Таһа сүресі, 548-шы бөлім, 131-135 аяттар
Таһа сүресі, 548-шы бөлім, 131-135 аяттар
«Таһа» сүресінің 131 аяты:
" وَلا تَمُدَّنَّ عَیْنَیْکَ إِلَى ما مَتَّعْنَا بِهِ أَزْواجًا مِّنْهُمْ زَهْرَةَ الْحَیوةِ الدُّنیَا لِنَفْتِنَهُمْ فیهِ وَ رِزْقُ رَبِّکَ خَیْرٌ وَأَبْقَى "
Біз олардың кейбіреуіне сынау үшін берген дүние тіршілігінің ғана сәні түріндегі нәрселерге көзіңді сүзбе. Раббыңның несібесі хайырлы да тұрақты. (131)
Алдыңғы бағдарламада Құдайдың пайғамбарын қарсыластардың жөнсіз сөздері мен жаман қылықтарының алдында шыдамдылық танытуға шақырғанын айттық. Осы аят та пайғамбарға қаратып айтылғанымен, жалпы мұсылмандарға арналып айтылған: «Материалдық, дүниелік зат болып табылатын кәпірлердің мал-мүліктері мен байлықтары сендердің көздеріңді қызықтырудан абай болыңдар. Сол нәрселер Құдай сендерге берген үлкен нығмет имандарыңды құнсыз етуге себеп болып жүрмесін. Оның үстіне кәпірлерге бергеніміз тұрақты және мәңгілік емес. Тез қурап, түсіп қалатын көктемнің бүршіктері сынды». Маңызды жәйт, олардың барлығының сынақтың құралдары екендігі. Олар сол нығметтердің алдында жауап берулері керек». Осы аяттан үйренетініміз:1. Адам табиғи және ырықсыз түрде материалды дүниелерге бой ұрады. Бірақ басқа да инстинкті бой ұрушылықтар сынды бұл қалау да бақылауға алынып, ырзық пен жылтыраққа толы дүниеге алданбау керек. 2. Басқалардың қолынан көрген көрген нәрселер туралы емес, өзімізде бар нәрселер туралы ойланайық. 3. Дүниелік барлық нығметтер адамға сынақ үшін беріледі. Кімнің ықтиярында көбірек нығмет болса, сол көбірек сынаққа алынады. «Кімнің шатыры үлкен болса, соның қары көбірек» дегендей.
«Таһа» сүресінің 132 аяты:
" وَأْمُرْ أَهْلَکَ بِالصَّلوةِ وَاصْطَبِرْ عَلَیْها لا نَسْئَلُکَ رِزْقًا نَّحْنُ نَرْزُقُکَ وَالْعاقِبَةُ لِلتَّقْوى "
Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән. (132)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят дүниенің құны жоқ, тұрақсыз жылтырағына қызықпай, ақыреттің тұрақты нығметтерімен үйірлесу үшін тағы да пайғамбарға қаратып былай дейді: «Һәм өзің намаз оқуда тұрақты әрі табанды бол, һәм отбасыңа үнемі намаз оқуға кеңес бер». Шәксіз, мүміндер де пайғамбардан үлгі алып, осылай етіп, өздері мен отбасыларының намаз оқуына қырағылық танықтандары жөн. Аяттың жалғасы жастардың жиі қоятын төмендегі сауалдарына жауап береді. Кейбір жастар «Құдай бізд намаз оқуға бұйыратындай Оның біздің намазымызға қандай қажеттілігі бар?» деп сұрайды. Құдай былай дейді: «Сендердің намаз оқуарыңды айтпағанда, Менің сендердің өздеріңе де қажеттілігім жоқ. Маған сендер мұқтажсыңдар. Егер намаз оқыңдар десем, бұл дүниеге бауыр баспаңдар, күніне бірнеше рет ақыретті еске алыңдар деген мақсатта айтамын. Арғы дүниедегі өздеріңнің мәңгілік өмірлеріңді ойлап, өздеріңнің ақыреттерің үшін талпыныс жасаңдар». Осы аяттан үйренетініміз:1.Ер адам өзінің отбасы мен перзенттерін діни тәрбиелеуге жауапты. Оларды материалды тұрғыдан қамтамасыз ету жеткіліксіз. 2.Перзентті тәрбиелеудегі алғашқы кезең мектеп емес, отбасы ошағы. Біздің ғибадатымыздан Құдайға ешқандай пайда келмейді. Біздің ғибадаттарымыз бен табынушылығымыздың жемісі біздің өзімізге қайтып оралады. «Таһа» сүресінің 133 аяты:Олар: "Бұл Раббынан бір мүғжиза неге келтірмейді?",- деді. Оларға бұрынғы кітаптарда ашық дәлелдер келмеді ме? Бұрынғы Інжіл, Тәуратты және т.б. кітаптарды қамтыған Бұл Құран, осал бір мүғжиза ма? (133). Меккенің мүшріктері Құранды пайғамбардың мұғжизасы ретінде қабылдамады. Олар сылтау іздеп, пайғамбарға «Неліктен бұрынғы пайғамбарлар сынды мұғжизалар әкелмейсің?» деп айыптады Қарсыластар өздеріне мұғжизаларға да қырсығып, Мұса мен Иса сынды пайғамбарларға иман келтірмеген болатын. Мүшріктер өздері ұсынған нәрселерді пайғамбар орындайды деп күтті. Шынтуайтында, пайғамбар мұғжизаны адамдардың емес, Құдайдың қалауымен жасайды. Егер олай болғанда иман келтіру үшін әркім көңілдері нені қаласа соны айтқан болар еді. Бұл бейберекетсіздік пен істердің шым-шытырық болуына себеп болады. Құдай оларға жауап беріп: «Бұлар неліктен мұғжиза талап етіп, сылтау іздейді? Бұрынғы аспандық кітаптардың ақиқаттарын қамтуы оның үлкен басымдылығы болып табылатын мына Құран оларға жеткілікті емес пе?» дейді. Осы аяттан үйренетініміз: 1.Қырсық және тәкәппар адамдар анық дәлелдерді шетке ығыстырып, қырсықтықтарына байланысты басқа дәлелдерді талап етеді.2. Шындығында, Құран ба, Мұсаның таяғы ма, мұғжизаның түрі маңызды емес. Адамның хақты қабылдау рухы болмаса, ештеңені де қабылдамайды.
«Таһа» сүресінің 134-135 аяттары:
" وَلَوْ أَنّا أَهْلَکْناهُم بِعَذابٍ مِّن قَبْلِهِ لَقالُوا رَبَّنَا لَوْلا أَرْسَلْتَ إِلَیْنا رَسُولًا فَنَتَّبِعَ آیاتِکَ مِن قَبْلِ أَن نَّذِلَّ وَ نَخْزى " ، " قُلْ کُلٌّ مُّتَرَبِّصٌ فَتَرَبَّصُوا فَسَتَعْلَمُونَ مَنْ أَصْحابُ الصِّراطِ السَّوِیِّ وَمَنِ اهْتَدَى "
Егер Құранды түсіріп, пайғамбар келуден бұрын оларды азаппен өлтірген болсақ былай дер еді: «Пәруәрдігер! бізге бір елші жіберген болсаң, қор және сорлы болудан бұрын аяттарыңа көнер едік" дер еді. (134) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Бәріміз де соңын күтеміз. Ал сендер де күтіңдер. Таяуда кімнің тура жолға ие екендігін, кімнің тура жол тапқандығын білесіңдер" де. (135)
Осы аяттар мүшріктердің сылтау іздеушіліктерін тағы да баяндап, былай дейді: «Егер Құдай кәпірлерді істері үшін осы дүниеде оларға азап түсіріп, өлтіретін болса, олар кешірім сұрап, сылтау айтып, «Неліктен бізге пайғамбарыңды жібермедің? Бәлкім, біз тура жолға нұсқалар ме едік. Сенің аяттарыңа көнер ме едік» дер еді. Пәруәрдігер олардың иман келтірудің ойларында жоқ екендігін біледі. Сол себепті пайғамбарды Құранмен оларға жіберген кезде күн сайын сөйлеп, хақтан қашу үшін жаңа сылтаулар ойлап табады. Сол кезде Құдай пайғамбарды қырсық, сылтау іздегіш кәпірлерге былай деп айтуға міндеттеді: «Біз де, сіздер де, барлығымыз күтудеміз. Біз «хақ дін күпіршіл заңдарды жеңеді» деген Құдайдың бізге берген уәдесі келетін күнді күтудеміз. Ал сендер болсаңдар бізге қиындықтар мен тауқімет келеді деп күтудесіңдер». Аяттардың жалғасы былай дейді: «Жақында біз қайсымыздың, сіздердің бе, біздің бе дұрыс жолды, адамды мақсатына жеткізетін тура жолды өткенін түсінетін боламыз». Бәлкім, бұл сөйлем мұсылмандардың мүшріктерді жеңетіндігін алдын ала айтқан Құранның ғайыптан берген хабары болар. Оның өзі пайғамбар мен мұсылмандар дұшпан тарапынан ең қатаң қысымдарға ұшыраған кезде айтылды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адамдар өздерінің хабарсыздықтары мен білместіктіктерін сылтау етпеу үшін пайғамбарлар Алланың дәлелін аяқтау үшін жіберіледі. Мұнымен қоса, заң жарияланбайынша жазалау әділ болмайды. 2. Ислам – бірқалыптылықтың мектебі. Ислам мұсылмандарды тура жолға нұсқайды.