Әнбия сүресі, 559-шы бөлім, 46-50 аяттар
Әнбия сүресі, 559-шы бөлім, 46-50 аяттар
«Әнбия» сүресінің 46-47 аяттары:
« وَلَئِن مَّسَّتْهُمْ نَفْحَةٌ مِّنْ عَذَابِ رَبِّکَ لَیَقُولُنَّ یَا وَیْلَنَا إِنَّا کُنَّا ظَالِمِینَ » ، « وَنَضَعُ الْمَوَازِینَ الْقِسْطَ لِیَوْمِ الْقِیَامَةِ فَلَا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَیْئًا وَإِن کَانَ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِّنْ خَرْدَلٍ أَتَیْنَا بِهَا وَکَفَى بِنَا حاسِبِینَ »
Рас, егер оларға Раббыңның азабынан азғантай ғана жетсе олар: "Нендей өкініш! Біз залым екеміз" дейді. (46) Қиямет күні туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз. (47)
Алдыңғы бағдарламада қияметті теріске шығарушылардың менмендік пен қапылдыққа душар болғандарын, олардың не өлімді көрмей, не пайғамбарлардың сөздерін естімегендерін айттық. Осы аяттар былай дейді: «Егер осы дүниеде Алланың қаһарының бір ұшығы ғана оларды етектен алатын болса, олар қапылдықтың ұйқысынан оянып, өздерінің бағынбаушылық танытулары мен күнәларын мойындайды. Бірақ Алланың пайғамбарларының хақ және қисынды сөздері оларға әсер етпейді, олардан ғибрат алмайды. Бірақ бұл дүние мен ақыретке қатысты. Әр адамға оның өзінің іс-әрекетіне сай жаза беріледі. Адамның кішкентай істерін оның ғамал дәптеріне тіркейтін сот есеп алған кезде ештеңені де қағыс қалдырмайды". Адамның қияметтегі әс-әрекеттері мен ғамалдарын бағамдаудың мөлшері не? Рауаяттарда пайғамбарлар мен имамдарға және пәк, бейкүнә адамдарға кәміл адамдардың бар екендігі, басқа адамдардың істерінің солардың ғамалдарымен салыстырылып, бағаланатындығы айтылған. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Осы дүниеде Алланың қаһарына душар болу адамды мойындау мен кешірім сұрауға мәжбүрлейді. Бірақ, егер абай болмасақ, қайтадан қапылдық пен тәкәппарлыққа душар болып, күнәнің жүгі ауырлай түседі. 2.Құдай – һәм дана, һәм әділ. Сол себепті Оның абсолютті ғылымынан ешбір іс жасырын қалмайды. Ол Қияметте әділет негізі бойынша баршаның жазасы мен сыйын береді.
«Әнбия» сүресінің 48-49 аяттары:
« وَلَقَدْ آتَیْنَا مُوسَى وَهَارُونَ الْفُرْقَانَ وَضِیاءً وَذِکْرًا لِّلْمُتَّقِینَ » ، « الَّذِینَ یَخْشَوْنَ رَبَّهُم بِالْغَیْبِ وَهُم مِّنَ السَّاعَةِ مُشْفِقُونَ »
Рас Мұса мен Һарүн (Ғ.С.) ға жақсы-жаманды ажырататын, тақуалар үшін жарық және үгіт түрінде Кітап бердік. (48) Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып әрі олар, қияметтен үрейленеді (49).
Алдыңғы аяттарда таухид пен қиямет туралы мәселені баяндаған соң осы аяттан бастап Алланың пайғамбарларының кейбіреуінің өмірлері қысқаша түрде баяндалатын болады. Осы аяттар хазірет Мұсаға түсірілген Таурат кітабына сілтеме жасайды. Аспандық кітаптар, соның ішінде Құран Кәрім үш ерекшелікке ие: біріншіден, хақ пен жалғанның арасын ашып, Құдайға жету жолын басқа жолдардан ажыратады. Келесі кезеңде жолды анықтаған соң дұрыс жолда әрекет ету үшін нұр мен жарық қажет болады. Аспандық кітаптар шын мәнінде хақ жолын нұрландырушы болып табылады. Үшінші кезеңде жолға түскен, хақ жолының нұрымен әрекет етіп келе жатқан, бірақ қапылдық пен тура жолдан тайып кету қаупі төніп тұрған адамдар үшін аспандық кітаптар ескерту және еске салудың мәйегі болып табылады. Аяттардың жалғасы тақуаларды сипаттап: «Олардың Құдайға деген имандарының мықтылығы сондай, тіпті іштерінен Оны өздерінің қастарында көріп тұр деп санап, ұят және жаман істерден бойларын аулақ салады. Себебі олар қияметте өздерінің істерінің соңынан қорқады». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Кітап пен шариғатқа ие пайғамбарлар шектеулі болды. Һарунның Таураттың ағартушылық тәлім-тәрбиелік мазмұнын халықтың арасында таратқаны сынды басқа пайғамбарлар үлкен пайғамбарлар мен солардың кітаптарын уағыздап, насихаттады. 2.Адамдардың ортасында өзінің қылықтары мен әрекеттерін бақылауда ұстау өздігінен тақуалықтың дәлелі емес. Адамдардан ұялғандықтарынан және өздерінің абыройларын сақтау үшін өз әрекеттерін адамдардың арасында тежеп ұстайтын адамдар жиі кездеседі. Шын мәнінде тақуалықтың негізгі белгісі құпия түрде Құдайдан қорқу болып табылады.
«Әнбия» сүресінің 50 аяты:
« وَهَذَا ذِکْرٌ مُّبَارَکٌ أَنزَلْنَاهُ أَفَأَنتُمْ لَهُ مُنکِرُونَ »
Бұл Құран біз түсірген мүбарак бір насихат. Енді соған да қарсы келесіңдер ме? (50)
Аспандық кітаптардың маңызды ерекшелігі еске салу болып табылады. Яғни, Құдайдың адамдардың барлығының пәк болмыстарына салған нәрсені және нәпсілік тілектер соны жауып, қапылдыққа ұрындырғанды еске салу. Илаһи пайғамбарлар адамдарды қапылдықтың ұйқысынан оятып, ескерту жасау үшін жіберілген. Олар адамдар соған құштар жақсылықтар мен ізгіліктерді қоғамда таратып, әрбір адам болмысынан оны жек көретін жамандықтар мен пәстіктерді жасауға тосқауыл болуы үшін таңдалды. Сөйте тұра адамдардың көбі күпіршілік пен қырсықтықтарына басып, пайғамбарларды теріске шығарып, олардың хақ сөздерін қабылдаудан бас тартады. Осы аяттан үйренетініміз:1.Егер Құран оқылған кезде ғибрат алуды мақсат етсек, бұл кітап біз үшін пайдалы әрі мүбарак болады.2.Аспандық кітаптар мен Алланың пайғамбарларын жоққа шығару шынтуайтында жанашыр тәуіптердің адамның тәкәппарлық, өзімшілдік және қапылдық сияқты психикалық ауруларын емдеу үшін ұсынған шипа сыйлайтын нұсқаларды қабылдамау болып табылады.