Әнбия сүресі, 554-ші бөлім, 25-29 аяттар
Әнбия сүресі, 554-ші бөлім, 25-29 аяттар
«Әнбия» сүресінің 25 аяты:
" وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِکَ مِن رَّسُولٍ إِلّا نُوحِی إِلَیْهِ أَنَّهُ لَا إِلَهَ إِلّا أَنَا فَاعْبُدُونِ "
(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек оған: "Күдіксіз Менен басқа ешбір Құдай жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар" деп қана уахи етіп жібердік. (25)
Алдыңғы бағдарламада егер әлем көптеген «құдайлар» арқылы жаратылып, басқарылса, жаратылыс жүйесінің барлығының бұзылатындығы айтылды. Сонымен қатар әлемдегі қазіргі жүйе мен үйлесім – Жаратушының жалғыздығының белгісі. Осы аят былай дейді: «Пайғамбарлардың барлығы бір Құдай тарапынан пайғамбарлыққа жеткізіліп, адамдарды Бір Құдайға табынуға шақыруға жауапты болып тағайындалды». Хазірет Әли перзенті имам Хасанға былай деді: «Ұлым! Егер әлемде басқа «құдайлар» билік еткенде адамдар оларды танып, оларға мойынсұну үшін өздері тарапынан пайғамбарлар жіберуі керек еді». Осы аяттан үйренетініміз:1. Таухид барлық илаһи пайғамбарлардың бағдарламаларының басында болды. Сол себепті мәсихилердің «үштікке» деген сенімдері хазірет Исаның бір Құдайға шақыруымен үйлеспейді. 2. Иман ғамалдан бөлек емес. Бір Құдайға иман келтірген адам Оған табынудан қалайша бас тартып, намаз оқымайды?
«Әнбия» сүресінің 26-27 аяттары:
" وَقَالُوا اتَّخَذَ الرَّحْمَنُ وَلَدًا سُبْحَانَهُ بَلْ عِبَادٌ مُّکْرَمُونَ " ، " لَا یَسْبِقُونَهُ بِالْقَوْلِ وَهُم بِأَمْرِهِ یَعْمَلُونَ "
Сонда олар: "Алланың баласы бар" деді. Алла одан пәк. Олай емес. Періштелер ардақты қүлдары. (26) Олар Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар Оның әмірін ғана орындайды. (27)
Исаны «Құдайдың ұлы» деп санайтын мәсихилерге қарсы алдыңғы аят оны теріске шығарды. Осы аят мүшріктердің жалған сенімдеріне тоқталып, былай дейді: «Олар «Құдай періштелерді Өзіне бала етіп алды» деді. Құдайдың жаратылысы, мейлі пайғамбар болсын, мейлі періште болсын кез-келген перзенттен ада». Аяттардың жалғасы былай дейді: «Періштелер де Құдайдың жаратылыстары және Оның бұйрығына бағынатындар. Олар сөз бен істе Құдайдың алдына түспейді. Құлшылық рәсімін толық түрде орындайды». Рауаяттар негізі бойынша, періштелер таза ақыл иелері. Олар инстинкті қалаулардан кенде. Сол себепті олардың Құдайға бағынбауы және илаһи бұйрықтармен қарсыласуы мүмкін емес. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Күпір сөздерді естіген кезде Құдайды кез-келген кемшілік пен міннен пәктеп, хақ ақиданы көрсету қажет. 2.Адамның ұлылығы Құдайдың алдында бойсұнушылығы мен Оған құлшылық етуіне байланысты.
«Әнбия» сүресінің 28-29 аяттары:
" یَعْلَمُ مَا بَیْنَ أَیْدِیهِمْ وَ مَاخَلْفَهُمْ وَلَا یَشْفَعُونَ إِلَّا لِمَنِ ارْتَضَى وَهُم مِّنْ خَشْیَتِهِ مُشْفِقُونَ " ، " وَمَن یَقُلْ مِنْهُمْ إِنِّی إِلَهٌ مِّن دُونِهِ فَذَلِکَ نَجْزِیهِ جَهَنَّمَ کَذَلِکَ نَجْزِی الظَّالِمِینَ "
Алла олардың өткенін де келешегін де біледі. Олар Алланың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады. Олар Алладан қорыққаннан тітірейді. (28) Олардан кім: "Алладан өзге мен де тәңірмін!,- десе, оны тозақпен жазаландырамыз. Залымдардың сазайын сөйтіп тарттырамыз. (29)
Періштелер туралы алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Құдай әлемнің істерін, соның ішінде адамдарды періштелер арқылы басқарғанымен, олар Алланың бұйрығына қарайды. Олар Құдайдың бұйрығымен қарсыласудан қорқады. Сол себепті Құдай олардың өткен және болашақ істерінен хабардар. Олар Алланың рұқсатынсыз ешкімді жұмаққа апара алмайды немесе тозақ отынан құтқара алмайды». Мүшріктердің «жаңбыр құдайы», «күн құдайы» және тағы басқа «құдайларды» періштелер деп санауы олардың жалған ақидаларына жатады. Аяттардың жалғасы мұндай жалған ақиданы жоққа шығарып: «Егер періштелердің бірі мұндай уәж айтса қатты жазаланады. Сендер қалайша мұндай нәрсені олармен байланыстырасыңдар?» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Пайғамбарлар ғана емес, сондай-ақ періштелер де шапағат тілеушілер. Шапағат жасау құқығына Құдай олардың діні мен ақидасына риза адамдар ғана ие болады.2.Діни мәдениетте кез-келген жалған ақида туралы уәж айтып, соны қабылдау зұлымдық саналады. Бұл өзіне, Құдайға және адамдарға жетекшілік ету үшін көптеген машақаттарға төзген пайғамбарларға жасалған зұлымдық саналады.