Жел 05, 2016 13:23 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (89)

Иран мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясының 12-ші отырысы осы комиссиясының ирандық төрағасы – Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваезидің қатысуымен Джакартада өтті.

Теһран өткен аптада Словения президенті мен ол кісімен бірге келген делегацияны қабылдады. Бұл сапардың маңызды бағдарламаларының қатарын Ислам революциясының жетекшісімен кездесу және бірнеше экономикалық ынтымақтастық құжатына қол қою құрады.

 «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейінгі батыс елдерінің делегацияларының Иранға сапарларының жалғасында Словения президенті Теһранға келді. Словения президенті Борут Пахор Теһрандағы жұмыс жоспарының басында өткен сейсенбі күні ИИР президенті Хасан Руханимен кездесіп, сол күні кешке Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеимен жүздесті.

Иран мен Словенияның жоғары дәрежелі делегацияларының отырысы аяқталғаннан кейін экономикалық ынтымақтастықтар келісімі, байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық меморандумы, нанотехнологиялар саласындағы ғылыми ынытмақтастықтар меморандумына Иран мен Словения президенттері Хасан Рухани мен Борут Пахордың қатысуымен Теһранда қол қойылды. Хасан Рухани Иран мен Словенияның жоғары дәрежелі делегацияларының отырысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен ынтымақтастықтарды кеңейту үшін лайықты мүмкіндіктердің бар екенін айтып, банк ісі және сақтандыру алаңындағы ортақ ынтымақтастықтарды Иран мен Словенияның сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту жолындағы әсерлі қадам деп атады.

Словения президенті Борут Пахор Иран мен Словенияның Теһранда өткен бизнес форумында өз елінің жақын болашақта Иранмен байланыстарын арттыратынын және 2011 жылға дейінгі деңгейге жеткізетіндігіне уәде беретінін айтты. Иранның Энергетика министрі Хамид Читчиан, Иранның Сауда палатасының төрағасы Ғоламхосейн Шафии, Словения Сауда палатасының төрағасы мен екі елдің экономикалық белсенділері қатысқан Иран мен Словенияның бизнес форумында екі елдің жеке секторларының арасында инвестиция, банк ісі, энергетика мен болат өндірісі салалары бойынша 4 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Иран мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясының 12-ші отырысы осы комиссиясының ирандық төрағасы – Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваезидің қатысуымен Джакартада өтті.

Индонезияның экономикалық істерді үйлестіру министрі Дармин Насутион осы комиссияның индонезиялық төрағасы міндетін атқарды. Бұл отырыс Иран мен Индонезияның мұнай және газ бөліміндегі ынтымақтастықтарының бастамасы болды. Индонезияның Энергетика және пайдалы қазбалары министрі өткен бір жыл ішінде Иранға үш рет сапармен келгеннен кейін LPG газын сатып алу туралы келісімге қол қойылып, оның бірінші жеткізілімі Индонезияға жөнелтілді. Индонезияның президенті Джоко Видодоның алдыңғы айда Иранға сапарының бастамасы болып табылатын екі елдің 12-ші ынтымақтастық комиссиясында бір меморандум мен бірнеше құжат қорытындыланды. Бұл құжаттарға Индонезия президентінің Теһранға сапары барысында қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Малайзияның Сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы малайзиялық кәсіпкерлердің Иранмен сауда байланыстарын кеңейтуді құптайтынын мәлімдеді.

Малайзияның Сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы  Вира Джалилибаба өткен аптада Куала-Лумпурда өткен Иран мен Малайзияның сауда мүмкіндіктерін талқылау отырысына осы хабарды жариялап, бұл палатаның ИИР-мен сауда айналымын арттыру мақсатында әріптестік жасауға әзір екенін мәлімдеді. Иран мен Малайзияның сауда мүмкіндіктерін талқылау отырысы Куала-Лумпурде Малайзияның Сауда және өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен сауда компаниялары және өнеркәсіп иелерінің қатысуымен Иранның Сауда кеңесі және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері одағының әріптестігімен өткізілді.

Осы отырыстың соңында Малайзияның Сауда және өнеркәсіп палатасы, Иранның Сауда кеңесі және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері одағының арасында меморандумге қол қойылды. Иранның 13 мың шақырымдық темір жол желілерінің көмегімен солтүстік Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның нарықтарына қосылуы және Иранның оңтүстігі мен солтүстігіндегі еркін сауда аймақтары малайзиялық экспорттаушылар үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.

Iran Khodro  компаниясы Алжирдің Фамувал компаниясымен келісім жасап, көлік жасау желісінің құрал-жабдықтарын жөнелткеннен кейін Алжирде Iran Khodro   өнімдерін монтаждау желісін ресми түрде іске қосты. Өткен жылдың соңғы айларында Фамувал компаниясымен экспорттау және Алжирде көліктерді монтаждау зауытын салу туралы келісім жасалған болатын. Желі құру келісімі жүзеге асырылып, монтаждау желісін іске қосу құрал-жабдықтары дайындалды. Құрал-жабдықтарды орналастару аяқталғанға дейін, яғни наурыз айына дейін көліктер жартылай жиналған күйі экспортталып, маусым айынан бастап толығымен дайын өнімдер шығарыла бастайды. 2020 жылы Iran Khodro  компаниясы 25 мың Renault Dena көлігін жасап шығаратын болады. Сонымен қатар алжирлік көлік жасаушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету бағдарламасы да қарастырылады. Iran Khodro өндіріс желілерін жабдықтау, қызметтер мен инженерлік-техникалық білім ұсыну қалпында инвестиция салады.  

Алжирде Dena көліктерінің өндірісімен айналысатын Фамувал өнеркәсіптік тобының директоры Мұхаммад Рахмон осы елде аталмыш көліктің өндірісі туралы былай деді: «Көптеген шетелдік компанияар Алжирге инвестиция салды. Біз Renault мен  Hyundai-дан кейін Алжир базарындағы үшінші бренд болуды көздейміз. Аймақта және Алжирдің маңындағы елдердің экспорттық нарығында бірінші орынға қол жеткізуді мақсат етіп қойдық."

Алжирмен қоса, Iran Khodro компаниясы Әзірбайжан республикасында жаңа бағдарлама бастады. Бұл компания Әзірбайжанда Samand көлігін шығару мақсатында жұмыс істеп жатыр. Бұл жоба әзірбайжандық тараптың 14 миллион көлемінде инвестиция салуымен алдағы жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылып, онда Dena, Runna, Samand және Soren-ді қамтитын Iran Khodro компаниясының өнімдері шығарылатын болады.  

Қазір Samand көлігінің жетілдірілген түрі саналып, Iran Khodro мен бір германиялық компанияның ортақ жобасынан туындаған жаңа мотормен жүретін Dena көлігі Iran Khodro компаниясының жаңа өнімі болып табылады. Бұл өнім ирандық маркамен жасалған көліктердің арасындағы сапасы ең жоғары көлік болып табылады.

АҚШ-тың энергетикалық ақпарат жинау кеңсесі өзінің жуырдағы есебінде Иранның мұнай және газ конденсаттары өндірісінің өткен тамыз айында 4 миллион 150 мың баррельге жеткенін жазды. Бұл 1980 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Газ конденсаттары газ алаңдарынан алынатын шикі мұнайдың ең жеңіл түрі болып табылады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Оңтүстік Парс алаңының жаңа фазалары іске қосылған 2013 жылдан осы уақытқа дейін бұл алаңдағы газ конденсаттарының өндірісі 60 пайыздан астам өсімді көрсетті. Иран алдағы бірнеше жылда Оңтүстік Парс алаңының қалған фазаларын іске қосып, осы алаңның 24 фазасының өндірісінің жалпы көлемін күніне 1 миллион баррельге жеткізуді көздеп отыр. Иран мұнай мен газ конденсаттарының өндірісін алдыңғы 5 жылда күніне 1 миллион 700 баррельге жеткізуді мақсат етіп отыр.

ОПЕК отырысы өтер алдында Иран мен Алжирдің мұнай министрлері Теһранда кеңесулер өткізді.

Алжирдің Энергетика министрі Нураддин Бутараф сенбі күні Теһранда  Иранның Мұнай министрімен отырыс өткізгеннен кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Егер ОПЕК мүшелері алдағы Вена отырысында келісімге келсе, алдағы жылы мұнай бағасы әр баррельге 50-55 долларға, ал жыл соңында 60 доллара жететін болады. Иранның Мұнай министрі Бижан Занганемен кездесуде ОПЕК мүшелерінің өндірісін 1 миллион 100 баррельге азайтуға негізделген Алжир үкіметінің ұсынысы жасалды» деді. 

Алжирдің Энергетика министрі мұнай бағасының төмендеуінің алдын алу қажеттігін қуаттап: «Мұнай бағасының төмендеуі әлемнің экономикасына зарар келтіреді. Сол себепті ОПЕК-тің алдағы отырысы мұнай нарығын қазіргі дағдарыстан алып шығару тұрғысынан маңызды болып табылады» деді.

ОПЕК мүшелері Алжирде 28 қыркүйек күні өткен отырыста өз өндірістерінің деңгейін күніне 32 миллион 500 мың баррель деңгейінен асырмауды ұйғарды.

Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) бас хатшысы Иранның осы халықаралық ұйымдағы белсенді әрі оң рөліне тоқталып, халықаралық теңіз ұйымының Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделі екендігін мәлімдеді.

Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) бас хатшысы Ки Так Лим сәрсенбі күні ИИР-ның Лондондағы елшісі Хамид Баидинеджадпен кездесуі аясында ИРНА-ға берген сұхбатында Иранды осы ұйымның маңызды мүшелерінің бірі деп атады. Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) кеме жүргізудің техникалық мәселелері, теңіздегі қауіпсіздік стандарттары мен теңіз тасымалы конвенцияларын бекіту салаларында мүше елдердің арасындағы ынтымақтастықтар мен мағлұмат алмасу істерін атқаратын БҰҰ-ның арнайы ұйымдарының бірі саналады.

Осы аптада Оңтүстік Африка республикасының экономикалық делегациясы Теһранға келіп, Иран басшыларымен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтар туралы сұхбаттасты.

Оңтүстік Африканың экономикалық делегациясы, соның ішінде, осы елдің Тасымал министрінің орынбасары мен үкіметтік компаниялар істері министрінің орынбасары өздерінің Ирандағы әріптестерімен кездесіп, екі елдің ортақ экономикалық комиссиясының 12-ші кезеңінің  тасымал саласына қатысты құжаттарын талқылау мақсатында Теһранға келді. Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Асғар Фахрие Кашан сәрсенбі күні Теһранда Оңтүстік Африканың Тасымал министрінің орынбасары және қасындағы делегациясымен кездесуінде: «Африкалық компаниялар Иранның тасымал саласындағы түрлі жобаларын дамытушы ретінде 50 миллионнан бастап 4 миллиард долларға дейін инвестиция сала алады» деді.

Оңтүстік Африканың Тасымал министрінің орынбасары да осы кездесуде: «Оңтүстік Африканың компаниялары әуежайды жаңарту және деңгейін жоғарылату, темір жол вагондарының өндірісі және порттарды кеңейтуде ирандық компаниялармен жақсы ынтымақтастықтар жасай алады» деді.

Тасымал екі елдің ортақ комиссиясында көтерілген маңызды мәселелердің бірі болды.

Иран соның кезеңдік басшылық қызметін атқарып отырған Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық қарары Бас Ассамблеяның жетпіс бірінші отырысында бірауыздан бекітілді.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастық жасау соңғы отыз жылда  бұл ұйым үшін әрдайым маңызды мәселе болып келді. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы бір жағынан аймақтық ынтымақтастықтарды реттеуші құрылым ретінде мүше елдерді дамыту жолында әрекет етсе, басқа жақтан халықаралық деңгейдегі жұмыстарымен осы ұйымға мүше елдердің аймағы деңгейінде әлемдік бағдарламалардың жүзеге асырылуына себеп болды. 

ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілдігі басшысының орынбасары Ғоламхосейн Дехқани бұл ынтымақтастықтарды екіжақты деп атап: «Экономикалық ынтымақтастық ұйымы құрылғанынан бастап осы уақытқа дейін өзінің ұстанымдарымен аймақтық және әлемдік деңгейдегі ынтымақтастықтардың, соның ішінде, өзіне мүше және мүше емес елдердің экономикалық және экономикалық емес байланыстарының кеңеюіне себеп болды. Батыс Азия, Орталық Азия мен Кавказ аймағынан 10 ел мүше болып табылатын Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Еуропаны Қытайға, ал Ресейді Парсы Шығанағына қосады» деді.

ИИР, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен  Тәжікстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер болып табылады.

Иранның Энергетика министрі Хамид Читчиан осы аптада бір делегацияны бастап Жапонияға сапар шекті. ИИР-ның Энергетика министрі жұма күні Халықаралық Энергетикалық Хартия конференциясының 27-ші сессиясында  «Гаага 2» деп аталатын министрліктер арасындағы конференцияның қорытынды құжатына қол қойды.

Халықаралық Энергетикалық Хартияның құрылуының мақсаты энергетика бөлімінің әсіресе даму үстіндегі елдердің энергетика саласындағы дамуы, қатысушы елдердің жаңа мүмкіндіктер тудыру үшін әріптестік жасауы, сондай-ақ, энергетика саласындағы ортақ сын-қатерлермен күресу сияқты жаңа өзгерістерін анықтау деп жарияланды.

Осы сапарда жапониялық белсенді компаниялардың Иран нарығындағы құзыры туралы сұхбаттасулар өткізілді. Читчиан су және электр қуаты өнеркәсіптерінде белсенді жапониялық компаниялардың басшыларымен кездесіп, сұхбаттасты. Читчиан жапониялық компаниялардың Ирандағы су және электр қуаты өнеркәсіптеріне қатысты жобаларға қатысуын құптайтынын айтып, бұл құзырдың технологияларды жөнелтумен қатар жүзеге асырылуы керек екенін айтты.