Ақп 29, 2016 16:15 Asia/Almaty

Бұл – Хоррамшахр. Кешегі қанды қала. Шәһид болған азаттық сүюшілердің қаласы, қарсыласу мен жеңістің символы. Биік құрма ағаштарының қаласы.

Иә, бұл жер – Хоррамшахр. Мұндағы әрбір көше «баастық» басқыншылармен бетпе-бет соғыс пен ержүрек жастардың күресін баяндайды. Бұл аймақ әлемдік үстемшілдіктің қолдауына сүйенген Саддамның «баастық» режимінің Иранға  таңған соғысы барысында орны толмас зиянға ұшырады. Бұл қасиетті мекеннің бір қарыс жерін азат ету үшін исламдық Иранның ғазиз перзенттері қанға бөкті. Ақырында 19 айға соызлған басқыншылықтан кейін Иранның ержүрек ұлдарының жойқын әскери амалдары барысында басқыншылардан толығымен тазартылды.

Хоррамшахр ауданы Теһраннан 994 шақырым жерде Хузистан ойпатының оңтүстік-батыс бөлігіндегі Карун мен Арванд өзендерінің сағасында, экваторлық аймаққа жақын орналасқан. Бұл аудан солтүстікте Ахваз ауданымен, шығыста Шадеган ауданымен, оңтүстікте Абадан және Парсы шығанағымен, батыста Ирак елімен шектесіп жатыр. Теңіз деңгейінен 3 метр биіктікте орналасқан Хоррамшахр ауданның ауа-райы Сауд Арабиясы мен Иракқа жақын орналасуына байланысты осы елдерден соғатын ыстық та құрғақ желдердің ықпалында қалып отыр. Бұл аудандағы ылғалдылықтың салыстырмалы деңгейі Арванд өзені мен Парсы шығанағына жақын орналасуына байланысты жылдың төрт мезгілінде де жоғары. Хоррамшахр ауданының ең негізгі бау-бақша өнімдері – құрма мен цитрус жемістері. Аудан мал шаруашылығымен де айналысып, сүт, тері және жүн өнімдерін өндіреді.

Осы ауданның кейбір ауылдарында жүн шапан мен джаджим тігу және ши тоқу да кең таралған. Бұл ауылдардың тұрғындарының ана тілінің араб тілі екендігін біліп жүргендеріңіз жақсы. Алайда, осы аудандағы араб тілді ирандықтар ауызекі тілде араб тілімен қоса, парсы тілінде де сөйлейді.  Ауданның тарихи жерлері ретінде «Сорақ» айлағын атауға болады. Сорақ – шыны мен қыштан жасалған заттарды экспорттайтын орталық. Хоррамшахрдың көне және жаңа көпірі, қайық жүргізу кемежайы, балық сату базары, Қызыл жарты ай қоғамының ғимараты, «Филие» сарайы, Хоррамшахрдың жамағат мешіті Хоррамшахр ауданының көрнекті жерлерінің қатарын құрайды.

Хоррамшахр ауданының орталығы Хоррамшахр портты қаласы Хузистан облысының орталығы Ахваз қаласынан 128 шақырым жерде орналасқан. Карун өзені осы қаланы кесіп өтеді. Бұл өзен қаланы батыс және шығыс деп екі бөлікке бөлгеннен кейін Арванд өзеніне барып құяды. Ені 400 метрлік құрма ағашының белдеуі қаланы басқа жерлерден бөліп тұрады.

Хоррамшахр х.қ.ж.с.б. 12 ғасырда кішкене ауыл саналса, 13 ғасырдың басында үлкен айлаққа айналған. Хоррамшахр құрылған кезінен бастап өзінің стратегиялық маңыздылығына байланысты назарға алынып, бірнеше рет шетелдік күштердің қолына түсіп, азат етілген. 1875 жылы   ағылшындар, 1883 жылы Осман империясы, 1980 жылы Ирактың «баастық» армиясы Хоррамшахрды басып алған. Шарықтаулар мен құлдырауларға толы қаланың тарихи тағдырының өзі географиялық және стратегиялық жағдайы тұрғысынан бұл жердің маңыздылығын білдіреді.

19 ғасырда Хоррамшахрға жақын жерде мұнайдың табылуы және Абадан мұнай өңдеу зауытының салынуы ауданның маңыздылығын арттырып, бұл қаланың абадтандырылуына жақсы көмектесті. Бұл кезде Хоррамшахрда үлкенді-кішілі сауда орталықтары ашылды.

Хоррамшахрдың алғашқы үлкен кемежайы х.ш.ж.с.б. 1308 жылы салынып, қолданысқа берілді.

Саддамның Иранға таңған соғысына дейін Хоррамшахр географиялық және сауда-саттық жағдайы мен азат суларға қолжетімділігіне байланысты үлкен байлыққа ие  болды. Үлкен сауда кеңселері мен орталықтары, отандық және  шетелдік ірі сауда компаниялары, сондай-ақ, ірі кеме қатынасы компаниясы Хоррамшахрға халықаралық айлақтық сипат берді. Оның тұрғындары парсы, араб және басқа да шет тілдерін біледі. Бірақ 1980 жылы басталған теңсіз соғыс бұл ауданға үлкен зиян тигізді. Хузистан қалалары арасында  «қалыңдықтай сұлу» атанған Хоррамшахр қаласы толығымен өзгерді. Әрине бұл қаланың халқы мен қорғаушылары қолдарындағы азғантай мүмкіндікпен ақтық демдері қалғанша дұшпанмен соғысып, өздерінің жанкешті қарсыласуының арқасында  батырлық дастан тудырып, қайғылы болса да тарихта мақтанышқа толы жарқын із қалдырды.

Ирактың «баастық» режимі Иранға шабуылда алпауыт елдердің кең де есептелген  қолдауларына ие болған. Олар бұл режимді бақайшағына дейін қаруландырып, сол замандағы соңғы әскери техникалармен жабдықтады. Олар жерсерігінен алынған нақты мәліметтермен ирандық күштердің кез-келген қозғалысын Ирактың «баастық» режимінің ықтиярына беріп отырған. Осы тұрғыдан үстемшіл күштердің әскери есептеулері негізінде Иран тарапынан Хоррамшахрды азат ету мүмкін еместей көрінген. Тіпті Ирак режимінің басшысы Саддам: «Егер ирандық жауынгерлер Хоррамшахрды қайтарып ала алса, бүкіл Басраны оларға беремін»,-деп уәж айтқан.

Бірақ Иранның ержүрек қарулы күштері жаужүрек халықтық күштермен бірге күрделі әскери амалдар атқарып, Ирактың басқыншы режиміне ауыр жеңілістің дәмін таттырды. Бір тарихи амал барысында Хоррамшахрды қоршап, әлем елдерінің сенімсіздігіне қарамастан қаланы х.ш.ж.с.б. 1361 жылы 3 хордадта (1982 жылы 24 маусымда) азат етті.

ИИР-ның радиосынан Хоррамшахрдың азат етілгендігі туралы хабардың жариялануы соңғы кездері осыны асыға күткен Иран халқын шаттыққа бөледі. Бүгінде Хоррамшахр толығымен қайта жөнделіп, онда тарихи және археологиялық тартымдылықтармен бірге «Соғыс» мұражайы да жұрт назарына ұсынылған. Хоррамшахрдың ержүрек халқы үкіметпен бірге өз ауданының сауда-экономикалық жағдайының жақсаруына күш салып, осы жолда үлкен жетістіктерге қол жеткізді.  

Ойшылдардың көзқарасы бойынша, бөгендер жердің тыныс алу жолы болып табылады. Барлық тіршілік иелерінің аман қалуы осы бөгендерге байланысты. Адамдардың тірі қалуы үшін қан тамырлары мен өкпені қажет ететіні сияқты өзендер мен бөгендер де жердің қан тамырлары мен өкпесі ретінде оның өмірі үшін өте қажет. 296 мың га ауданды алып жатқан  «Шадеган» халықаралық бөгені –  осындай бөгендердің бірі.

Бөгеннің беті қоға және басқа да өсімдіктермен жабылған. Ол күз кезінде Еуропаның солтүстігі, Канада мен Сібірден келетін мыңдаған жыл құстарын қабылдауға қолайлы мекен болып табылады. Бұл бөген мен оның айналасында ащы және тұщы суда өсетін балықтардың алуан түрі, қолдан өсірілетін балықтар, қоқиқаз, көкқұтан, ләйлек, жабайы қаз, үйректердің түрлері, бірқазан сияқты құстар мен жабайы мысық, доңыз, қорқау қасқыр мен түлкі сияқты сүтқоректілер тіршілік етеді. «Шадеган» халықаралық бөгені әлемдегі мәрмәр үйрегінің өсіп-өнетін жері болып табылады.

Жалпы алғанда «Шадеган» халықаралық бөгені – жойылып кету алдында тұрған жануар мен өсімдік түрлерінің үштен бірінің тіршілік ететін жері. Бұл бөген оның атырабында орналасқан жүзден аса ауылдың егін алқаптарын  сумен, малдарын шөппен қамтамасыз етеді. «Шадеган» бөгені халықаралық деңгейде де маңызды саналады. «Шадеган» халықаралық жабайы жануарлар қорығында да жануарлардың өте сирек кездесетін түрлері тіршілік етеді.