Қар 24, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Фұрқан сүресі, 633-ші бөлім, 60-63 аяттар

Фұрқан сүресі, 633-ші бөлім, 60-63 аяттар

«Фұрқан» сүресінің 60 аяты:«وَإِذَا قِیلَ لَهُمُ اسْجُدُوا لِلرَّ‌حْمَنِ قَالُوا وَمَا الرَّ‌حْمَنُ أَنَسْجُدُ لِمَا تَأْمُرُ‌نَا وَزَادَهُمْ نُفُورً‌ا» 

 (Сәжде аяты бар.) Оларға: "Рахманға сәжде қылыңдар" делінсе: "Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейік бе?",-десті. Бұл олардың жиренішін қоздырды. (60)

 Мүшіріктер пұттардың алдында сәждеге жығылып, оларға табынды. Алланың елшісі оларға: «Егер біреудің немесе заттардың алдында сәждеге жығылғыларың келсе, мына жансыз заттардың ғана емес, сонымен қатар өздерің сияқты адамдардың алдарында да сәждеге жығылмаңдар. Сендерді рақыммен жаратқан, әрдайым Оның дастарханының басында отырып, Оның нығметтерін пайдаланатын ғана табынуға лайық» деді. Бірақ мүшіріктер бұл қисынды сөзді қабылдаудың орнына әдепсіздікпен: «Сен айтып тұрған «Рахман» деген не? Оған табынатындай біз ондай нәрсені танымаймыз. Сен оған табыныңдар деп бұйырғандықтан біз келіспейміз де, қабылдамаймыз да» десті.

Ия, пайғамбарлар оларды Құдайға табынуға шақырғанда олар тәкәппарлық және менмендікпен осындай тұрғы ұстанып, хақ жолынан алыстай түсті. Осы аяттан үйренетініміз:

1.Сәжде – бір Құдайға табынушылық пен таухид діндерінің рухы.

2.Ислам туралы уәж айтатын кейбіреулер намаз оқымайды, Құдайдың алдына тағзым етпейді. Сол себепті олар мүшіріктермен бірдей.

3. Хақ сөзі оны қабылдауға дайын адамдарға әсер етеді. Бірақ қырсық та тәкәппар адамдарға кері әсер етіп, олардың хақ сөзден көбірек алыстауына себеп болады.

 «Фұрқан» сүресінің 61-62 аяттары:

«تَبَارَ‌کَ الَّذِی جَعَلَ فِی السَّمَاءِ بُرُ‌وجًا وَجَعَلَ فِیهَا سِرَ‌اجًا وَقَمَرً‌ا مُّنِیرً‌ا»، «وَهُوَ الَّذِی جَعَلَ اللَّیْلَ وَالنَّهَارَ‌ خِلْفَةً لِّمَنْ أَرَ‌ادَ أَن یَذَّکَّرَ‌ أَوْ أَرَ‌ادَ شُکُورً‌ا»

 Сондай мол игілік иесі Алла аспандагы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты. (61) Ол сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды. (62)

Олардың пайғамбарға: «Неліктен сенің Құдайыңның алдында сәждеге жығылуымыз керек?» деген сөздеріне берген жауапта осы аяттар былай дейді: «Құдай сендердің сәжделерің мен табынуларыңды қажет етпейді. Сендердің табынудан бас тартып, теріс айналғандарыңнан Құдай әлсіреп қалмайды, Өзінің ісінен жаңылмайды. Себебі аспан ұлылығымен, сондай-ақ сендер оны көретін сансыз жұлдыздар болсын, һәм күн мен ай болсын Оның билігінде. Ұлы жаратылыстың Иесі мен Басқарушысы сендерге де, сендердің ғибадаттарыңа да мұқтаж емес. Жер бетіндегі сендер сезетін күн мен түн, яғни күннің шығуымен өздеріңнің істеріңмен айналысып, түнде демалуларың үшін жерді күнді айналтып, оны пайда еткен Құдайдың ісі. Ондай болса неліктен шүкіршілік білдірудің қажет екендігіне құлақ аспайсыңдар?» Осы аяттан үйренетініміз:

 1. Сансыз жұлдыз бен күн және айдың жаратылуы Алланың рақымы мен берекесінің көрінісі.

2. Күн мен түн – шүкіршілік айту үшін лайықты нығмет. 3. Ақиқатты көру мен білу жеткіліксіз. Хақты қабылдау жігеріне ие және түзелгілері келетін адамдар ғана ақиқатқа жетеді. Кері жағдайда ақиқатты таба алмайды.  «Фұрқан» сүресінің 63 аяты:

«وَعِبَادُ الرَّ‌حْمَنِ الَّذِینَ یَمْشُونَ عَلَى الْأَرْ‌ضِ هَوْنًا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ الْجَاهِلُونَ قَالُوا سَلَامًا»

 Рахманың құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: "Сәлеметшілік" деп, дұрыс жауап береді. (63)

Олардың хақтан алыстауына себеп болатын кәпірлердің келемеждері мен менмендік рухтарының алдында Құран осы аяттан бастап «Фұрқан» сүресінің соңына дейін екі топтың айырмашылықтарын жақсы көрсету үшін мүміндердің сипаттарын баяндайды. Құранның жақсы құлдары туралы айтатын бірінші сипаттамасы табиғи түрде барлық адамдардың іс-әрекеттерінен көрінетін тәкәппарлық пен менмендік және кеудемсоқтықтан алыс болу. Тіпті адамның жүрісінен-ақ оның қарапайым адам ба, жоқ әлде тәкәппар адам ба екендігін түсінуге болады. Сол себепті Құран былай дейді: «Құдайға құлшылық етудегі алғашқы белгі Адамның жүрісі сынды ең қарапайым істерден көрінуі тиіс қарапайымдылық». «Исра» сүресінің 37 аятынан былай деп оқимыз:

 «Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың». (37)

Құдайдың жақсы құлдарының екінші ерекшелігі жөнсіз сөздердің алдында жуастық пен шыдамдылық танытуы болып табылады. Жаман сөз айтатын әдепсіз адамдарға олардың өздері сынды жауап берудің орнына олар үлкендік танытып, ұрсысып, жанжалдасудың орнына үнсіздік танытады.

 Осы аяттан үйренетініміз:

 1.Құдайға деген иман Оған ғибадат етумен шектелмейді. Ахлақтық және әлеуметтік мәселерге көңіл аудару иманның маңызды діңгектері.

2. Жуастық пен момындық – Құдайға құлшылық етудің нәтижесі, әрі оның алғашқы белгісі.

2. Құдайдың жақсы құлдарының басқалардың жөнсіз сөздері мен істері алдында сабыр сақтап, шыдамдылық танытуын олардың әлсіздіктері мен қорыққандықтары деп санамайық. Бұл олардың үлкендіктерінің белгісі. 3.Жәһілдермен олардың өздері сынды қарсыласпайық. Мұндай жағдайда солардың деңгейіне түсеміз. Керісінше, мән бермей, оларды жөндеріне қалдырайық. Сонымен қатар олардың бұрыс сөздеріне жәуәнмәрттікпен жауап берейік.