Жел 12, 2016 19:24 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 555-ші бөлім, 30-33 аяттар

«Әнбия» сүресінің 30 аяты:

" أَوَلَمْ یَرَ الَّذِینَ کَفَرُوا أَنَّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ کَانَتَا رَتْقًا فَفَتَقْناهُمَا وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاء کُلَّ شَیْءٍ حَیٍّ أَفَلَا یُؤْمِنُونَ "

Кәпірлер көктер мен жердің жабық болғанын Біздің оларды ашқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме? (30)

Алдыңғы бағдарламада әлемнің көп «құдайлар» арқылы жаратылысы мен басқарылуы жоққа шығарылды. Осы аят пен келесі аяттар Құдайдың жаратылыс жүйесіндегі даналығының белгілеріне тоқталып, Алдымен кәпірлердің назарын жаратылыстың бастауына аударып, былай дейді: «Олар аспандар мен жердің бастапқыда бір-біріне жабысып тұрғанын, оларды Біздің ашқанымызды білмей ме?» «Ратқофат», яғни басқару дегендегі мақсат неде? Тәпсіршілер әртүрлі сөздер айтқан. Біз солардың екеуіне тоқталамыз:1.Данышпандардың көзқарастарының негізі бойынша әлем алдымен үлкен бу түрінде болған. Ішкі жарылыстардың әсерінен біртіндеп бөлініп, одан жұлдыздар, соның ішінде күн жүйесі мен жер планетасы пайда болды. 2. Басында аспаннан жаңбыр жаумады, жерде шөп өскен жоқ. Екеуі де жабық болғандай болды. Бірақ Құдай екеуін ашып, аспаннан жаңбыр жаудырып, жер бетінде шөптердің түр-түрін өсірді.Пайғамбар отбасынан жеткен рауаяттардың көбісінде екінші мағынаға сілтеме жасайды. Өйткені бұл құбылыстан һәм аспаннан жаңбырдың қалай жауатындығы мен жердің ашылып, шөптердің өсетіндігі көзге көрінеді, һәм «әрбір тірі нәрсені судан шығардық» деген аяттың жалғасымен толығымен үйлеседі.  Осы аяттан үйренетініміз:1.Табиғат жүйесін тану адамды Құдай мен Оның шексіз ғылымы мен құдіретін тануға жеткізеді. 2.Су – адам мен барлық тірі организмдердің тіршілігінің бастауы. Ол Алланың даналығымен аспан арқылы жердің барлық жеріне жетеді.

«Әнбия» сүресінің 31-32 аяттары:

" وَجَعَلْنَا فِی الْأَرْضِ رَوَاسِیَ أَن تَمِیدَ بِهِمْ وَجَعَلْنَا فِیهَا فِجَاجًا سُبُلًا لَعَلَّهُمْ یَهْتَدُونَ " ، " وَجَعَلْنَا السَّمَاء سَقْفًا مَّحْفُوظًا وَ هُمْ عَنْ آیَاتِهَا مُعْرِضُونَ "

 Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық. (16-С. 16-А) Және жөн табулары үшін кең жолдар жараттық. (31) Аспанды берік бір төбе қылдық. Олар болса мұндағы белгілерден бет бұрады. (32)

Осы аяттар бір Құдайдың әлем істеріндегі даналығындағы белгілерінің басқа бір қырына тоқталып, алдымен таулардың кейбір әсерлерін баяндайды:Таулар жерді ішкі газдардың қысымдарының нәтижесінде пайда болатын қатты тербелістерден сақтайды. Егер таулар болмағанда жер үсті тегістеліп, орасан зор құйындар мен құрғақ, күйіп тұрған шөл далалар пайда болған болар еді. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Бірақ таулар әртүрлі жерлердегі адамдардың бір-біріне қолжетімділігіне кедергі болмайды. Керісінше осы үлкен таулардың арасында жолаушылар жолдарын тауып, баратын жерлеріне жетулері үшін сайлар мен жолдар бар». Келесі аят былай дейді: «Жердің айналасындағы атмосфераның  ауа мен газдан тұратындығына қарамастан мықты қалқан сынды жерді күні-түні кез-келген оқтан қауіптірек метеориттерден қорғап, сақтайды.Өлтіретін шұғылаларға ие күннің нұры атмосфера арқылы сүзгіден өтеді. Жердің атмосферасы жерді осы шұғыланың жер үстіне нұқсан және оның тұрғындарына зарар келтіруге тосқауыл болады». Осы аяттан үйренетініміз:1.Аспан мен жердің және таулардың жаратылысы кездейсоқтық емес, Алланың даналығының негізі бойынша. 1.Дана Құдай жерді жер сілкінісінен сақтау үшін тауларды жаратқанда адамдардың тура жолдан таймаулары үшін діни жетекшілер мен басшылар тағайындамады дегенді қалай қабылдауға болады?2.Аспан мен атмосфералық құбылыстар Алланың құдіреті мен хикметінің белгілері болып табылады. Бірақ адам сол белгілерге көңіл аударудан қапыл қалып, олардан бас тартады.

«Әнбия» сүресінің 33 аяты:

" وَهُوَ الَّذِی خَلَقَ اللَّیْلَ وَالنَّهَارَ وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ کُلٌّ فِی فَلَکٍ یَسْبَحُونَ " 

Ол Сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді. (33)

Осы аят бүгінгі бағдарламаның соңғы бөлімі. Күн мен түннің ауысуы, күн мен айдың шығуы мен батуы және күн мен айдың, жұлдыздардың өз осьтерінде айналуы осылардың барлығы Құдайдың жаратылыс жүйесіндегі хикметі болып табылады. Адам күн сайын осы таңғажайып құбылыстарды көреді. Олармен байланысты. бірақ солардың даналығы мен басқарушылығынан қапыл. Осы аяттан үйренетініміз:1.Күн мен түн Алланың үлкен екі нығметі. Осы екеудің бірін жоқ деп елестету арқылы адамға олардың құны жақсырақ көрінеді.2. Жыл бойындағы күн мен айдың шығуы мен батуының нақты бағдарламасы Алланың жаратылыс құрылғысының таңғаларлық жүйесі мен даналығын көрсетеді. Бірақ адамдардың көбісі күннің шығуы мен батуының сұлулығын көре тұра солардың Жаратушысының ұлылығының алдында мойынсұнуға әзір емес.