Фұрқан сүресі, 626-шы бөлім, 31-34 аяттар
Фұрқан сүресі, 626-шы бөлім, 31-34 аяттар
Фұрқан сүресінің 31 аяты:
«وَ کَذَلِکَ جَعَلْنَا لِکُلِّ نَبِیٍّ عَدُوًّا مِنَ الْمُجْرِمِینَ وَ کَفَى بِرَبِّکَ هَادِیًا وَ نَصِیرًا»
Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дүшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады. (31).
Бұл аят хазірет Мұхаммадты жұбатып: «Осындай қырсық та қыңыр, сылтау іздегіш адамдарға душар болған жалғыз өзім екен деп ойлама. Пайғамбарлардың барлығы тарих бойында мұндай жағдайға тап болған. Бейбастақтар мен азғындар оларға қарсы тұрып, олардың алдарындағы жолды жапқан. Бірақ білгенің жөн, сен жалғыз емессің. Құдай сенің қолдаушың әрі жәрдемшің. Құдай қарсыластардың қастандықтарын бұзып, ислам діні күннен күнге өрістей түсу үшін олардың жоспарлары алдында саған жетекшілік етіп, жәрдемдеседі» дейді.
Негізінен хақ немесе жалған жолды таңдау адамның өз еркінде. Құдай адамға ерік сыйлап, әрбір адамның өзі қалаған жолды таңдауына рұқсат еткен. Себебі адам ықтияр мен таңдау еркіне ие. Біреулер жалған жолды таңдап, пайғамбарларға қарсы шығып, хақ сөзді естігілері келмейді. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Хақ пен жалғанның қарсылығы адамзат тарихының бойында әрдайым болған. Бұл тарихтың соңына дейін жалғасады.
2.Қылмыс пен күнә адамды хақ жолынан алыстатады. Күнә мен қылмыс жасау жолында табандылық таныту біртіндеп адамды пайғамбарлармен қарсыласып, жауласуға жетелейді.
3.Қарсыластардың алдында бізді қолдап, бізге жетекшілік ету үшін жеткілікті болып табылатын Алланың шексіз күшіне арқа сүйейік.
«Фұрқан» сүресінің 32-33 аяттары:
«وَقَالَ الَّذِینَ کَفَرُوا لَوْلَا نُزِّلَ عَلَیْهِ الْقُرْآنُ جُمْلَةً وَاحِدَةً کَذَلِکَ لِنُثَبِّتَ بِهِ فُؤَادَکَ وَرَتَّلْنَاهُ تَرْتِیلًا»، «وَلَا یَأْتُونَکَ بِمَثَلٍ إِلَّا جِئْنَاکَ بِالْحَقِّ وَأَحْسَنَ تَفْسِیرًا»
Тағы кәпірлер: "Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?",-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық. (32) Олар саған бір мысал келтірсе әрине саған шындьіқты және көркем түсінікті әкелеміз. (33)
Пайғамбардың сөзін қабылдағысы келмеген кәпірлер мен мүшіріктер әр жолы сылтау айтты. Бір жолы: «Неліктен біздің өзімізге уәхи түспейді?» десе келесі бір жолы: «Неліктен уәхи періштесін көрмейміз?» десті. Осы аятта да олар былай дейді: «Біз бір жерде хабардар болып, Мұхаммадтың Құдайының сөздері мен бұйрықтарының не екенін білуіміз үшін Құранның барлығы неліктен пайғамбарға бір демде түсірілген жоқ?». Құдай қарсыластардың осы сөздеріне берген жауапта былай дейді: «Пайғамбар оларды оқиғалар мен құбылыстар және жағдайға сай адамдарға оқып, адамдардың тағдыры мен міндеттерін әрбір жағдайда анықтауы үшін Құран аяттарын біртіндеп түсірдік». Себебі пайғамбарға адамдарға тәлім-тәрбие беру міндеті жүктелген. Бұл іс біртіндеп жүзеге асырылады. Пайғамбар кез келген жағдайда оларға тура жолды нұсқайтын адамдардың қасындағы жанашыр тәрбиеші сынды. Ол кітап жазып, оны барша жұртқа ұсынатын кітаптың авторы сияқты емес. Ол сол кітапты оқытып немесе оның мазмұнын түсіндіру жауапкершілігіне ие емес. Ол бірінші сыныптың оқушыларына тек әліппе үйрететін, кейін ақырындап оларды дамытатын мұғалім сияқты.
Ол Меккеде шерк пен пұтқа табынушылықпен күресті. Мединеге хиджрат етіп, адамдардың қабылдауы үшін негіз дайындалған соң намаз, ораза және зекет сынды бұйрықтарды адамдарға жеткізді. Негізінен үйрену және үйретуде оның бекіп, тереңдеуіне себеп болатын нәрсе ол сабақтың бағдарламаға сәйкес, біртіндеп, қадам-қадам алға басуы. Еш күмәнсіз, Құдайдың алдында адамға жетекшілік ету бағдарламасы толығымен анық және айқын. Бірақ жүзеге асыру кезеңінде қадам-қадаммен алға басу керек. Мәселен, оныншы жылы жасалуы керек істі бірінші жылы жариялаудың қажеті жоқ. Мұндай іс жұмысты қиындатып, адамдардың қашып, олардың жеккөрініштеріне себеп болады. Мұнымен қоса Құранның біртіндеп түсірілуі пайғамбардың уәхи қайнарымен әрдайым байланыста болуына себеп болады. Бұл пайғамбардың өзінің пайғамбарлық міндетін атқарудағы ерік-жігерін нығайтуы үшін де қажет. Сонымен қатар дұшпандар айтқан жөнсіз сөздердің әрқайсысына Құдай Құран аяттары арқылы оларға ең жақсы түрде жауап беріп, пайғамбардың шынайылығы мен заңдылығын оларға көрсетеді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құран мен дін үкімдерін үйрету біртіндеп, адамдардың мүмкіндіктері мен дайындықтарына сай орындалуы керек.
2. Дін оқиғалармен жақын байланыста болған жағдайда тірі әрі толыққанды болады.
3.Құран жайымен, ақырын оқылуы керек.
4. Құран оқу мүміндердің жүректерінің нығайып, қиын жағдайда тыныштық табуына себеп болады.
5.Қарсыластардың сөзі жалған. Құран оның алдында хақты ұсынып, анықтайды. Тіпті, егер олардың сөздерінен хақтың белгілері байлқалғанымен Құран одан да кемел әрі артық сөзді ұсынады.
«Фұрқан» сүресінің 34 аяты:
«الَّذِینَ یُحْشَرُونَ عَلَى وُجُوهِهِمْ إِلَى جَهَنَّمَ أُولَئِکَ شَرٌّ مَّکَانًا وَأَضَلُّ سَبِیلًا»
Тозаққа бетімен жер бастырылып жиналатындар міне, солар орындары жаман, жолдары қаңғырыс болатындар. (34)
Адамдар осы дүниедегі әрекеттеріне сәйкес қияметте жиналады. Осы дүниеде хақты көруге келгенде көзі көр болған адам қияметте соқыр күйде келеді. Жануарлар сияқты қарыны мен шаһуатты ғана ойлаған адам қияметте төртаяқтап келеді. Осы дүниеде хақтан теріс айналып, соларға тәкәппарлық танытқандарды тозаққа лақтыру үшін олар қияметте ұйқылы күйде жерге жатқызылады. Өздерін адамдардан ақылдырақ, түсініктері молырақ әрі басқалардан артық, мүміндерді ақымақ санағандар қияметте өздерініңің адасқан адамдар екендіктерін түсінеді. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Хаһ жолының ізбасарларын қорлау адамның өзінің қияметте қорлыққа ұшырауына себеп болады.
2.Хақ жолын танымағанша хақ жолындамыз ба, әлде адасушылықтамыз ба, мақсатқа жақындадық па, жоқ одан алыстадық па, оны ажырата алмаймыз