Әнбия сүресі, 566-шы бөлім, 83-88 аяттар
Әнбия сүресі, 566-шы бөлім, 83-88 аяттар
«Әнбия» сүресінің 83-84 аяттары:
" وَ أَیُّوبَ إِذْ نَادَى رَبَّهُ أَنِّی مَسَّنِیَ الضُّرُّ وَ أَنتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِینَ " ، " فَاسْتَجَبْنَا لَهُ فَکَشَفْنَا مَا بِهِ مِن ضُرٍّ وَآتَیْنَاهُ أَهْلَهُ وَمِثْلَهُم مَّعَهُمْ رَحْمَةً مِّنْ عِندِنَا وَ ذِکْرَى لِلْعَابِدِینَ "
Әйүп (Ғ.С.) да Раббына: "Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың" деп, жалбарынды. (83) Сонда тілегін қабыл етіп, өзіндегі науқасты айықтырып, сондай-ақ құлшылық қылушыларға ғибрат үшін өзіне отбасын және олармен бірге бір есе артық мәрхамет етіп, бердік (84)
.Алдыңғы бағдарламада хазірет Сүлеймен мен хазірет Дәуіттің өмірлеріне тоқталдық. Осы бағдарлама Айюб пайғамбар туралы аятпен басталады. Айюб – осы сүреде аты аталатын оныншы пайғамбар. Рауаяттарда Құдайдың хазірет Айюбты һәм байлық пен бақуаттылықта, һәм кедейшілік пен қиындықтармен сынағаны айтылады. Алдымен оған байлық пен кеңшілік сыйлады. Ол әрдайым Алланың нығметтеріне шүкір айтушы болып, менмендік пен тәкәппарлыққа салынған жоқ. Келесі жолы Құдай оны кедейшілік және қиындықтармен сынаққа алды. Мал-мүлкімен қосып, оны перзенттерінен де айырды. Бірақ Айюб сол қиындықтардың барлығында да Құдайға шүкір айтып, еш шүкірсіздік білдірмеді. Айюбты сынау мұнымен аяқталмады. Ол денесін қатты жара басып, орнынан қозғалатын күштен де айырған науқасқа шалдықты. Алайда тауқіметі көбейген сайын оның шүкіршілік білдіруі мен алғыс айтуы арта түсті. Адамдар жағдайдан хабардар болып, оған тілдерін безеп: «Ей, Айюб! Басың осындай бәлеге душар болатындай не күнә жасадың?» дегенге дейін ол шыдап бақты. Сол кезде Айюб қысылып, Құдайдан оны ауру мен азап және бәледен құтқаруды сұрады. Сол кезде Алланың рақымшылығының есіктері Айюбтың алдынан ашылып, хазіреттің қиындықтары бір-бірлеп шешіле бастады. Перзенттері қайтадан тіріліп, Құдай олардың қатарына тағы басқа перзент қосты. Хазірет Айюбтың өмірінің оқиғасы «Сад» сүресінде егжей-тегжейлі жазылған. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пайғамбарлар да басқа адамдар сияқты Алланың сынағына алынады. Олардың сынақтары қиынырақ әрі ауырырақ.2.Қиындықтар мен ауыртпашылыққа душар болсақ та дұға тілеп, мүнәжат жасаған кезде әдеп сақтаған орынды. 3. Иманды және ғибадат ететін адамдар да ақыл мен ескертуді қажет етеді.
«Әнбия» сүресінің 85-86 аяттары:
" وَإِسْمَاعِیلَ وَإِدْرِیسَ وَذَا الْکِفْلِ کُلٌّ مِّنَ الصَّابِرِینَ " ، " وَأَدْخَلْنَاهُمْ فِی رَحْمَتِنَا إِنَّهُم مِّنَ الصَّالِحِینَ "
Ысмайыл, Ыдрыс, Зүлкәфил (Ғ.С.) дерге де (мәрхамет еткен едік.) Солардың барльіғы да сабырлы еді. (85) Сондай-ақ оларды мәрхаметімізге бөледік. Өйткені олар, лайықтылардан еді. (86)
Сабыр мен шыдамдылықтың символы хазірет Айюбтың оқиғасын баяндаған соң осы аяттар келесі үш пайғамбарға сілтеме жасап, оларды да сабырлылардың қатарына қосады. Ішкі қиындықтар мен сыртқы дұшпандардың алдында сабыр сақтап, қарсылық танытқан адамдар шыдамдылық пен табандылықтың үлгісіне айналды. Сол себепті олар Алланың кең рақымына бөленіп, әулие-әмбиелердің қатарына енді. Ибраһим мен Ысмайыл хикаясында Ысмайыл Құдайдың бұйрығына бағынып, әкесі Ибраһимнің оны құрбандыққа шалуына бойсұнушылық танытты. Бұл оның Алланың бұйрығын қабылдаудағы сабырлығының белгісі. Хазірет Нұхтың атасы болған Ыдырыс та Құран аяттарында оның жоғары орыны мен дәрежесіне тоқталған пайғамбарлардың бірі. Зулкафил де тарихтан белгілі болғандай, хазірет Исадан бұрын болған Исраил қауымынан шыққан пайғамбарлардың бірі болған.Осы аяттардан үйренетініміз:1.Тарих бойында адамдарға жетекшілік етуде қиындық көріп, ауыртпалықтарға төзген адамдарды еске алып, олардан үлгі алайық.2.Шыдамды және тақуа адамдар Алланың ерекше мейірімі мен рақымына бөленеді.
«Әнбия» сүресінің 87-88 аяттары:
" وَذَا النُّونِ إِذ ذَّهَبَ مُغَاضِبًا فَظَنَّ أَن لَّن نَّقْدِرَ عَلَیْهِ فَنَادَى فِی الظُّلُمَاتِ أَن لَّا إِلَهَ إِلَّا أَنتَ سُبْحَانَکَ إِنِّی کُنتُ مِنَ الظَّالِمِینَ " ، " فَاسْتَجَبْنَا لَهُ وَنَجَّیْنَاهُ مِنَ الْغَمِّ وَکَذَلِکَ نُنجِی الْمُؤْمِنِینَ "
Юнысты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып, кетіп қалды да біздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде (балықтың қарнында): "Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. Пәксің. Шын мәнінде мен қателесушілерден болдым" деп, жалбарынды. (87) Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз. (88)
Осы аяттар жылдар бойы адамдарды Құдайға табынуға шақырған, бірақ бір-екі адамнан басқа ешкім оған иман келтірмеген хазірет Юныстың өміріне тоқталады. Ол ашуланып, қауымын қарғап, олардың арасынан кетіп қалады. Бірақ Құдай міндетін тастап кеткені үшін оның басын қиындыққа душар етеді. Юныс кемеге отырған кезде бір үлкен кит олардың кемесіне шабуыл жасайды. Кеме иелері кит сонымен алданып, кемені жөніне қалдыру үшін кемедегі жолаушылардың бірін теңізге тастауға шешім қабылдайды. Жеребе тартқанда, жеребе Юныстың атына түседі. Оны теңізге лақтырғанда кит жұтып қояды. Алайда Алланың әмірімен балықтың асқазаны оны қорытқан жоқ. Юныс балықтың тар және қараңғы ішінде жатып, міндетін атқарудағы өзінің сабырсыздығын мойындады. Құдай оны құтқарып, содан бастап хазірет Юныс «Зу-н-нун», яғни «Балықтың иесі»деген лақап атқа ие болды. Осы аяттардан үйренетініміз: 1.Ұлылардың міндеттерін атқаруда аянып қалуының үлкен жазасы болады. Юныстың ашуланып, қаладан кетіп қалуы оны Алланың қатты қаһарына ұшыратқан асығыс әрі рұқсат берілмеген іс болды.2.Кез-келген қателігімізді тез арада мойындап, Құдайды өзімізге жасалған әр зұлымдықтан пәк санайық.3. Құран – оны оқып, қоя салатын тарих кітабы емес. Алланың сүннеттерін танып, өзіміздің бүгінгі өміріміз үшін ғибрат пен сабақ беретін кітап.