Әнбия сүресі, 551-ші бөлім, 11-15 аяттар
Әнбия сүресі, 551-ші бөлім, 11-15 аяттар
«Әнбия» сүресінің 11-12 аяттары:
" وَکَمْ قَصَمْنا مِن قَرْیَةٍ کانَتْ ظالِمَةً وَأَنشَأْنا بَعْدَها قَوْمًا آخَرینَ " ، " فَلَمّا اَحَسُّوا بَاسَنا إِذا هُم مِّنْها یَرْکُضُونَ "
Халқы залым қаншама кентті талқандадық та одан кейін басқа ел жараттық. (11) Сонда олар азабымызды сезген сәтте, ол жерден қаша бастады. (12)
Алдыңғы бағдарламада Меккенің мүшріктерінің әртүрлі сылтаулар айтып, ислам пайғамбарымен қарсыласқандарын айттық. Осы аяттар оларға ескерту жасап, илаһи аяттарға күпіршілік жасап, пайғамбарларды теріске шығарып, олардың мазасын алып, қинацдың ең үлкен зұлымдық екенін айтады. Құлымдық пен әділетсіздік етек жайған әрбір қоғамның илаһи қаһарды күтуі керектігін айтады. Бұл зұлымдардың көздерін жойып, олардың орындарына басқаларды әкелетін илаһи тұрақты сүннет. Алайда үстемшіл зұлымдардың тәкәппар әрі қырсықтықтары соншалықты илаһи қаһар оларды қамтитындығына сенбейді. Олар азаптың белгілерін өз көздерімен көрген кезде қашпақ болады, бірақ ол кезде іс бітіп, құтқарылатын жол қалмайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Қоғамда зұлымдық пен әділетсіздіктің таралуы өлім мен құрдымға соқтырадлы. Бұл илаһи тұрақты заң. 2.Құдай басқалар үшін сабақ болсын деп, залымдарды осы дүниеде жазалайды.
Әнбия» сүресінің 13 аяты:
" لَا تَرْکُضُوا وَارْجِعُوا إِلى ما أُتْرِفْتُمْ فیهِ وَمَساکِنِکُمْ لَعَلَّکُمْ تُسْئَلُونَ "
Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдар. Мүмкін сұраласыңдар" (деді.) (13)
Осы аят залымдарды айыптап, былай дейді: «Азап періштелері оларға: «Қайда қашып барасыңдар? Тым болмаса бақыт пен ләззат алу үшін дайындағана өздеріңнің үйлеріңе оралыңдар. Бәлкім, мұқтаж адам сендерге қол созып, сендерден бірнәрсе сұраған болар. Сендер де әрдайым жасайтынға қарсы оған бірнірсе берген боларсыңдар. Сөйтіп өздеріңнің жазадарыңы азайтқан боларсыңдар» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Алланың қаһарынан қашу мүмкін емес. Ондай болса өзіміздің әрекеттеріміз бен қылықтарымызды жөндеуді мақсат етейік. 2. Ләззатқа батып, сауық-сайран салудағы шектен шығушылық қоғамдағы мұқтаждардан хабарсыз болуға себеп болып, илаһи қаһардың түсуіне негіз әзірлейді.
«Әнбия» сүресінің 14-15 аяттары:
" قالُوا یا وَیْلَنا إِنّا کُنّا ظالِمینَ " ، " فَما زالَت تِّلْکَ دَعْویهُمْ حَتّى جَعَلْناهُمْ حَصیدًا خامِدینَ "
Олар: Өкінішке орай біз залым екеміз" деді. (14) Осы дауыстары біз оларды орылған шөп, сөнген отқа айналдырғанға дейін сенбеді. (15)
Азаптың белгілерімен көріп, залымдар бәлкім, оларды жазалауда бір жеңілдіктер жасалар деп, мойындай бастайды. Бірақ олардың сол кездегі мойындауларының құны жоқ. Себебі ықтияр ақылы емес, бейшара болып, кіріптарлыққа түскендендіктен солай етуге мәжбүр болғандықтан. Егер азапты көруден бұрын үстемшілдер қапылдық ұйқысынан оянып, өздерінің істегендеріне өкініп, соның түзетіп, орнын толтырмақ болса Құдай олардың тәубесін қабылдап, оларға орнын толытруға мұрсат береді. Бірақ илаһи қаһар түскен кезде білдірілетін өкініш қабылданбайды. Өзін Құдаймын деп уәж айтқан бүлікшіл перғауын суға батып бара жатқан кезде өкінішін білдірді. Бірақ сол кезде өкінгенінің ол үшін ешқандай пайдасы болған жоқ. Осы аяттардың негізі бойынша да «Ойбой, біз қателесіппіз!» деп өздерінің қателерін мойындап, оны әрдайым қайталағандарымен илаһи қаһар олардың тамырларына балта шауып, сөйлеуге рұқсат бермейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Зұлымдықтың соңы – енді оның пайдасы жоқ уақытта білдірілетін өкініш.2. Зұлымдық – үй мен отбасын жоятын бәле.