтеді. Қара нәсілділерге қарсы қатыгездіктер артығырақ байқалады. Өткен жылдарда ақ нәсілділердің қара нәсілділерге қысымы мен кемсітушіліктері анық көрінді.

 

 

 

 

 

 

Тегтер