Нәміл сүресі, 675-ші бөлім, 61-63 аяттар
Нәміл сүресінің 61-63 аяттарының тәпсірі
«Нәміл» сүресінің 61 аяты:
«أَمَّن جَعَلَ الْأَرْضَ قَرَارًا وَجَعَلَ خِلَالَهَا أَنْهَارًا وَجَعَلَ لَهَا رَوَاسِیَ وَجَعَلَ بَیْنَ الْبَحْرَیْنِ حَاجِزًا أَإِلَـهٌ مَّعَ اللَّـهِ بَلْ أَکْثَرُهُمْ لَا یَعْلَمُونَ»
Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаған және екі теңіздің арасына жік жасаған кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді. (61)
Алдыңғы бағдарламада Құран Кәрім пұтшылдар мен мүшіріктердің ырымшыл наным-сенімдеріне қарсы Алланың кейбір жаратылыстарын санамалап, аяттың басы мен соңында сауал екпінімен: «Табиғи құбылыстар сендердің құдайларыңның жаратылысы ма, әлде бір Құдайдың ба?» деді.
Осы аят та алдыңғы аят сияқты Алланың жерді жаратып, онда өмір сүру жағдайы мен мүмкіндіктерін қалыптастыруын көрсететін табиғаттағы кейбір белгілерге сілтеме жасап: «Құдай сендердің тыныштықтарың мен жайлылықтарың үшін жерді тұрақты етіп жаратты. Егер арагідік жердің әр жерінде орын алатын қатты жер сілкінісі – зілзаланың қирау мен бейберекеттіктерге себеп болатындығына көңіл аударсақ, жердің тыныштығы мен тұрақтылығының жер бетінің тұрғындары үшін Алланың үлкен нығметтерінің бірі деген маңызды жайтты түсінетін боламыз» дейді Таулар мен өзендер, ащы, тұщы теңіз сулары адамзат үшін жер бетінен тіршілік пен өмір сүру мүмкіндіктерін әзірледі. Оның айғағы ретінде адамзаттың үлкен өркениеттерінің өзендер мен алқаптарда пайда болуын атауға болады. Мүшіріктер жансыз пұттарды қалайша Құдайдың жаратудағы немесе әлем істерін ұлылықпен басқаруында серік санайды? Мұның себебіне олардың осы тақырып бойынша ойланбайтындықтары әрі оның ақиқатынан хабарсыздықтары жатады. Осы аяттан үйренетініміз:
1.Жердің тыныштығы оның тұрғындары үшін мынадай, яғни адамдар жер тұрақты, еш қозғалмайды деп ойлайды. Алайда жер өзінің айналасы мен күннің айналасында өте жоғары жылдамдықпен айналады. Бірақ оның қозғалыстары бірқалыпты әрі жүйелі болғандықтан ешкім оны сезбейді.
2. Күпіршілік пен шерктің бастауы – ақиқаттан хабарсыздық пен оны дұрыс танымауда. Адам кейде қасақана және қырсықтықпен хақты түсінгісі, қабылдағысы келмейді. Кейде білместікпен жасайды. Біз адамдарға уағыз айтып, оларды хаққа шақырып, қоғамдық пікірге ағартушылық жұмыстарын жүргізуге міндеттіміз.
«Нәміл» сүресінің 62 аяты:
«أَمَّن یُجِیبُ الْمُضْطَرَّ إِذَا دَعَاهُ وَیَکْشِفُ السُّوءَ وَیَجْعَلُکُمْ خُلَفَاءَ الْأَرْضِ أَإِلَـهٌ مَّعَ اللَّـهِ قَلِیلًا مَّا تَذَکَّرُونَ»
Немесе қиналғандар өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер. (62)
Бұл аят адамдардың барлығының өміріндегі Құдайдың болуының белгісіне сілтеме жасап: «Бастарың қиындықтар мен мәселелерге шырмалып, алдарыңнан барлық есіктер жабылып, тұйыққа тірелген кезде кімді іздейсіңдер? Осындай жағдайда пұттар немесе басқалар сендерге көмектесе ала ма немесе сендер оны жан дауыстарыңмен шақырып, одан жауап күтетіндей өз болмыстарыңдағы мәселелеріңді шешетін құдіретті танисыңдар ма?» дейді.
Құранның келесі аяттарында адамның болмыстық иманы былай түсіндірілген: «Кемеге отырған кезде теңіздің ауыр толқындары сендердің жандарыңа қатер төндірген кезде Құдайдан басқа кімді шақырып, одан басқа кімнен құтқаруды сұрайсыңдар?».
Кейбір материалистер мен діннің қарсыластары Құдайды адамның бойына қорқыныш пен алаңдаушылық ұялатушы деп атап, осындай сылтаумен Құдайдың негізін теріске шығарады. Олардың ойынша, адам қиын да күйзелтуші оқиғалармен бетпе-бет келген кезде өзін қауқарсыз сезініп, қорқыныш және жәһілдіктен өзінің ойындағы құдіреттен көмек сұрайды.
Шындық мынада: мүмін адамдар қорқыныш пен қатер кезінде ғана емес, өмірдің барлық жағдайларында Құдайға иман келтіріп, оған арқа сүйейді. Қорқыныш пен алаңдаушылық қапылдық перделерінің ысырылып, адам тек соны ғана көріп, Құдайға деген мұқтаждығын сезуге себеп болады. Бұл әке-шешесінің бар болуын қабылдайтын, бірақ қажеттілік пен алаңдаушылық пайда болған кезде ғана оларды іздейтін, олардан көмек сұрайтын бала сынды.
Қауіп-қатер тудырушы факторлар қиын жағдайларда оның қолынан алып, талап-тілектеріне оң жауап беретін тек ата-ана ғана деп түсінуіне себеп бола ма?
Қалай болғанда да адамдар олардың айғайларына ешбір күш-құдіреттің көмектеспейтіндігіне сенген кезде үміттері үзіліп, жан-тәндерімен ғайыптан құтқаратын бір құдіретке сенеді. Ол – ұлы Құдайдың өзі.
Осы аяттан үйренетініміз:
1. Құдайды танудың жолдарына өмірдің қиын тығырықтарынан құтқаратын құдіретке жүгіну жатады.
2.Құдай адамды жер бетіне үстем етті. Оған табиғатты бағындыратын және оны билеп, мүмкіндіктерін қолдану құдіретін сыйлады.
«Нәміл» сүресінің 63аяты:
«أَمَّن یَهْدِیکُمْ فِی ظُلُمَاتِ الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَمَن یُرْسِلُ الرِّیَاحَ بُشْرًا بَیْنَ یَدَیْ رَحْمَتِهِ أَإِلَـهٌ مَّعَ اللَّـهِ تَعَالَى اللَّـهُ عَمَّا یُشْرِکُونَ»
Немесе құрылықтың, теңіздің қараңғылықтарында жолға салатын кім? Рахметтің (жаңбырының) алдынан қуаныш самалын естіретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Алла (Т.) олардың қосқан ортақтарынан тым жоғары. (63)
Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят та сауал екпінімен: «Түндерде құрлық пен теңіздердегі сапарларда жолды қалай табасыңдар? Түнде сендердің жолнұсқаушыларың болатын жұлдыздарды жансыз, ақылдары жоқ жаратылыс иелері жаратты ма, әлде бір Құдай жаратты ма?» дейді. Жердің шалғай жерлеріне теңіздер арқылы бұлттарды тасымалдайтын жел Құдайдан өзге кімнің талабымен қозғалады? Неліктен құнсыз, төмен пұттарды ұлы Құдаймен бірге шақырып, оларды өздерің мен әлемнің тағдырында әсерлі санайсыңдар?» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Аспан мен жердегі жүйелі және табиғатпен байланысты құбылыстар жаратылыс жүйесіндегі анық та айқын бағдарламаға айғақ болады. Мұндай үлкен іс әлемнің Жаратушысынан басқаның қолынан келмейді.
2.Құдайдың қасында есімі қатар тұратын ешкім де, ешнәрсе де жоқ. Ол әлемдегі жаратылыстардың барлығынан артық әрі жоғары.