Қар 15, 2016 17:06 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (17)

Алланың атымен бастаймыз! 2016 жылы қарашада АҚШ-та өткен президенттік сайлаудағы үгіт насихаттарға жұмсалған қаражат шамамен 5 жыл бойы Африкада безгек ауруымен күресуге жұмсалған минималды бюджетке тең.

Бір қарапайым салыстыру

Безгек – әлі күнге дейін көптеген адамның жанын алатын баршаны қамтитын  аурулардың бірі. Бұл жұқпалы ауру дене қызуы, ауыр анемия, көкбауырдың қабынуымен қатар жүреді. 2015 жылы безгек ауруына шалдыққан адамдардың саны 214 млн адам деп жарияланған. Олардың 88 пайызы Африкада өмір сүреді.

http://www.who.int/malaria/media/world-malaria-report-2015/en/

Африканың орталығы мен оңтүстік аймақтарында күніне 3000 бала безгек ауруынан көз жұмады. Адамдарды безгек ауруын тарататын анофелес масасының шағуынан қорғайтын торқапшықты сатып алуға 5 доллар бөлу арқылы балаларды осы аурудан қорғап, өмірлерін сақтап қалуға болады. Африка елдерінің экономикасы безгектен емдеуге және осы елдердің адами ресурстарына кететін шығындардан қатты зиян көрді. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, жаңа ғасырдың басталуымен, яғни 2000 жылдан бері Африка елдері орташа есеппен алғанда жылына 300 млн долларды безгек ауруымен күресуге және осы ауруға шалдыққандарды емдеуге жұмсайды.

http://www.povertyprogram.com/health.php

Осылайша Африканың кедей елдері безгек ауруымен күресу үшін өткен 16 жылдың ішінде 4 млрд 800 млн доллар  жұмсаған.  АҚШ‑тың Демократиялық және Республикалық партиялары үміткерлерінің 2016 жылы қарашада өткен президенттік сайлаудағы үгіт‑насихаттарына бір жыл ішінде жұмсаған қаражаты Африка елдерінің безгек ауруымен күресуге жұмсаған бүкіл бюджетінің 31 пайызын құрайды. Басқаша айтқанда, осы үгіт-насихаттардың бюджеті шамамен 5 жыл бойы Африкада безгек ауруымен күресуге жұмсалған минималды бюджетке тең.