Жел 10, 2016 19:56 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 50

Мұхаррам – жүректерді имам Хусейн (ғ.с.)-ға қарай шақырып, ерекше көңіл-күйге бөлейтін ай. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуынан жүздеген жылдар өткенімен күннен күнге бұл оқиға жасампаз күйге ие болуда.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдеріне қатысатын адамдардың саны жылдан жылға артуда. Өйткені бұл оқиғаның танмал мазмұны байқалады. Егер бұл оқиғаның мазмұны кеңінен таралмағанда Ислам діні мен Құраннан және шынайы исламдық тағылымдардан бүгінде еш нәрсе қалмаған болар еді. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Діннің негізі Ашурамен байланысты әрі Ашураның арқасында ұмытылған жоқ»,- деді.  Аятолла Хаменеи Ашура оқиғасы туралы маңызды жайттарға тоқталды. Бұл оқиғада Алла елшісінің немересі әрі ұлы тұлғаның рөлінің маңыздылығы туралы Ислам революциясының  жетекшісі: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның Мединеден шыққанынан бастап, Кербалада шәһид болғанына дейінгі іс-әрекеттерінен руханият, ғиззат, бедел және иман мен Аллаға бағынуын көруге болады. Барлық кезеңдерде  осылай болды. «Біз, жақтастарыңыз Куфе мен Иракта сізді күтудеміз» деген мазмұндағы жүздеген, бәлкім мыңдаған хаттарды алған кезде ол тәкаппар адамға айналмай, өлім туралы айтты. Не істеу керек және қалай істеуіміз керектігі туралы айтпады. Дұшпандарын қорқытпады, достарын Куфенің мансаптарын бөлумен қызықтырмады. Ол иманы мен өзінің біліміне сүйеніп, қарапайым түрде жолға шықты. Кербалада саны жүзге де жетпейтін адамдарымен дұшпанның 30 000 сарбазының қоршауына түсіп, олар оның өзі мен жақындарының өміріне қоқан-лоққы көрсетіп, әйелдерінің абыройына шабуыл жасалған жағдайда бұл илаһи тұлғаның, Алланың бұл пендесінің бойынан ешбір алаңдау сезімі байқалмады. Ашура – үлкен оқиға. Имам Хусейн (ғ.с.) Кербалаға  соғысу үшін келмеді. Ол өзімен бірге әйелі мен балаларын ала келді. Бұл жерде тарих бойындағы адамдардың мейірімділігі ерекше байқалады. Имам Хусейн (ғ.с.) дұшпанның жексұрын екенін, соғысқа келгендердің бұзақы және түкке тұрмайтын сыйға сатылып, үлкен қылмысты іске асырап, оның әйелі мен перзентіне не істейтіні туралы білді. Имам Хусейн (ғ.с.) мұның барлығынан хабардар болды, бірақ бағынбады. Өз жолынан қайтпай, жолын жалғастырды. Бұл жолды қаншалықта маңызды екені анық. Бұл қандай үлкен іс...»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан 50 жылдан кейін Язид хазіреттің орнына отырды. Язид бастан аяқ бұзақылықтың көрінісі болды. Ол Аллаға сенбейтін. Аятолла Хаменеидің пікірінше бұл таңғалдырарлық мәселе, өкінішке орай, сол кездегі адамдар үшін ерсі көрінбеді. Ислам дүниесін немқұрайдылық билеп, қатерді түсінбейтін жағдайда не істеуге болады? Исламның, Исламның ұлық пайғамбарының көрінісі саналған Хусейн бен Әли (ғ.с.) мұндай жағдайда не істей алады? Әрине, ол ислам дүниесін оятатындай іс-әрекет жасау керек болды. Бұл ояту имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісімен басталды. Имам Хусейн (ғ.с.) Куфені басқару үшін шақырылды. Сондықтан ол Куфеге қарай жолға шықты.  Бұл іс-әрекеттің сыртқы көрінісі болды. Діни жетекшінің  пікірінше, егер имам Хусейн (ғ.с.) шақырылмаған жағдайда да көтеріліс  орын алатын еді. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Мұндай жағдайда мұсылмандар үшін бұйрықтың не екенін көрсету үшін имам қозғалысын бастауға міндетті болды. Ол келесі ғасырлардағы  мұсылмандарға нұсқаны көрсетті. Оның нұсқасы «бұйрық беріп, өзін отыр» болмады, нұсқасы белсенділік танытуды қарастырды. Ол өзі жолға шығып, «жол осы» деп көрсетті... Имам Хусейн (ғ.с.)-ның пікірінше егер бұл жолда оның жаны құрбан болса, үлкен ақы емес. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның адал серіктері құрбан болса, имам үшін бұл да қымбат ақы емес. Алла елшісінің әулеті тұтқынға түседі, хазірет Зейнаб бөгделердің қамауына түседі... Имам далада өлтірілген соң  әйелі мен баласының тұтқынға түсетіні туралы білді. Имамның мақсатына жету үшін мұндай ауыр құн төлеу қиын емес... Имам Хусейн (ғ.с.) шындық сөзін жариялап, жаратылыстарды құтқару үшін өзінің барлық нәрсесін майданға әкелді»,- деді.

Расында Ашура оқиғасына немкеттілік пен мұсылмандардың ахлақтан алыстауы себеп болды. Бұрмаланушылықтарға  үнсіздік танытылып, Алланың діні дұрыс жолынан ауытқыған кезде алға ілгерілеу қажет. Өйткені қазіргі кездегідей исламның атын пайдаланып, мұсылмандарды қырып, талан-таражға салатын экстремистік топтардың пайда болуы  мен Алланың халалы харам,  харамы халалы саналуы мүмкін. Аятолла Хаменеидің көзқарасынша, имам Хусейн (ғ.с.)-ның заманында, егер халық исламдық ахлақ пен діни қырағылыққа ие болғанда, Язид, Ибн Зияд, Умар Саад және басқалар Кербала жеріндегі апатты іске асыра алмаған болар еді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында  маңызды мәселеге тоқталып: «Ислам үмбеті мен исламдық қоғам еш уақытта ғибрат пен дұрыс жолды көрсететін ту саналатын Ашура оқиғасын ұмытпауы керек. Расында Ислам Ашура және Хусейн бен Әли (ғ.с.)-мен мәңгілік. Исламның ұлық пайғамбары «Хусейн менен және мен Хусейнненмін» деп айтқандай, дін мен жолдың жалғасы Хусейн (ғ.с.)-ның арқасында. Егер Ашура болмағанда, егер ислам тарихында ұлы жанкештілік болмағанда, бұл тәжірибе мен бұл ғибрат  ислам үмбетіне берілмейтін еді. Ислам бұрмаланып, шынайы ислам мен оның нұрынан еш нәрсе қалмайтын еді. Ашуранның ұлылығы осы»,- деді. Көптеген рауаятшылар Ашура күнгі  оқиға туралы жазды. Рауаятшылардың бірі имам Хусейн (ғ.с.) туралы: «Алламен ант етемін,   еш уақытта оның сәтсіздікке ұшырағанын көрмедім»,- деді. Жан түршіктірерлік жағдайда балалары мен ең жақын достары өлімге барып, бүкіл мүлкінен айрылып, жан-жақтан әртүрлі қиындықтармен кезіккеніне қарамастан хазіреттің жүзі сәтсіздікке ұшыраған адамның жүзіне ұқсас болмады. Рауаятшы: «Мен еш уақытта қиындықтармен кезіккенде Хусейн бен Әли сынды табанды адамды көрмедім. Көптеген қиындықтармен кезіккен кезде Хусейн бен Әли сынды жүзі қуанышты, ғиззат пен жігері және Аллаға деген иманынан айрылмаған адамды көрмедім»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Әлбетте, бұл –илаһи ғиззаттың өзі. Бұл қозғалысты тарихта имам Хусейн (ғ.с.) іске асырды. Адамзат мұндай үкімет пен надандық және кемсітушіліктен ада қоғамға жету үшін күресу керек екенін түсінді. Яғни, мұндай қоғам үшін баршаның жиһады қажет»,- деді.