Жел 12, 2016 19:37 Asia/Almaty

Әнбия сүресі, 550-ші бөлім, 7-10 аяттар

«Әнбия» сүресінің 7-8 аяттары:

" وَما أَرْسَلْنا قَبْلَکَ إِلّا رِجالًا نُّوحی إِلَیْهِمْ فَسْئَلُواْ اَهْلَ الذِّکْرِ إِن کُنتُمْ لاتَعْلَمُونَ " ، " وَما جَعَلْناهُمْ جَسَدًا لّا یَأْکُلُونَ الطَّعامَ وَما کانُوا خالِدینَ " 

Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар. (7) Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес. (8)

Алдыңғы бағдарламада ислам пайғамбарының қарсыластары Меккенің мүшріктерінің әртүрлі нәрселерді сылтауратқанын айттық. Біреулер олар бар болғаны қарапайым ғана адама. Оның сөзінің әсері сиқрыдан басқа ештеңе емес десті. Енді біреулер: «Пайғамбардың уәхи деп әкелгені ол оны ақиқат деп жүрген бейберекет, шашыраңқы түс қана. Кейбір кездерде былай деп уәж айтысты: «Ол ақын. Сөздері Құдаймен өтірік байланыстырып жүргені ақындық қиялдары мен ойлары ғана. Соңында: «Егер Құдайдың елшісімін деп рас айтса, бұрынғы пайғамбарлар мұғжизалар әкелгендей ол да бізге мұғжиза әкелуі керек» десті. Осы сауалдардың кейбір жауаптары алдыңғы бағдарламада берілді. Осы аяттар солардың жалғасында былай дейді: «Тарих бойындағы барлық пайғамбарлар адамзат ұрпағынан болды. Құдай ешқашанда пайғамбарлық міндетке періштені жіберген емес. Егер қарсыластар мұны білмесе бұрынғы үмебттердің данышпандарынан сұрасын. Содан кейін бұдан былай сылтау айтпай, шіркін, адамның орнына адами қажеттіліктері жоқ және мәңгілік өмірге ие періште пайғамбарлыққа жіберілгенде ғой демесін». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адам Жаратушымен байланыс жасайтын және Оның уәхиін қабылдайтын қабілет пен мүмкіндікке ие. Әлбетте Құдай қалаған адам ғана. 2. Құран адамдарға даналар мен данышпандардан сұрауға кеңес береді. 3.Пайғамбарлардың материалды және адами қажеттіліктер тұрғысынан басқа адамдардан ешқандай айырмашылықтары жоқ. Олар да басқа адамдар сынды өледі. Олар да бұл дүниеде мәңгілік өмірге ие емес. 

«Әнбия» сүресінің 9 аяты: 

" ثُمَّ صَدَقْناهُمُ الْوَعْدَ فَأَنجَیْناهُمْ وَمَن نَّشاءُ وَأَهْلَکْنَا الْمُسْرِفینَ " 

Сонан кейін оларға етілген уәдемізді шынға шығарып, оларды және қалаған кісілерімізді құтқардық та шектен шығушыларды жоқ еттік. (9)

Осы аят мүміндерге сүйінші ретінде, қарсыластарға ескерту ретінде былай дейді: «Біз пайғамбарларға олардың дұшпандарының жоспарларын залалсыздандыруға және егер қырсықтықтан бас тартпай, шектен шығатын болса  олардың көздерін құртуға уәде берген болатынбыз.  Осы аяттан үйренетініміз:1.Құдай пайғамбарларына берген жеңіс уәдесі кесімді іс. Залымдардың жойылып, хақтың әрдайым тұрақты болғандығына тарих куә.2. Ысырапшылық тек материалды істерде ғана болмайды. Адам хаққа қарсы шықса онда оның өзінің өміріне зұлымдық жасап, ысырапшылдыққа салынғаны. 

«Әнбия» сүресінің 10 аяты:

" لَقَدْ اَنزَلْنا إِلَیْکُمْ کِتابًا فیهِ ذِکْرُکُمْ اَفَلا تَعْقِلُونَ " 

Сендерге ішінде өздеріңе үгіт болған бір Кітап жібердік. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (10)

Құранды пайғамбардың көрген түсі және қиялы деп атаған қарсыластардың жөнсіз сөздеріне қарсы осы аят былай дейді: «Құранның аяттары адамдардың ояну үшін мәйегі болып табылады. Олардың бақыты мен тыныштығы үшін қажет нәрсені еске салып, олардың өлімдеріне себеп болатын нәрселерді ескертеді. Бірақ сол ақыл-кеңестен өздерінің нәпсілік төмен тілектері мен қалауларының соңынан жүгіріп жүрген адамдар емес, ақылды адамдар ғана пайда табады. Қарсыластар Құран туралы ақылға қонымсыз уәждерге ие болғандарымен осы кітап аяттарында адамдардың барлығын ақылға келуге шақырып, былай дейді: «Құранның ағартушылық тәлімдерінен пайдалану үшін ақыл мен ой қажет». Осы аяттан үйренетініміз:1.    Құран – адамзат қоғамдарының дамуы мен оянуының факторы. Адамның өзі мен болмысының қорынан қапылдығы оған қауіп төндіретін ең үлкен қатер. Ал Құран адамды қапылдықтан шығарады. 2.Илаһи әмбиелер мен олардың құтқарушы тағылымдарын теріске шығару ақылсыздықтың белгісі. Себебі Құранның ағартушылық тағылымдары ақылмен үйлескен.