Жел 10, 2016 20:12 Asia/Almaty
  •  Жетекшілік хадисі 97

Қорқыныш – адамның психикалық жағдайларының бірі. Қорқыныш адамның өмірде кездесетін қиындықтарға қарсы тұрып, мәселелерін шешу жолындағы талпыныстарын төмендетеді.

Имам Садық (ғ.с.): «Алла  Тағала Құдайдан қорқатын адамнан барлық адам мен барлық нәрсені имендіреді,  сондай-ақ, керісінше, Алладан қорықпайтын адамды кез-келген адам мен кез келген нәрседен қорқытады»,- деген. Батылдыққа қарсы қорқыныш орналасқан. Қорқу – адамдардың тек соғыс майданында ғана емес, саясат, қоғам, тіпті ғылыми пікірталастар майдандарында сәтсіздікке ұшырауы мен азап-қорлық көруіндегі ең маңызды  себептердің бірі. Имам Әли (ғ.с.) өзінің қысқа сөйлемінде: «Батылдық – ғиззат, қорқу – анық  қорлық» деген. 

Қорқыныш – адамның психикалық жағдайларының бірі. Қорқыныш адамның өмірде кездесетін қиындықтарға қарсы тұрып, мәселелерін шешу жолындағы талпыныстарын төмендетеді. Алайда қорқыныштың белгілі бір мөлшері адамның болмысының кемелдігіне жетуі үшін қажет. Сондықтан қорқынышты жағымды және жағымсыз деп екі топқа бөледі. Жағымды және қабылдауға болатын қорқыныш –Алладан қорқу. Бұл қорқыныш тіпті діни рауаяттарда насихатталған. Бұл қорқыныш діни міндеттерді дұрыс орындамау мен солардың алдындағы жауапкершілікке  алаңдаудан туындауы мүмкін. Сондықтан Алладан қорқу деген адамның күнәләрінен қорқуы саналады. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл тұрғысында: «Сендердің ешбіреуің күнәсі болмаса қорықпасын»,- деген. («Наһдж ул-Балағе» 82-ші хикмет). Сондықтан Алладан қорқу, яғни әділеттен қорқу. Исламның ұлық пайғамбарына Алла тарапынан жіберілген «Джоушан Кабир» дұғасынан: «Алланың әділетінен басқадан қорықпаған адам»,- деп оқимыз. Кейде қорқыныш сезімі Алланың дәрежесінің  ұлылығы мен оның шексіз даналығын түсінуден пайда болады. Бұл қорқыныш Алланың айбыны мен ұлылығына иман келтіргендерден байқалады. Құран Кәрім «Фатыр» сүресінің  28-ші аятында: «Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары Алладан қорқады»,- деп айтқан. Исламның ұлық пайғамбары Алладан қорқуды барлық хикметтерден маңызды деп санайды. («Бихар әл-Анвар» 43-ші том). Өйткені қорқыныштың бұл түрі адамды кемелдікке жету және шындықты талап ету жолына түсуге жігерлендіреді. Имам Садық (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Алланы таныған адам одан қорқады. Сондай-ақ Алладан қорыққан адам ооған бағынып, ғамалдарын орындайды»,- деген. Орынсыз қорқыныш – Алладан басқадан қорқу. Қорқыныштың бұл түрі адамды үлкен жұмыстардан алыстатады. Өйткені үлкен жұмыстар әрқашан үлкен қиындықтармен бетпе-бет келіп, сол қиындықтардан өте алатын адамдарды қажет етеді. Әрине мұндай жұмыс қорқақ адамдардың қолынан келмейді. Қорқақ адамдар еш уақытта жеке басының немесе қоғамның маңызды жұмыстарын батылдықпен алға ілгерілете алмайды. Осыған орай Ислам қорқақ адамдармен ақылдасуға тыйым салды. Өйткені олар өздерінің ішкі қорқыныштарына байланысты маңызды жұмыстарды атқара алмайды. Имам Әли (ғ.с.) Малек Аштарға қорқақ адамдармен ақылдаспауды бұйырды. Өйткені олармен ақылдасу дауыстың әлсіреуіне себеп болады. («Наһдж ул-Балағе» 53-ші хат). Сондай-ақ келесі бір сөзінде: «Қорқақ адамдар  ұсақ мәселені де зорайтып көрсетеді»,- деген. Орынсыз қорқыныш бейберекеттіктер мен тыйым салуға жеткізеді. Адам қорыққан сайын өзін әлсіретіп, көбірек зардап шегетін болады. Алайда өзін емдеу үшін талпыныс жасаса, психикалық саулығы мен бақытына жетеді.  Имам Әли (ғ.с.): «Тыныштық пен қауіпсіздікке жеткізетін жол болған жағдайда ақылды адамның алаңдап, қорыққаны жөн  емес»,- деген болатын. Құдайға шүкір, орынсыз қорқынышты емдеуге болады. Қорқыныштың теріс салдарлары туралы ойлану барлық жағымсыз сипаттар мен кемшіліктерден құтылатын тәсілдердің бірі. Орынсыз қорқыныштан туындаған қорлық туралы ойлану одан құтылуға көмектесетін жол. Имам Әли (ғ.с.): «Адамның жұмыстарының нәтижелері туралы ойлану өлімнен құтқарады»,- деген.  Қорқыныштан емделетін келесі тәсілдердің біріне қорқынышқа қайтадан ену жатады. Имам Әли (ғ.с.): «Бір нәрседен қорыққан жағдайда  өзіңді сол жағдайда елестет»,- деп айтқан болатын.