Нәміл сүресі, 674-ші бөлім, 57-60 аяттар
Нәміл сүресінің 57-60 аяттарының тәпсірі
«Нәміл» сүресінің 57-58 аяттары:
«فَأَنجَیْنَاهُ وَأَهْلَهُ إِلَّا امْرَأَتَهُ قَدَّرْنَاهَا مِنَ الْغَابِرِینَ»، «وَأَمْطَرْنَا عَلَیْهِم مَّطَرًا فَسَاءَ مَطَرُ الْمُنذَرِینَ»
Сонда Лұт (Ғ.С.)-ды да, үй-ішін де жоқ болатындардан болуын ұйғарған қатынынан басқасын құтқардық. (57) Оларға қатты жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жауыны нендей жаман! (58)
Алдыңғы бағдарламада Лут қауымының хазірет Луттың сөздеріне мән берудің және өздерінің жаман әрекеттерін қоюдың орнына оған қоқан-лоққы жасап: «Бізбен бірге болмағаның үшін және біздің мазамызды алатындығың үшін сені қаладан қуамыз» деп, кейде келеке етіп: «Егер пәк болғың келсе, біздің азабымызға душар болмауың үшін біздің қаладан кет» дегенін айттық.
Осы аяттар былай дейді: «Құдай осы қырсық қауымға дәлелді аяқтаған оларға азап түсірді. Хазірет Лутқа азап түсерден бұрын басқа мүміндермен бірге қаладан кетуді уәһи етті».
Бірақ Луттың әйелі қарсыластарға көмектесуші фактор болып, Луттың үйіндегі хабарларды оларға жеткізіп отырғандықтан, ол илаһи бұйрықпен жазаланушылардың қатарына қосылып, өлтірілді. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Басқалардың күнәларына ризашылық білдіру және күнәһарлармен серіктестік жасау Құдайдың алдында күнә саналып, жазаланады.
2. Алланың дінінде заң қатынастан үстем. Луттың әйелі мен Нұхтың перзенті Құдайдың екі пайғамбарына ең жақын адамдар болғанымен олар да Алланың қаһарына ұшырады. Оларға керісінше Перғауынның жұбайы жұмаққа кетті.
3.Осы дүниедегі тақуалық пен пәктік Алланың жазасы мен қаһарынан құтылуға себеп болады.
«Нәміл» сүресінің 59 аяты:
«قُلِ الْحَمْدُ لِلَّـهِ وَسَلَامٌ عَلَى عِبَادِهِ الَّذِینَ اصْطَفَى آللَّـهُ خَیْرٌ أَمَّا یُشْرِکُونَ»
(Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма немесе қосқан ортақтары жақсы ма?",- деп сұра! (59).
Құдайдың бес пайғамбарының оқиғаларының соңында осы аят ислам пайғамбарына қаратып: «Қылмыскерлер мен бұзықтарды жер бетінен жойып, жерді олардың ластықтарынан тазалаған ұлы Құдайды мадақтап, дәріптеу керек.
Мұнымен қатар пайғамбарлар мен илаһи нәбилерге сәлем мен салауат жолдауымыз керек. Себебі олар Құдайдың таңдаулылары болған. Олар халыққа жетекшілік етіп, жол нұсқауда көп талпыныс жасаған» дейді.
Аят жалғасында: «Мүшіріктер табынған пұттар немесе олар сүйенген байлық пен билік оларды Алланың қаһарынан құтқарды ма? Неліктен олар бір Құдайдың орнына қолдан жасалған тәңірлерді іздейді. Олар осы дүниеде өлген бұрынғы қауымдардың тағдырларын байқамады ма?»дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Алланың нығметтеріне алғыс айтумен қатар оның жақсы құлдарын да дәріптеу керек. Себебі сол таңдаулы адамдарға көңіл аударып, оларды мадақтау адамға оң және сындарлы әсер етеді.
2. Құдайдың әулиелеріне біздің сәлемдеріміз жетеді.
«Нәміл» сүресінің 60 аяты:
«أَمَّنْ خَلَقَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ وَأَنزَلَ لَکُم مِّنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَنبَتْنَا بِهِ حَدَائِقَ ذَاتَ بَهْجَةٍ مَّا کَانَ لَکُمْ أَن تُنبِتُوا شَجَرَهَا أَإِلَـهٌ مَّعَ اللَّـهِ بَلْ هُمْ قَوْمٌ یَعْدِلُونَ»
Көктер мен жерді жаратқан, сендер үшін көктен жаңбыр жаудырып, онымен сендер бір ағашын да өсіре алмайтын әдемі бақшаларды өсірген кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олар шектен шыққан ел. (60)
Алдыңғы аяттың соңында: «Мықты Құдай артық па, әлде сендер оған қосқан серік пе?» деді. Осы аят жер бетіндегі әртүрлі нығметтердің пайда болуына себеп болған Құдайдың ғылымы мен құдіретінің кейбір көріністерііне сілтеме жасап: «Сендердің табынатындарың аспан мен жерді жаратты ма? Сендерге жаңбыр жаудырады ма? Сендердің тәңірлерің шаттық сыйлайтын мына бақтар мен бустандарды жаратты ма? Неліктен бұл шындықтан жалтарып, кері кетесіңдер?» дейді. Осы аят пен содан кейінгі аяттар адамдарды жалпы халықты құдайтанудың ең жақсы жолы жаратылыс туралы ойлануға шақырады.
Себебі кез келген ақылды адам бұл әлемнің ұлылықпен жаратылғанын, біздің, адамдардың ісі емес екенін, біздің қалауымыз және талап-тілегімізбен басқарылмайтынын түсінеді. Ондай болса, азырақ ойланып, бұл әлемді мықты Жаратушының ғылым мен хикмет негізінде жаратқанын, оның жүйесін алдын ала анықтап қойғанын қабылдау керек.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Жаратылыс туралы ойлану – Құдайды түсіну үшін ең жақсы жол.
2.Құдайдың әлемді жаратудағы құдіретін түсінген кезде өзіміздің қауқарсыздығымызды, тіпті бір ағашты да өсіре алмайтындығымызды түсінеміз.
3.Жаратылыс істерінің соңы мен нәтижесі Құдайдың қолында, бірақ бұл іс құралдар мен делдалдар арқылы жүзеге асырылады. Өсімдіктердің жаңбырдың жаууы арқылы өсетіндігі сияқты.