Жетекшілік хадисі 96
Адамның ғиззатына себеп болатын жағымды қасиеттердің бірі батылдық саналады. Батылдық – қорықпайтын нәрседен қорықпау және алыстайтын нәрседен алыстату. Имам Әли (ғ.с.) батылдық туралы айтқан сөзінде: «Батылдық – қорлықты қабылдамау»,- деген болатын.
Батылдық – жүректен шыққан қасиет. Оның тамыры адамның жаны мен рухының тереңдігінде. Басқаша айтқанда, батылдық жүректің күші және қиын да төзгісіз жағдайдағы табандылық. Батылдықтың әр түрлі тұрғылары мен түрлерін кездестіруге болады. Солардың бірі – физикалық батылдық. Бір адам имам Хусейн (ғ.с.)-нан: «Батылдық не?»-деп сұраған кезде имам: «Бәскелестермен бетпе-бет келу және соғыс майданында төзімділік таныту»,- деп жауап берген. Әртүрлі оқиғалармен бетпе-бет келген кезде табандылық білдіру – батылдықтың келесі түрі. Батыл адам рухының күштілігі мен жүрегінің мықтылығына ие болып, өзінің ашу-ызасын әрқашан ақылдың күшімен басатын адам. Шын мәнінде, өзінің әр түрлі талап-тілектерін қадағалап, өзінің бүкіл күші мен мүмкіндіктерін кемел түрде бақылауға алатын адам. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Ең батыл адам қорыққан кезде ақылы мықты әрі тұрақты қалатын адам»,- деген. Егер адам өзін күнә мен күдіктерден сақтаса – батыл. Сол себепті имам Әли (ғ.с.) батылдықты дайын көмекші және айқын ерекшелік деп санаған.
Құран Кәрімде «батылдық» термині туралы айтылмаған, бірақ кейбір аяттардың мазмұны нәпсінің кемелдікке жетуіне қатысты. Мәселен, «Әл-Имран» сүресінің 173-ші аятында Исламның ұлық пайғамбары сахабаларының тәуекел етуі мен батылдығы сипатталған. Ухуд соғысының соңында Меккенің жолына шығуды көздеген Абу Софиянның жеңіске жеткен әскері өкініп, мұсылмандарға қайтадан шабуыл жасап, олардың қалғандарын өлтіруге шешім қабылдады. Бұл хабар пайғамбарға жетіп, хазірет халықты жылдам басқа соғысқа қатысуға шақырады. Ухуд соғысында жарақат алғандардың барлығы соғысқа дайындалып: «Біз үшін Алла жеткілікті» дейді. Мұндай батылдықты көріп, мүшіріктер өз шешімдерін өзгертіп, Меккеге оралады. Аталмыш аятта: «Оларға адамдар: «Сендер үшін ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар» деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да олар: «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы ие» деді»,- деп айтылған. Олар өз батылдықтарымен қатерлі сәтсіздіктің алдын алуымен бірге келешек жеңістердің негізін қалыптастырып, сәтсіздіктің теріс әсерін өз достарының жүректерінен алыстатып, Жаратушыға тәуекел етіп, жүректердегі үміт отын сақтап қалды. Сол себепті Алланың елшісі қорқақ адамдарға басқалардың рухын әлсіретпеу үшін исламдық соғыстарға қатыспауды бұйырып: «Өз болмыстарында қорқатынын сезетіндер соғысқа қатыспаңдар»,- деген. Пайғамбарлар, пәк имамдар, Алланың әулиелері мен олардың адал жақтастары өз ғасырының адамдарының ең батыл адамдары және қарсыласудың үлгілері саналады. Мұндай адамдардың бірі – хазірет имам Әли (ғ.с.). Алла елшісі ол туралы: «Әли рухы мен жаны тұрғысынан ең батыл адам; жүрегінің мықтылығы тұрғысынан да ең тұрақты әрі ең күшті адам»,- деген. Хиджарттың бесінші жылының ең үлкен оқиғасы Хандақ соғысында имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың бұйрығымен дұшпанның ең күшті палуаны Амру бен Абдудқа қарсы шығып, оны жеңді. Исламның ұлық пайғамбры иманы және ерлігімен танымал болған имам Әли (ғ.с.)-ды мадақтап: «Хандақ соғысындағы имам Әли (ғ.с.)-ның дұшпанға берген соққысының маңыздылығы жын мен адамның ғибадатының маңыздылығынан жоғары»,- деді. Келесі хадистердің бірінде пайғамбар: «Алламен ант етемін, егер пайғамбардың барлық сахабаларының қияметке дейінгі барлық ғамалдарын таразының бір жағына, Әли (ғ.с.)-ның ерлігін басқа жағына қойсақ, Әли (ғ.с.)-ның батылдығының құндылығы барлық сахабалардың ғамалдарының құндылығынан артады»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 41-ші том). Исламның ұлық пайғамбары кәпірлерді қорқытып, олардың жүректерінде үрей тудырғысы келгенде оларды имам Әли (ғ.с.)-мен қорқытып: «Егер бұйрыққа бағынбасаңдар, сендерге Әли (ғ.с.)-ды жіберемін»,- дейтін. Осыған орай рауаяттардың бірінде имам Әли (ғ.с.)-нан: «Неге соғыстарда міну үшін өзіне жүйрек ат алмайды?» деген сұрақ қойылған кезде хазірет: «Мен мұндай атты қажет етпеймін, өйткені еш уақытта дұшпанның шабуылынан қашпаймын және еш уақытта біреуге шабуыл жасап, ол қашқан болса, оны қумайын»,- деп жауап берген болатын. («Бихар әл-Анвар», 41-ші том).
******************************