Жел 12, 2016 19:33 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 553-ші бөлім, 21-24 аяттар

«Әнбия» сүресінің 21-22 аяттары:

" اَمِ اتَّخَذُوا آلِهَةً مِّنَ الْأَرْضِ هُمْ یُنشِرُونَ " ، " لَوْ کانَ فیهِما آلِهَةٌ إِلَّا اللَّهُ لَفَسَدَتا فَسُبْحانَ اللهِ رَبِّ الْعَرْشِ عَمّا یَصِفُونَ " 

Олардың жерден жасап алған тәңірлері солар, өліктерді тірілте ме? (21) Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғаршының Раббы Алла олардың жасанды сипаттарынан пәк. (22)

Алдыңғы аяттарда бұл әлемнің нақты бағдарлама мен мақсат негізі бойынша жаратылғаны және кез-келген құр бостық пен кездейсоқтық пен жоспарсыздықтан алыс екендігі айтылды. Осы аяттар Пәруәрдігердің жалғыздығының дәлелі болып табылатын жаратылыс жүйесінің біртұтастығын қуаттап, былай дейді: «Құдайды өздерінің Жаратушысы деп қабылдайтын мүшріктер тас пен ағаштан жасалған пұттарды іздеп, соларға барып, жерлік осы «құдайларға» ғибадат етеді? Олар бір Құдай сынды жарату құдіретіне ие ме?». Аяттардың жалғасы былай дейді: «Егер Алладан басқа «құдайлар» бар болғанда жаратылыс жүйесі бұзылып, осы жаратылыстар ұлылықпен көрінетін таңғажайып үндестік болмаған болар еді. Оның себебі де анық. Себебі, екі адам қаншалықты пікірлес және бірдей талғамға ие болғандарымен бәрібір екі адам. Олардың арасында айырмашылықтар болады. Егер олардың барлық нәрсесі бір болғанда екі адам емес, бір адам болған болар еді».  Осы аяттар әрбір нәрсе мен әрбір істің Раббысы бар деп санаған адамдарға берген жауапта былай дейді: «Бір Құдай – ғаршының Раббысы. Яғни, барлық жаратылыстың Пәруәрдігері сол Алла, Одан басқа әлем істерінің басшылығында ешкім роль атқармайды». Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Жаратылыс істерін басқарудағы үйлесімділік Пәруәрдігердің таухиді мен жалғыздығының белгісі.2.    Егер әлемде екі немесе бірнеше басшы болғанда оның әрқайсысының өзінің қажеттілігі болған болар еді. Оның әрқайсысы бір-бірінің ісін жойып, залалсыздандырып, нәтижесінде әлемнің астаң-кестеңі шығар еді.

«Әнбия» сүресінің 23 аяты:

" لَایُسْئَلُ عَمَا یَفْعَلُ وَ هُمْ یُسْئَلُونَ " 

Ол, істегендерінен сұралмайды да олар сұралады. (23)

Алдыңғы аятта Құдайдың жалғыздығын дәлелдеген соң осы аят былай дейді: «Ол жаратылысты жаратып, хикмет негізі бойынша оны жүйеге салып, басқаратындығы сондай онда ешқандай кемшілік пен қателік және күмән жоқ. Еш адам Оның ісінен кемшілік таба алдмайды. Немесе оған күдік тудыра алмайды. Ал басқалар ешқашан ондай емес, олардың істерінде кемшілік пен сауал өте көп».  Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Құдайдың істері ғылым мен хикмет арқылы жасалады. Онда ешқандай кемшілік пен ақау жоқ. Сол себепті сауал тудырмайды.2.    Адам өзінің істеріне жауапты.  Ол қиямет күні соларға жауап беруі керек. 

«Әнбия» сүресінің 24 аяты:

" أَمِ اتَّخَذُوا مِن دُونِهِ آلِهَةً قُلْ هاتُوا بُرْهَانَکُمْ هذا ذِکْرُ مَن مَّعِیَ وَ ذِکْرُ مَن قَبْلی بَلْ أَکْثَرُهُمْ لایَعْلَمُونَ الْحَقَّ فَهُم مُّعْرِضُونَ " 

Немесе олар, Алладан өзге тәңірлер жасап алды ма? (Мұхаммед Ғ.С.): Дәлелдеріңді келтіріңдер. Міне менімен бірге болғандардың Кітабы және менен бурынгылардың Кітабы" де. Олай емес, олардың көбі шындықты білмейді. Сондықтан олар жалтарады. (24)

Құдайдың таухиді мен бірлігін баяндаған аяттардан соң осы аят былай дейді: «Біз өзіміздің дәлелдерімізді айттық. Сендер, мүшріктер де егер өздеріңнің пікірлерің үшін дәлелдерің мен құжаттарың болса біз де білуіміз үшін көрсетіңдер». Олардың шерктері туралы ақылға қонымды және қисынды дәлелдерінің жоқ екендігі белгілі. Негізінен, егер өздерінің әкелеріне көзжұмбайлықпен еліктеудің орнына ойланғанда хақты таныған болар еді. Соншалықты бұрмалаушылық пен ырымшылдыққа салынбаған болар еді. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Таухид туралы ақида мұсылмандардың ғана сөзі емес. Сондай-ақ барлық діндер мен алдыыңғы пайғамбарлардың барлығы осы ақиданы ұстанып, мүшріктермен осылайша сөйлесіп, олардан дәлел сұраған болатын». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пайғамбарлардың мүшріктер мен кәпірлермен жасаған қатынастары дәлелді қатынас болды. Олардан дәлел мен айғақ келтіруді сұрады. 2.Таухидті растау үшін көптеген дәлел бар. Бірақ шерк ешқандай ақылға қонымды қисынды қолдауға ие емес.3.Істің хақ және жалған болуы көпшілік пен азшылыққа байланысты емес, ақыл мен қисынға негізделеді. Азшылық хақты айтқан кезде көпшіліктің жолының жалғандығы жиі кездеседі.