Фұрқан сүресі, 627-ші бөлім, 35-40 аяттар
Фұрқан сүресі, 627-ші бөлім, 35-40 аяттар
«Фұрқан» сүресінің 35-36 аяттары:
«وَ لَقَدْ آتَیْنَا مُوسَى الْکِتَابَ وَ جَعَلْنَا مَعَهُ أَخَاهُ هَارُونَ وَزِیرًا»، «فَقُلْنَا اذْهَبَا إِلَى الْقَوْمِ الَّذِینَ کَذَّبُوا بِآیَاتِنَا فَدَمَّرْنَاهُمْ تَدْمِیرًا»
Рас Мұсаға Кітап беріп, Онымен бірге туысы Һарүнды уәзір қылдық. (35) Сонда оларға: "Екеуің аяттарымызды жасынға шығарған елге барыңдар" дедік. Ақыры ол елді мүлде типыл қылдық. (36)
Алдыңғы бағдарламада пайғамбардың қарсыластарының оның шақыруын қабылдамау үшін келтірген кейбір сылтауларын баяндадық. Осы аяттар пайғамбар мен мүміндерге қаратып: «Хақ пен жалғандықтың арасындағы қарама-қайшылық пен тартыс тарих бойында созылып келе жатыр» деп, оның үлгілеріне тоқталып, алдымен хазірет Мұса мен бауыры Харунның Перғауын мен перғауындықтарға жетекшілік ету үшін жіберілгендіктерін баяндайды: «Алайда ол зұлым топ Мұсаның шақыруымен қарсыласты. Олар хақ сөзді естіп, оны қабылдаудың орнына теріске шығару жолын таңдап, хазірет Мұсаның айқын мұғжизаларын өтірік санады. Перғауын мен қауымы хақтан теріс айналып, өздерінің зұлымдықтарын арттырғандықтан соңында теңізге батып өлді». Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Илаһи пайғамбарлар жанашыр тәрбиешілер болған. Олар адамдарға жетекшілік етіп, оларды құтқару үшін адамдарды өздері іздеп барған. Олар адамдар қашан өздері келеді екен деп үйлерінде күтіп отырмаған.
2.Дінді уағыздау ісінде үлкен жауапкершіліктерді атқаруда оқшауланып, жеке түрде жұмыс істеудің орнына өзіміздің пікірлестеріміздің ықпалдастығын пайдаланып, ұжымдық пікірлесу арқылы істі ілгерілетуіміз керек.
3.Бұрынғылардың тарихынан ғибрат алайық. Хақпен қарсыласпайық. Хақты теріске шығарудың салдары –құрдым мен өлім.
«Фұрқан» сүресінің 37-38-39 аяттары:
«وَقَوْمَ نُوحٍ لَّمَّا کَذَّبُوا الرُّسُلَ أَغْرَقْنَاهُمْ وَجَعَلْنَاهُمْ لِلنَّاسِ آیَةً وَأَعْتَدْنَا لِلظَّالِمِینَ عَذَابًا أَلِیمًا»، «وَ عَاداً وَ ثَمُودَ وَأَصْحَابَ الرَّسِّ وَقُرُونًا بَیْنَ ذَلِکَ کَثِیرًا »، «وَکُلًّا ضَرَبْنَا لَهُ الْأَمْثَالَ وَکُلًّا تَبَّرْنَا تَتْبِیرًا»
Нұх (Ғ.С.)-тың елін де пайғамбарларды жасынға шығарған кезде суға батырып, оларды адам баласы үшін бір ғибрат қылдық. Сондай-ақ залымдар үшін күйзелтуші азап дайындадық. (37) Ғад, Сәмүд және Рес елін бұлардың арасында көптеген нәсілдерді де... (38) Барлығына да мысалдар берген едік те мүлде жоқ еттік. (39)
Тарих бойында көптеген қауымдар илаһи пайғамбарларды теріске шығарды. Олардың кейбіреулерінің аттары аяттарда айтылған. Нұхтың қауымы солардың бірі. Нұх пайғамбар 950 жыл сол қауымның ортасында адамдарға жетекшілік етіп, оларға дінді уағыздады. Бірақ оның соңынан азғана адам ерді. Нұх қауымы хақты теріске шығарып, қырсықтық танытуларына байланысты орасан топан су мен сел және дауылға душар болып, ажал құшты.
Хазірет Худ Ад қауымының пайғамбары болды. Самуд қауымының арасында хазірет Салех пайғамбарлыққа таңдалды. Осы екі қауым Араб түбегі мен оның атырабында өмір сүрді. Олардан да ескерткіштер қалды.
«Асхабе Рас» та пайғамбарларын теріске шығарған қауымдардың бірі болған. Кейбір рауаяттарға сәйкес олар өздерінің пайғамбарларын өлтірген. Бірақ «Асхабе Рас» қауымының өмір сүрген мекендері туралы зерттеушілер әртүрлі пікірлерге ие. Маңызды жәйт Құдайдың былай деп айтуында: «Біз бұл қауымдардың барлығы үшін бұрынғы қауымдардың тағдырларларынан мысалдар келтірдік. Бірақ олар ғибрат алмады, хақпен қарсыласуларын қоймай, қашан өлім жіберілгенше қылмыс жасап, зұлымдықтары мен бейбастақтықтарын жалғастыра берді». Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құран – хикаялар кітабы емес, ғибрат кітабы. Бұл кітап ермек үшін емес, сабақ алу үшін түсірілген.
2. Пайғамбарлар мен олардың тағылымдарын теріске шығару үлкен зұлымдық. Ол адамның тағдырын құртады.
3. Құдай алдымен кәпірлер мен залымдарға дәлелді аяқтайды. Бірақ, егер қабылдамай, хақты теріске шығарып, бүлікті жалғастыратын болса оларды жазалайды.
«Фұрқан» сүресінің 40 аяты:
«وَلَقَدْ أَتَوْا عَلَى الْقَرْیَةِ الَّتِی أُمْطِرَتْ مَطَرَ السَّوْءِ أَفَلَمْ یَکُونُوا یَرَوْنَهَا بَلْ کَانُوا لَا یَرْجُونَ نُشُورًا »
Расында (меккеліктер) сондай пәлекет жаңбырға ұшыраған кентке келген еді. Олар оны көрмеді ме? Олай емес. Олар қайта тірілуді де үміт етпейді. (40)
Осы аят Лут қауымы қалаларының қирандылары туралы баяндайды. Лут қауымы күнәлары мен азғындықтарының көптігінен азапқа душар болған болатын. Олар аспаннан бастарына тастан жауған жаңбырдан өлді. Олардың қирандылары Хиджаздан Шамға баратын жолда орналасқан. Меккенің мүшіріктері өздерінің сауда сапарларында солардың маңынан өткенімен оларға ғибраттық көзбен қарамайтын. Олардың соңы жаман аяқталған тағдырларынан сабақ алмайтын. Себебі олар негізінен қиямет пен жаза және сый дегендерге сенбейтін. Осы бағдарламада тәпсірлеген аяттарда алты топ жайлы айттық. Олардың әрқайсысы ой немесе әрекет пен қылық тұрғысынан бұрмалаушылыққа ие болды. Олар билік пен байлыққа ие болғандарына қарамастан Алланың қаһары мен азабына душар болып, топан, дауыл, сел, нажағай немесе зілзала олардың ажалына себеп болды.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Ежелгі ескерткіштер ғибрат алатын құрал болады. Сол себепті бұрынғы қауымдардан қалған ескерткіштерді сақтау болашақ ұрпақтың ғибрат алуы үшін қажет.
2.Тарихты баяндап, адасқандардың тағдырларын айту адамдарды тәрбиелеп, оларға жетекшілік етуде әсерлі болмақ.
3.Қияметтің болатындығына көзжұмбайлық таныту адамның осы дүниеде өлімге ұшырауына себеп болады.