Қар 17, 2016 16:48 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (24)

Алланың атымен бастаймыз! 8 қарашада АҚШ-та өткен президенттік сайлаудың тек екі үміткерінің үгіт-насихатқа жұмсаған жалпы қаражаты 2016 жылдың 19 қазанына дейін 2 млрд 100 млн доллар болған. Осы екі үміткердің үгіт-насихатқа жұмсаған қаражатымен АҚШ-тың Бейбітшілік институтының 630 айлық бюджетін қамтамасыз етуге болады. Америкалықтардың пайымдауынша, бұл ұйымның негізгі міндеті – әлемде бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік деңгейін жоғарылату.

Бір қарапайым салыстыру

АҚШ әлемде болып жатқан қайшылықтардың көбіне әскери тұрғыдан қатысып жатыр. Вашингтон Ауғанстан мен Иракта соғыс бастады. Содан кейін Таяу Шығыстан тыныштық кетті. АҚШ өз әскери күшін әлемде өзінің үстемдігін орнату үшін сан рет ауқымды түрде пайдаланды. АҚШ-тың қайраткерлері әрдайым америкалық салық төлеушілердің салығын АҚШ-тың қауіпсіздігін қорғауға  және әлемде бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға көмектесуге бағытталған әскери істерге жұмсайтынын айтып келеді. Осы уәждерге қарамастан, америкалықтардың федералдық үкіметке төлейтін салығының 39 пайызы осы елдің армиясына жұмсалады.

http://peacealliance.org/cms/assets/uploads/2013/05/statistics-on-violence-2015.pdf

АҚШ армиясында 1 млн 400 мың белсенді мүше мен 1 млн 100 мың запастағы мүше бар. Осы әскерилердің барлығын сақтау, оларды қару-жарақпен қамтамасыз ету және армияны басқару үшін АҚШ жылына 581 млрд доллардан астам бюджет бөледі.  

http://www.globalfirepower.com/countries-comparison-detail.asp?form=form&country1=united-states-of-america&country2=china&Submit=COMPARE

«Carnegie» зерттеу орталығының комиссиясы 1999 жылы әлемдегі қанқұйлы қақтығыстар туралы зерттеуін жариялады. «Қайшылық шығыны: қайшылықтың алдын алу және оны доғару»  деген тақырыппен жарияланған зерттеу бойынша, әлемнің әртүрлі жерлерінде қайшылықтардың туындауының алдын алуға жұмсалатын қаражат қайшылық туындағаннан кейін оны тоқтату үшін жұмсалатын қаражаттан 60 есе тиімдірек.

http://peacealliance.org/cms/assets/uploads/2013/05/statistics-on-violence.pdf

АҚШ-тың әлемде соғыс отын таратуы

АҚШ-тың  әлемде бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қорғау туралы уәждеріне керісінше, осы ел үкіметінің әлемдік қайшылықтарды тежеу үшін жұмсайтын бюджеті мардымсыз. АҚШ-тың әскери оқу орындары  федералдық үкіметтен жылына 1 млрд доллар бюджет алады. Ал әлемде қанқұйлы қайшылықтардың туындауының алдын алу үшін осы елде ресми түрде жұмыс істейтін жалғыз институттың бюджеті АҚШ-тың әскери оқу орындары бюджетінің 1/25 бөлігін құрайды. United States Institute of Peace – АҚШ-тың  Бейбітшілік институты 1984 жылы осы елдің Конгресі тарапынан құрылып, бюджеттен жылына 40 млн доллар алады. Яғни, айына 3 млн 334 мың доллар жұмсалады.

8 қарашада АҚШ-та өткен президенттік сайлаудың тек екі үміткерінің үгіт-насихатқа жұмсаған жалпы қаражаты 2016 жылдың 19 қазанына дейін 2 млрд 100 млн доллар болған. Осы екі үміткердің  үгіт-насихатқа жұмсаған қаражатымен АҚШ-тың Бейбітшілік институтының  630 айлық бюджетін қамтамасыз етуге болады.

https://www.washingtonpost.com/graphics/politics/2016-election/campaign-finance/