Жел 12, 2016 19:21 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 556-шы бөлім, 34-37 аяттар

«Әнбия» сүресінің  34-35 аяттары:

" وَمَا جَعَلْنَا لِبَشَرٍ مِّن قَبْلِکَ الْخُلْدَ أَفَإِن مِّتَّ فَهُمُ الْخَالِدُونَ " ، " کُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ وَنَبْلُوکُم بِالشَّرِّ وَالْخَیْرِ فِتْنَةً وَإِلَیْنَا تُرْجَعُونَ "

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма? (34) Әркім өлімді татады. Сендерді сынап, жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар. (35) 

Алдыңғы аяттарда осы сүренің аяттарының мүшріктердің Құдай мен Оның пайғамбарлары туралы күдік-күмәндері мен олардың орынсыз үміттеріне берілген жауап деп айттық. Мүшріктердің көңілдеріне жұбаныш болған нәрселердің бірі ол ислам пайғамбарының жақына арда өлетіндігі және бұдан былай ешкімнің олардың пұттары мен жасанды құдайларына ештеңе демейтіндігі, нәтижесінде олардың пайғамбардан құтылатындығы болды. Осы аяттар оларға былай деп жауап береді: «Пайғамбар өліп, сендер қаламыз деп ойламаңдар. Адамдардың барлығы, соның ішінде пайғамбарлар да өледі. Бұл дүниеде ешкім мәңгілік емес. Сондай-ақ ол кеткен соң оның діні де жойылып, жоғалады деп ойламаңдар. Хазірет Ибраһим дүние  салғанымен, қажылық рәсімі мен Құдайдың үйіне зиярат жасау одан кейін қаншама мың жылдар бойы қалды. Сендер, мүшріктер де сол рәсімді ырымшылдықпен араластырып, орындайсыңдар». Бұл дүниедегі өмір адамдардың барлығы үшін шектеулі. Соның арасында адамдарды сынау үшін құрал болып табылатын өмірдің биіктіктері мен құлдырауларында, тәттілігі мен ащылығында жеңіспен, табысты шығатын адамдар нағыз жеңімпаз болып табылады. Себебі барша Құдай тарапына қайтып, сол жерде өздерінің іс-әрекеттерінің нәтижесі мен салдарларын көретін болады. Осы аяттардан үйренетініміз.1.Алланың сүннетерінің бірі – адамның дүниеге келуі мен өліміне дейінгі өмірінің шектеулі болуы. 2.Қиындықтар мен мақұрымдық та, рахаттық пен бақуатталық та, барлығы сынақтың құралы. Бай да, жарлы да, күшті де әлсіз де, барлығы сыналуда. 3. Өлім – адам жолының соңы емес. Керісінше соңында Алланың дәргаһында тұрумен аяқталатын басқа дүниеге енетін кезең болып табылады. 

«Әнбия» сүресінің 36 аяты:

" وَإِذَا رَءَاکَ الَّذِینَ کَفَرُوا إِن یَتَّخِذُونَکَ إِلَّا هُزُوًا أَهَذَا الَّذِی یَذْکُرُ آلِهَتَکُمْ وَهُم بِذِکْرِ الرَّحْمَنِ هُمْ کَافِرُونَ " 

(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандар, қашан сені көрсе өзіңді мүлде тәлкектеп: "Тәңірлеріңді сөз қылып жүрген осы ма?",- дейді. Сондай-ақ олар өздері Рахманның зікіріне (Кітабына) қарсы. (36)

Осы аят мүшріктердің ислам пайғамбарымен қатынас жасау тәсіліне тоқталып, былай дейді: «Олардың пайғамбар мен оның сөздерін келеке етуден басқа істері жоқ. Себебі өздерінің шерк пен пұтқа табынушылықтары үшін қисындары мен дәлелдері жоқ. Пайғамбар пұттарды адамдардың ойлары мен зейіндеріне ағартушылық жасайтындай ақылдан кенде, ғибадат ететіндей құндары жоқ деп атағандықтан, олар ренішті болды. Мүшріктердің Пәруәрдігердің шексіз мейірімі мен рақымының белгісі болып табылатын Оның нығметтерін әрдайым пайдаланатындықтарына қарамастан, олар Оны зікір етіп, Оған ғибадат еткілері келмейді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Әмбиелердің қарсыластарының қисыны қорлау және келеке ету. Олардың уәждерінің ғылыми және қисынды  негіздері жоқ.2.Кәпірлер үшін әлемнің ұлы Жаратушысын теріске шығару ештеңе емес, бірақ тас және ағаштан жасалған пұттарға құрметсіздік көрсетуге болмайды. 

«Әнбия» сүресінің 37 аяты:

" خُلِقَ الْإِنسَانُ مِنْ عَجَلٍ سَأُرِیکُمْ آیَاتِی فَلَا تَسْتَعْجِلُونِ "

Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Жақында белгілерімді (азаптың) көрсетемін. Менен тез тілемеңдер. (37)

Осы аят адамның табиғи ерекшеліктерінің бірі істерде асығып, шыдамсыздық танытатындығына тоқталып, былай дейді: «Адам өте шыдамсыз. Асығып жаратылған сынды. Қайырлы істерде асығыстық таныту және ізгі істерді атқаруды жылдамдату жақсы әрі құптарлық іс екендігі шәксіз. Бірақ жаман істерде асығыстық таныту үшін қандай дәлел бар?». Кәпірлерге: «Алланың азабы желкелеріңнен алмасың десеңдер, күнә жасауды қойыңдар» дегенде олар: «Бұл азап неге тезірек келмейді?» десті. Құдай: «Егер олар азаптың түсірілуіне асықса, біз асықпаймыз. Себебі олар бізден қашып құтыла алмайды. Ақыр-соңында азаптың белгілерін байқайтын болады» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Істерде асығыстық пен шыдамсыздық таныту құпталмайды. Егер рационалды және заңды болса жағдай басқаша.  2.Асығыстық таныту бақылауға алуға болатын басқа да инстинкті істер сынды. Ондай болса адам оны тізгіндей алады. Сол себепті Құдай орынсыз асығыстық жасамауға бұйырады. .