Қар 16, 2016 16:26 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 29

Сауд Арабиясының адам құқығын бұзуы туралы көптеген сындарға қарамастан 2016-шы жылдың бірінші алты айында Германия бұл елге шамамен 500 миллион еуроға қару экспорттады. Соның салдарынан әскери емес қарапайым халық, соның ішінде жазықсыз балалар мен әйелдер қырылды.

Шамамен бір жарым жыл бұрын Сауд Арабиясы Йеменге қарсы әскери шабуылдарын бастап, көптеген бомбалау әрекеттерімен Йеменнің жазықсыз халқын қырып жатыр. Йеменде қорқыныш пен алаңдаушылық, бақытсыздық пен кедейшілік қалыпты жағдайға айналды. Бұл елде ешбір маман қалмады. Қажет нәрсені сатып алатын ақша жоқ. Күн сайын қақтығыс, бомбалау әрекеттері орын алуда. Бұл – дүниежүзі оған немқұрайдылық танытып отырған соғыстың салдары. Йемендегі адами апат тіпті Ирак пен Сириядан да тереңірек болар.

Сауд Арабиясы Йеменге әскери шабуыл жасады

Бір сөзбен айтқанда, Йемен халқы бүгінде апатпен бетпе-бет келіп отыр. Бұл елде осы күнге дейін шамамен 4 000 әскери емес бейбіт халық  жан тапсырды. Мектептер мен базарлар, ауруханалар қирады.  Шамамен үш миллион адам өз елінен қуылды. Теңіз арқылы қашу да мүмкін емес жағдайға айналды. Әйелдер мен балалар, ерлер апатты жағдайларда қираған ғимараттар мен басқа құрылыстарда немесе бос жерлерде күндерін өткізуде. Олар азық-түлік, ауыз су мен дәрі-дәрмек тапшылығымен кезігуде.

Батыс мамандарының бірі Марайке Трансфельдтің пікірінше, Йемендегі соғыс сүнниттер мен шиіттердің мәселесіне қатысты емес. Онда идеологиялық және саяси көзқарастардың рөлі өте аз. Бұл жерде билік мәселесі анық байқалуда. Йемен халқы бұл елде әртүрлі таптардың ойын добына айналды. Адамдардың қиындықтары бір ұтыс қағазы ретінде пайдаланылуда.

Қару экспорты

Йемен теңіз жағынан қоршауға алынғандықтан бұл елге қажет көптеген заттар енгізілмейді. Германиядағы гуманитарлық көмектер ұйымының басшысы Вольфганг Прангель: «Мұндай жағдайда бұл ел халқының қажеттілігін шешу өте қиын. Сонымен бірге бұл елде адамдар ақша тауып, азық-түлік сатып алатындай жұмыс жоқ. Сондықтан олар азық-түлік тапшылығы мен аштықтың азабын тартуға мәжбүр» деді. Йемен ұзақ уақыт бойы араб әлемінің кедей мемлекеті саналды. Қазір соғыс салдарынан бұл елдің жағдайы одан сайын нашарлап кетті. Елдің 27 миллион халқының шамамен төрттен үш бөлігі жедел көмекті қажет етеді. Зерттеулер бойынша шамамен 7 миллион йемендік аштықпен бетпе-бет келіп отыр,  олардың көбі кішкентай балалар.  Әлемдік азық-түлік  бағдарлама ұйымының маманы Том Дойе  бұл туралы: «Бұл елде толық бір ұрпақ аштықтың қатерін өз жандарымен сезе алады»,- деп ескертіп, әлемдік қоғамнан бұл дағдарысты шешу саласында көбірек шара қолдануды талап етті. Оның айтуынша, әлемдік қауымдастық бұл мәселеге  дұрыс көңіл аудармай отыр.

 Йемендегі кедейшілік пен аштық

ЮНЕСЕФ-тың мәліметі бойынша Йеменде шамамен алты миллион жасөспірім кедейшілікте өмір сүреді. Шамамен бір жарым миллион адам азық-түлік тапшылығымен кезігіп, олардың 370 000 қатермен бетпе-бет келіп отыр. Йеменде соғыстың салдарынан медициналық және санитарлық-гигиеналық жүйе толығымен жойылған. Бұл жағдай йемендік әлсіз балалар үшін өліммен тең. Бомбалау салдарынан  200 000-нан астам мектеп қирап, 1100-ден астамына нұқсан келді. Бұл елдегі сарбаз балалардың саны көбейді. ЮНЕСЕФ-тың статистикасы бойынша Йеменде соғыстың басталуынан бері кемінде 1200 жасөспірім әртүрлі әскери топтарға қызметке алынды. БҰҰ-ның гуманитарлық жұмыстар мен төтенше жағдайлар координаторы Стефан О'Брайнның пікірінше, егер қақтығысып жатқан партиялар тез арада бейбіт келісімге келмесе, Йемен күйреу қатеріне душар болады.  Йемендіктердің 80 пайызы, яғни шамамен 21 миллион 200 мың адам  гуманитарлық көмекті қажет етеді. Шамамен екі милллион адам, соның ішінде 370 000 бала азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. 

Йемендік балалардың аштығы

Сауд Арабиясының адам құқығын бұзуы туралы көптеген сындарға қарамастан 2016-шы жылдың бірінші алты айында Германия бұл елге шамамен 500 миллион еуроға қару экспорттады. Соның салдарынан әскери емес қарапайым халық, соның ішінде жазықсыз балалар мен әйелдер қырылды. Германия үкіметі өзінің қару-жарақ саясатын қорғап, дағдарысты аймақтарға қару экспортының артуына қарамастан бұл саладағы саясаттарын шектеулі әрі айқын  деп бағалады.

Германия ақпарат агенттігінің 2016-шы жылдың бірінші жартысындағы қару экспорты туралы мәлімдемесінде: «Қаруларды қабылдайтын елдегі адам құқығы мәселесіне көңіл аудару ерекше маңызды»,- деп айтылған. Сонымен бірге қажет шарттардан кенде болғандықтан шамамен 9,6 миллион еуроға бағаланған 34 қару келісімнің қабылданбағаны туралы ескертілді.  Бірақ Германия үкіметі Сауд Арабиясына қару сатуын жалғастыруда.

Сауд Арабиясына қару сатылады

Германия үкіметі 2016-шы жылдың бірінші жартысында бағасы 4 миллиард еуродан асатын  қару экспорттауға рұқсат бекітті. Германияның қару экспортына арналған   мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы алты айында бұл елдің қару импорттайтын 10 елінің бесеуі дағдарыспен кезігіп отырған мемлекеттер болды.  Түркия өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 25-ші орыннан 8-ші орынға көтерілді. Алжир, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі және Оңтүстік Корея – Германиядан қару алатын 10 елдің қатарына кіреді. Германияның қару экспортына арналған мәліметі германиялық қару-жарақты Ирак пен Сириядағы АҚШ-тың арнайы күштері қолданатынын немесе солар арқылы Сауд Арабиясына тапсырылатынын көрсетпейді. Қалай болғанда да Германия үкіметі өткен жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда қару экспортына қатысты рұқсаттарды шамамен жарты миллиард долларға арттырды.

Йеменде әскери емес халық қырылуда

Германияның оппозициясы бұл елдің үкіметінің, әсіресе Сауд Арабиясы сынды мемлекеттер мен дағдарысты аймақтарға қару экспорттауын қатты сынады. Халықаралық Амнистия ұйымы Германия үкіметінің қару экспортына назар аударып, Берлиннен АҚШ сынды Германияның дос елдері арқылы германиялық қарудың қарапайым халыққа қарсы қолданылмауына кепілдік беруді талап етті. Халықаралық Амнистия ұйымының мәліметі бойынша АҚШ басқарған ДАИШ-ке қарсы коалицияның әрекеттерінде әскери емес халық қаза болуда. Халықаралық Амнистия ұйымының қару-жарақ мәселесі жөніндегі маманы Матиас Джон Osnabrücker Zeitung газетіне берген сұхбатында қару-жарақтың адам құқығын бұзу саласында пайдаланылуының алдын алу қажеттігін қуаттады. Матиас Джонның  айтуынша, Сауд Арабиясына жіберген қаруды саудиялық қауіпсіздік күштері Йемен соғысында пайдаланады деген қауіп бар.

 Батыс қаруы Йемен халқының қырылуының себебі

Балаларды қорғайтын ұйым да қаруды дағдарыспен кезігіп отырған аймақтарға экспорттамауды талап етті. Бұл ұйымның басшыларының бірі Йорг Ангерштайн: «Кішкентай қарулар қолданылуы оңай болғандықтан сарбаз балалардың қолына түседі. Балаларды соғыста пайдалануды тоқтату керек»,- деп, Германиядан қарулардың дағдарысты аймаққа экспортталуына тыйым салатын заң қабылдауды талап етті.   

 Йемен балалары қырылуда

2016-шы жылдың бірінші алты айында Германия бұл елге шамамен 500 миллион еуроға қару экспорттады. Соның салдарынан әскери емес қарапайым халық, соның ішінде жазықсыз балалар мен әйелдер қырылды.