Қар 24, 2016 21:32 Asia/Almaty

Фұрқан сүресі, 630-шы бөлім, 50-52 аяттар

"Фұрқан» сүресінің 50 аяты:

وَلَقَدْ صَرَّ‌فْنَاهُ بَیْنَهُمْ لِیَذَّکَّرُ‌وا فَأَبَى أَکْثَرُ‌ النَّاسِ إِلَّا کُفُورً‌ا» 

Расында үгіт алулары үшін оны (аяттарды) олардың араларына әр түрде түсірдік. Сонда да адамдардың көбісі шүкірсіздік пен күпіршіліктен басқа жолды ұстанбады. (50)

 

Құдай адамдарға жетекшілік ету үшін өзінің кітабындағы аяттарды әр түрде және әр қалыпта түсірді. Аяттар кейде сүйінші түрінде, кейде ескерту сипатына ие болса, кейбір кезде әмір еткен күйде, енді бірде тыйым салған қалыпта түсірілді. Осы кітаптағы бұрынғылардың оқиғалары мен тағдырларына сілтеме жасайтын аяттар һәм хабар беріп, һәм қияметте орын алатын оқиғаларды баяндайды. Аяттардың кейбіреулері Алланың мейірімі мен рақымын рауаят етсе, кейбіреуі Оның қаһары мен жазасынан хабар береді. Құран аяттарының осыншама әр алуандығының барлығы адамның ойланып, оның һәм өзінің өткенін ұмытпауы, һәм өзінің болашағына алаңдауы үшін айтылады. Алайда тарих адамдардың көбісінің әрдайым нәпсілік тілектеріне беріліп, ойланып, Алланың тура жолына ерудің орнына хақтан теріс айналғандарын көрсетті. Осы аяттан үйренетініміз:

1.Өзі мен Жаратушыдан қапыл қалу қатері адамға қауіп төндіретін үлкен қатер. Сол себепті адам әртүрлі тәсілдер мен әрдайым ескерту мен еске салып отыруды қажет етеді.

2.Алланың бұйрықтарын елемеу жеке адам мен қоғамдық өмірдегі Құдайдың нығметтеріне қатысты ең үлкен күпіршілік білдіру болып табылады.

 

«Фұрқан» сүресінің 51 аяты:«وَلَوْ شِئْنَا لَبَعَثْنَا فِی کُلِّ قَرْ‌یَةٍ نَّذِیرً‌ا» 

 

Егер қаласақ, әр кентке бір ескертуші жіберер едік. (51)

 

Набоват, яғни пайғамбарлық мәселесінде қай адамның қай уақытта және қай жерде пайғамбарлыққа таңдалатынын Құдай өзі біледі. Адамдар ол істе роль атқармайды. Құдай да Өзінің ғылымы мен хикметі негізінде лайықты адамды сайлайды. Пайғамбардың дәрежесін төмендету үшін мүшіріктердің «Құдайдың әрбір қала мен ауылға, пайғамбар жібергені жақсы емес пе еді» деген жөнсіз үміттеріне қарсы осы аят былай дейді: «Құдай, егер қалағанда солай істер еді. Алайда Ол Өзінің ғылымы мен хикметі негізінде хазірет Мұхаммадты жіберіп, оны әлемдіктердің барлығын шақырып, оларға ислам дінін уағыздауға жауапты етіп тағайындады. Бұл оның Құдайдың алдындағы мәртебесінің дәрежесі. Бұл аят, шынтуайтында ислам дінінің жан-жақтылығы мен кемелдігін, ислам пайғамбарының соңғы пайғамбар екендігін баяндайды. Себебі ислам пайғамбарының келуімен басқа пайғамбардың келуіне деген қажеттілік жойылды. Оның діні адамзат қоғамдарының барлығын басқаратын әлеуетке ие». Осы аяттан үйренетініміз:

Діни жетекшілік пен қоғамды басқаруда бірлікті сақтау исамдық принциптерге жатады.

Пайғамбарлық – Құдай тарапынан тағайындалатын іс. Сол себепті адамдар ол істе роль атқармайды. «Фұрқан» сүресінің 52 аяты:«فَلَا تُطِعِ الْکَافِرِ‌ینَ وَجَاهِدْهُم بِهِ جِهَادًا کَبِیرً‌ا» 

(Мұхаммед Ғ.С.) енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса! (52)

 

Алдыңғы аяттар пайғамбардың жоғары мәртебесін баяндаған соң осы аят хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) қаратып, былай дейді: «Кәпірлерді Құдай тарапына шақыруда және оларды ислам дініне тарту ісінде олармен еш бітімге келме. Олардың бұрмалаушылықтарына Құран негізінде дәлел келтір. Ешқашан олардың талап-тілектеріне мойынсұнба». Ислам дініңің әлемнің түкпір-түкпіріне таралуын соғыс пен мұсылмандардың семсеріне қарыздар деп санайтын Ислам дұшпандарының насихаттарына қарсы осы аят Құран аяттары негізіндегі ой мен мәдени джиһадты кез келген джиһадтан артық деп атап: «Кәпірлермен күресу үшін алдымен олармен ой тұрғысынан джиһадқа шығыңдар. Себебі еш күмәнсіз, уәхи сөзі негізіндегі қисын мен дәлел қаруы «семсер» деген қаруға қарағанда әсерлірек» дейді.    Исламдық елдердің географиясына көз салу бүгінде мұсылман елдерінің халқы санының ең көбі шамамен 200 миллион мұсылманнан тұратын, мұсылмандар ол елге ләшкер тартпаған Индонезия екендігін көрсетеді. Негізінен мұсылмандардың үлкен санын құрайтын Шығыс Азия мұсылмандарына, Қытайдан бастап Малайзия мен Индонезия және Филиппин мұсылмандарына исламға шақыру үшін ешуақытта шабуыл жасалған емес. Аталмыш елдердің халықтары әлемнің басқа жерлеріндегі мұсылмандармен тек сауда және мәдени қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде исламмен танысып, осы дінді қабылдады. Сонымен қатар батыс саясаткерлері мен шіркеу басшыларын қорқынышқа тіреген Еуропа мен Америкадағы исламға деген бетбұрыстың себебі батыстықтардың бірқатарының Құран мен ислам туралы тікелей зерттеп, осы үлкен діннің тамаша бұйрықтарымен өздері танысқандарына байланысты. Олардың ислам дінін қабылдауында ешқандай мәжбүрлеудің болмағаны анық. Осы аяттан үйренетіміз:

Мүмін адам кәпірлердің бұрыс және бұрмаланған талап-тілектеріне мойынсұнбайды. Бұл тұрғысында олармен бітім мен келісім жасамайды.

Басқаларды исламға шақыру Құран Кәрімнің тағылымдары негізінде жүзеге асырылуы керек. Бұл барша атқаратын жан-жақты міндет. Құранның негізі бойынша, кәпірлерге джиһадқа шығудағы ең жақсы жол – ой және мәдени джиһад.

3. Ең үлкен джиһад кәпірлер тарапынан күн сайын жаңа тәсілдермен айтылатын бұрмалаушылықтармен ой және пікір тұрғысынан джиһад жасау болып табылады.